Туған күнге құттықтаулар мен тілектер: Жақын адамыңды қалай құттықтауға болады? (суреттер)

Әкені, ананы, аға мен әпкені және іні мен қарындасты туған күнімен қалай құттықтауға болады? zharar.com назарларыңызға туған күнге арналған құттықтаулар ұсынады.

Құттықтау, тілектер
Толық

Бүлдіршінге, кішкентай балаларға жаңа жылдық тілектер, құттықтаулар

Жаңа жыл бүлдіршіндер үшін ерекше мереке. Олардың кіршіксіз көңілдері бұл күні ғажайыптың боларына сенеді. Періштелердің тілегі қашан да орындалады. Сондықтан, жаңа жыл есік қақпастан бұрын, балапаным, сенің амандығыңның тілекшісімін! Қасқырдың қайратын, арыстанның айбатын, жылқының сақтығын, бүркіттің қырағылығын тілеймін. Тау суындай таусылмас қайратқа да, сыр суындай сарқылмас жігерге де, гүлдей жайқалған ғұмыр мен самал желдей тербелген өмірге балам, сен лайықсың!

Құттықтау, тілектер
Толық

Туған күнге тілектер, құттықтаулар

Өмір бар жерде адамдар арасындағы қарым-қатынас толастамақ емес. Әр адамның өзіне жақын адмға деген айтар тілегі болады. Сол орайда әртүрлі мәтіндегі тілектер топтастырып, көпшілік қауымға ұсынылып отыр.

Құттықтау, тілектер
Толық

Туысқандар, туыс

Туыс бауыр ағайындар туысым оңды болсын мынау сенің жұмысың, баршаңызға ақ жол тілеймін қашанда ертеңгі күн не боларын кім білсін.

Құттықтау, тілектер
Толық

Жаңа жылға тілек пен құттықтау (сурет)

Бұл Жыл Сіздің жақсы тілектесіңіз болып, үлкен жетістіктерге жетелесін, барлық бастамаларыңызға табыс әкелсін.


Сізге және Сіздің ұжымыңызға зор денсаулық, шығармашылық табыстар, бақыт және бақ-береке тілеймін.
Сіз үшін ......... Жыл – барлық тілек пен үміттер орындалатын қуатты Жыл болсын.


Жаңа жыл баршаңызға бақытты болашаққа үміт, жаңа мүмкіндіктерге сенім ұялатып, жемісті бастамаларға жарқын келешек сыйлайды. Осы жаңа жыл күткенімізді ақтап, барлығымызға бейбітшілік, амандық және өркендік әкелсін.
Сізге және Сіздің жақындарыңызға мықты денсаулық, таусылмас қуат, шығармашылық табыстар мен сәттілік тілеуге рұқсат етіңіз.


Шаңырақтарыңызда ырыс-береке, мемлекетімізде бейбітшілік пен келісім болсын. Сіздерге шын ниетпен зор денсаулық, жарқын болашаққа сенімділік тілейміз. Үміттеріңіз бен тілектеріңіз орындалып, барлық бастауларыңыз сәтті нәтижелер берсін!


Алдағы Жыл тек игі жақсылықтарымен, ырыс-берекесімен, мол қуаныштарымен төрімізден орын алсын!

Құттықтау, тілектер
Толық

Мектеп бітірушілерге, түлектерге арналған тілектер топтамасы

Құрметті бүгінгі салтанатты кешке жиналған қадірлі ұстаздарымыз, ата - аналарымыз және менің қимас достарым! Міне, біз бүгін «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» ыстық ұямыз – мектебімізбен, бізді 11 жыл бойы оқытып, тәрбиелеген аяулы ұстаздарымызбен қоштасқалы тұрмыз. Енді біздің құлағымыз күмбірлеген күміс қоңыраудың үнін естімейді.
Құттықтау, тілектер
Толық