Димаш Құдайбергеннің Астанадағы концерті қашан өтетіні белгілі болды

Димаш Құдайбергеннің Астанадағы концерті қашан өтетіні белгілі болды

Астана тұрғындары Димаш Құдайбергеннің жеке концертін қашан тамашалай алатындығы белгілі болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Концерттің қай күні өтетіні Instagram-дағы dimash_arnau қауымдастығында жарияланды.

Әншінің продюсері және әкесі Қанат Айтбаев ұлының табынушыларына Димаш Құдайберген жеке "Арнау" концертін "Астана Аренада" 29 маусымда беретінін хабарлады.

Sputnik Қазақстанның хабарлауынша, концерт билеттері бағасы қолжетімді, 500 теңгеден басталады.

Еске сала кетсек, Димаш Құдайберген орысша әнге клип түсіру үшін Испанияға аттанған болатын.

Әнші қазіргі таңда америкалық The World's Best шоуында өнер көрсетуде.




Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу