Зерттеудің өзектілігі. Тәуелсіздік алғанға дейінгі діни дамуы кеңестік дәуір идеологиясы үстемдік етуімен тығыз байланысты екені баршаға аян. Бұл кезең жас ұрпаққа коммунистік негіздегі біржақты атеистік тәрбие берумен ерекшеленеді. Ұзақ жылдарға сан ғасырлар бойғы қалыптасқан тәрбие негіздерінен айырды. Халықтың рухани санасы азғындап ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан адамгершілік, имандылық, ізгілік қасиеттерге түп негіз болған ділі мен дінінен ажырады. Басқаша айтқанда, өзіндік имандылық келбетінен қол үзді. Осының салдарынан рухани тұлға мұрасын оқытуда да осындай келеңсіздіктерге жол берілді. Тәуелсіздікті нығайтуда, жас ұрпақты осы айтылған ұлттық биік рухта тәрбиелеу, оның бойында бұрынғы кеңестік дәуірде жоғалтқан имандылық қалпын қайта жаңғыртудың маңызы зор. Осы орайда, Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтқанда, “... жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен, болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпақты” дер кезінде ең қымбат адами, дүнияуи көзқарастар негізінде адамгершілік, имандылық ізгі қасиеттерге баулу қажет /1/.....
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпанда халыққа жолдаған жолдауындағы 3.6 бөлімінде былай деп айтқан болатын: «Биылғы жылдан бастап біз әлеуметтік қамсыздандырудың идеологиясы барынша қарапайым үш деңгейлік жүйесін қалыптасырудағы бағытталған әлеуметтік реформаларды тереңдетудің үш жылдық бағдарламасын іске асыруды қолға аламыз. Біріншіден, бұл мемлекет кепілдік беретін негізгі әлеуметтік төлемдер. Екіншіден, бұл міндетті әлеуметтік сақтандыру ақыр аяғында бұл кейіннен әлеуметтік төлемдерге айналатын азаматтардың ерікті жинақтаулары. Міне, осындай үш бастау азаматтарымыздың қарттық кезеңін лайығымен қамсыздандыруға тиісті жағдай туғызады». Қарттарды әлеуметтік қолдау мен қорғауға, олардың экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мен Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидалары мен нормаларында кепілдік берілген. ....
Диплом жұмысының өзектілігі. Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Дс Солозано осы ғылым туралы "Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес»- деген болса, оның әріптесі Р.А. Фаулки "Есеп — бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы" - деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында "Есептей алмаған, басқара алмайды" — деген сөздің бекер айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. ....
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық УниверситетіТарих факультетіАрхеология және этнология кафедрасыДИПЛОМ ЖҰМЫСЫҚР Орталық Мемлекеттік музей қорындағы мөрлер коллекциясы Алматы - 2013МАЗМҰНЫКІРІСПЕ 1. Сфрагистика ғылымының дамуы Сфрагистиканың ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы ..................8-16 Қа...
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы егемендікке ие болып, өз тәуелсіздігін жариялағаннан бастап оның мемлекеттік саясатында халық денсаулығы басты назарда болып келеді. Қазіргі таңдағы ерекше бір қуантатын мәселе: жастардың бойына білім мен озық тәрбиені берумен қатар, салауатты өмір салтын бойларына сіңіру болып табылады. Жүсіп Баласағұн: «Болса тәртіп, бала өседі сомдалып Қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып»,- дейді. Сонда баланың денесі сымбатты шынықан болатын болса, ол әрі тәртіпті де, өнегелі ел азаматы болады деген сөз. Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияланудырудың жаңа кезеңіне қадам басып келеді. Міне, осы қиын да, жауапты міндетті атқару үшін, бәсекеге қабілетті елдер санатына ену үшін, елдің әрбір азаматы (ол жас, не кәрі болсын) дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын болса ғана, нұр үстіне нұр жауар еді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған» делінген. ....
Кіріспе Жұмыстың өзектілігі. ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік - экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Сол себепті қазақ тіл білімі саласында жаңа терминдер еніп, қалыптасуда. Соңғы он жыл көлемінде ғана парцелляция құбылысы зерттеле бастады. Жас зерттеуші филологтардың ғылыми жұмыстарының тың тақырыптарына айналып сөз болып жүр. Алайда, бөлшектеуге көнетін грамматикалық құрылымдар бөлшектелген компоненттердің өзара байланысы, негізгі сөйлемнің шекарасынан тысқары бөлшектеліп шығарылған парцелляттың, яғни қосалқының грамматикалық, стилистикалық және коммуникативтік қызметі әлі анықталып ашылмаған. Р.Сыздықтың «Бұл құбылыс туралы үзілді-кесілді тұжырымдар айту үшін, оны мол материал жинап ғылыми тұрғыдан зертеу керек»- деуі де бұл мәселенің өзектілігін, маңыздылығын дәлелдейді. Жұмыстың нысаны. Диплом жұмысы көркем мәтін тіліндегі парцелляция құбылысының өзіндік ерекшелігін, стильдік және тілдік сипатын, парцелляцияның түрлері және оларды топтастыру проблемасын қарастыруға арналған. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты көркем мәтін тіліндегі парцелляция құбылысын әдеби тілдің жеке бір тармағы ретінде қарай отырып, оның өзіндік тілдік, стильдік, типтік үлгілік табиғатын ашу. Жұмыста осы көрсетілген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді. - парцелляция, оның сильдік қызметі жөнінде түсінік бере отырып өзіндік сипаттамасын, ерекшелігін айқындау. - тіліміздегі парцелляция құбылысын сөз ете отырып, оған қойылатын талаптар мен шарттарды айқындау. - қазіргі парцелляция құбылысында орын алып жүрген кейбір олқылықтар мен кемшілік мәселелерге тоқталып өз көзқарасымызды таныту. Жұмыстың дерек көздері. Аталған мақсат пен міндеттерге жетуде А.Байтұрсынов, М.Балақаев, С.Сауранбаев, Р.Сыздықова, т.б. ғалымдардың әдеби тіл, оның стильдік тармақтары жөніндегі теориялық еңбектерін; орыс тілінің синтаксисін зерттеушілер Ф.И.Буслаевтан бастап Пешковский, Белашапкова еңбектерін және оқытушы ұстаздардың теориялық және практикалық еңбектері мен ой-тұжырымдарын, ұсыныстарын қолданып, басты назарға алынды. Осылармен қоса мектеп оқулықтарындағы, баспасөз беттеріндегі үлгілер талдау материалы ретінде пайдаланылды. Жұмыстың әдістері мен тәсілдері. Зерттеудің мақсаты мен міндетіне қарай әртүрлі әдістер қолданылды. Олар: сипаттау, талдау, жинақтау, топтау, салыстырудың құрылымдық-типологиялық әдістері. Тілдік фактілерді талдау, мәтіндік бақылау және салыстыру әдістері арқылы жүргізілді. Дипломдық жұмыстың жаңалығы. Тіл – тарихи құбылыс. Белгілі бір тарихи кезең үшін өз терминдері қалыптасады. Міне, бұрын А.Байтұрсынов «іргелес сөйлем» деп атаған ұғым қазір басқа қырынан зерттеліп «парцелляция» күрделі синтаксистік тұтастық деген ұғымдар туып, тілдік термин ретінде орнықты. Жалпы тіл біліміне «парцелляция» термині француз тіліндегі «parceller» сөзінен енген. Бұл ұғым қазақша ұсақ бөлшектерге бөлу дегенді білдіреді. Сондықтан да бөлшектелген сөйлем деп алғанды жөн көрдік. - бөлшектелген сөйлем әдеби тілге ауызекі сөйлеу тілінің әсерімен енген құбылыс. - бөлшектеу барысында негізгі сөйлем мен қосалқы арасындағы байланыс үзілмейді; толымды және толымсыз құрылым бірігіп, қосалқылардың санына қарай екі немес бірнеше фазаларда жеткізілетін біртұтас-айтылыс түзеді. - сөйлемнің бөлшектелуінің алғы шарты – жай сөйлем мүшелері, құрмалас сөйлем бөліктері арасындағы синтаксистік жағынан ғана емес, ішкі –семантикалық жағынан да тым күрделілігі, шұбаланқылығы. - парцеллят сөз тіркестері, жай сөйлемдер (сөйлем мүшелері) құрмалас сөйлем компоненттері түрінде келеді. Жұмыстың практикалық маңызы. Диплом жұмысында талдауға түскен мәселелер, ол бойынша сараланған нәтижелер орта мектепте қазақ тілі пәнінен сабақ беру барысында кеңірек мәлімет беру, меңгертуде мұғалімдерге пайдалы болмақ. Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. 1. Парцелляция – қазақ әдеби тілінің бір бөлшегі. Оның өзіндік тарихы, даму жолы, қалыптасу кезеңдері бар. 2. Парцелляция өзіндік қалыптасқан сөз, термин, синтаксистік құрылымы бар біртұтас жүйе. Оны қалыптастыру, орнықтыру – тіліміздің кемелденіп дамуының кепілі. 3. Парцелляция – жазу, дағдылану арқылы жүзеге асырылады. Жұмыстың құрылысы. Диплом жұмысы кіріспе, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.....
КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ әдебиеттану ғылымы жыл сайын өсіп, өркендеп келеді. Әдебиеттану ғылымының да ауқымы кеңейіп, сан-салалы болып дамып келе жатқаны қуантады. Жиырмасыншы ғасырдың орта шенінде-ақ әдебиеттану ғылымының көрнекті бір саласы болып қалыптаса бастаған абайтану ғылымының да өзіндік ерекшелігі, алар орны ерекше деп айтуға болады. Сол себепті өзіміздің зерттеу жұмысымызда осы мәселені жан-жақты қарап, зерттеудің ерекшелігіне назар аудардық. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұлы Абай ақын, дана, ойшыл, кемеңгер ретінде әбден мойындалған құбылыс. Ал ұлы Абайды тану, жазу, зерттеу процесі ақынның көзі тірісінде-ақ басталған болатын және бұл процесс жүз жылдан бастам уақыт өтсе де ешбір үздіксіз, үнемі дамып, жетілу үстінде. Ғасырға жуық уақыт ішінде кемел қалпына келіп, әбден мойындалған абайтану ғылымын зерттеу объектісі етіп, одан әрі дамыта түсу бүгінгі күннің өзекті, көкейкесті мәселелерінің бірі деп тануға болады. Күні кешегі зерттеулерді жан-жақты қарап, салыстырып, бүгінгі күннің тұрғысынан бастап баға беріп отырудың өзі өзекті мәселе болып табылады. Абайтану ғылымы мен абайтану тарихын салыстыра, қос-қабат алып зерттеу де біздің жұмысымыздың маңыздылығын арттыра түсері сөзсіз. Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Абайтану ғылымы өзіне ерекше назар аудартатын саланың бірі. Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылық жолын, әдеби мұраларының мәні мен маңызын тану, тағылым алу бүгінгі күннің көкейкесті мәселелері деуге болады. Сол себепті абайтану ғылымы да жалпы әдебиеттанудың бір көрнекті саласы болып дамып, өркендеп келеді. Міне, осы аталған жайттардың бәрін ескере келіп зерттеу жұмысымыздың алдына бірнеше мақсат пен міндеттер қойдық. - Абайтану ғылымының өзіне тән ерекшелігін, өміршеңдігін және келешегінің де мол екенін таныту; - Абайтанушы ғалымдардың шығармашылығына талдаулар жасау, салыстырулар жүргізу көзделді; - Сонымен қатар абайтанудың тарихын да тереңнен қозғап, жан-жақты сөз ету көзделді; - Абайтану тарихында із қалдырған тұлғалардың еңбектеріне бүгінгі күн тұрғысынан баға беруді жүзеге асыру; - Абайтанудың ғылыми бағыт ретінде қалыптасып, дамып, жетіліп отырғанын дәлелдеу, саралау мәселелері жайында мақсат пен міндеттер көзделді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану ғылымының қалыптасу жолдары, абайтану тарихының тың дерек көздерінің бәрі сарапқа салынып, ой елегінен өткізілді. Абай мұрасын таныту, баға беру, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында жазылғандардың бәрінің бір арнаға түсіп, абайтану ғылымына айналу процесін көрсету жүзеге асырылды. Абайтану ғылымының қалыптасуы мен тарихының сан-салалы жолдары көрсетілді, сонымен қатар кешегі мен бүгінгі тарихы салыстырыла отырып талдау объектісіне айналды. Зерттеудің дерек көздері. Зерттеу жұмысының мазмұнын ашу үшін көптеген әдеби мұралар пайдаланылды. Атап айтқанда «Абай» энциклопедиясы, «Абайтану тарихы», «Абай және қазіргі заман» т.б. алуан-алуан материалдар пайдаланылды. Қазақ әдебиетінің тарихы, сыны, теориясы жайында әркез зерттеулер жазған, теориялық еңбектер берген ғалымдар М.Әуезов, З.Ахметов, Қ.Мұхаметханұлы, С.Мұқанов, Р.Бердібай, С.Қирабаев т.б. ғалымдардың еңбектері дерек көзі ретінде кеңінен пайдаланылды. Одан басқа да еңбектер, баспасөз материалдары, оқулықтар, монографиялық дүниелер де назардан тыс қалмады. Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі. Дипломдық деңгейдегі зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі ретінде әдебиеттану ғылымдарының жетістіктері, кешенді, салыстырмалы ғылыми әдістер алынды. Негізінен, отандық әдебиеттану ғылымының тұжырымдары, байыптаулары, әдебиеттану ғылымының өзіндік ерекшеліктерін қарастырған ғылыми еңбектер жұмысымыздың негізгі методологиялық әрі теориялық негізі болды. М.Әуезов, М.Мырзахметов, З.Ахметов, Қ.Мұхаметханов, С.Мұқанов, Р.Бердібай, С.Қирабаев тағы басқа да көптеген ғалымдардың еңбектеріне, монографиялық кітаптарына, сондай ұжымдық ғылыми зерттеулерге назар аударылып, қажетті кезінде ретіне қарай пайдаланылды. Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының теориялық тұжырымдарын қазақ әдебиетінің тарихы, теориясы, XIX ғасыр әдебиетін оқыту барысындағы Абай Құнанбаев шығармашылығы және соңғы жылдардағы оқу бағдарламасына сәйкес «Абайтану» пәнін оқыту кезеңдерінде жан-жақты терең үлгіде пайдалануға болады. Бұл зерттеудің практикалық мәні де зор. Жоғарыда аталған арнаулы пәндерді сонымен қатар қазақ әдебиетінің арнаулы курсы мен арнаулы семинары пәндерін оқыту кезеңінде де зерттеу жұмысының құнды дерек көздерін арнайы пайдалануға, практикалық талдауларға қолдануға әбден болады. Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе қорытындадан бөлек екі тараудан тұрады, сонымен қатар жұмыс соңында әдебиеттер тізімі берілді.....
Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарының музейлеріМАЗМҰНЫКІРІСПЕ..................................................................................................................3 ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ МУЗЕЙЛЕРІ: ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МАҢЫЗЫ Жоғарғы оқу орындарының музейлерін ұй...
Кәсіпорын жұмысының жетістіктерінің өркендеуі кәсіпорында еңбек ететін жұмыскерлерге байланысты. Сондықтан қазіргі уақыттағы кәсіпорындарды басқару тұжырымдары көптеген басқару іс-әрекеттерінен персоналды басқаруды ерекше бөліп қарастырады. Әрбір кәсіпорындарда: персоналдардың санын анықтау, таңдау жүйесіндегі тиімділік, кадрларды жіктеу және оларды біліктілік талаптарына сай бөлу, өнеркәсіпті және жұмысшылардың өзін мүдделеріне қарай айналысатын жұмыстарымен қамтамасыз ету, жұмыскерлерді еңбегінің нәтижесі үшін марапаттау, жұмысшылардың қозғалысы, еңбек мотивация жүйесінде, жұмысшылардың жеке мәселесін қатерге алу, олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту және еңбек демалыстарымен қамтамасыз ету және т.б. қажеттіліктер туады. 60-80 жылдар аралығында адами факторлардың мүддесінің көтерілуіне байланысты кәсіпорындарда әлеуметтік жоспарлаудың тәжірибесі мен теориясын өңдеу мақсатында еңбек ұжымын басқару саласы қамтамасыз етті. Жоғарғы оқу орындарында (тәжірибе ретінде) “Еңбек ұжымын басқару” тақырыбында курстар кірістірілді және оқулықтар шығарылды. Кадрлармен жұмыс істеуде практика мен теориясын қарауда монография санының көбеюі пайда болды. ....