Ақ тілек

Ақ Неке – Хақ Алланың шапағаты,
Ақ Ниет – ақ адалдың Махаббаты.
Ақ тойың ақ арманның күлкісіндей,
Ақ жүрек аңқылдасын.....
Өлеңдер
Толық

Оралхан Бөкей (Қар қызы)

"Алтай өңіріне алпыс жылдан бері дәл осындай қалың қар жауғанын көрген жоқпыз", – деседі қариялар.

Расында да, бас көтертпей жауғаны соншама, есіктің алды, қораның маңындағы қарды тазалап үлгере алмайсың, Ауыл-үйдің арасына күреп жалғыз аяқ жол салудың өзі азабы мол жұмыс. Кейбір салақ кісілердің бел ағашы борсыған мал қамайтын қоралары сыр беріп алды – топ етіп төбесі ойылып түсіп жатыр. Күннің көзі жылт етіп ашыла қалса, аппақ қардың астында бүк түсіп, қаздың жұмыртқасыңдай томпайып-томпайып тілсіз жатқан үйлерді, сол үйлердің қар.....
Әңгімелер
Толық

Оралхан Бөкей (Апамның астауы)

Ол кезде мен бала едім, Апам жастау еді. Әке-шешеміз қиыр жайлап, шет қонып мал соңында жүретін де, айында-жылында ғана болмаса, бет-жүзін үнемі көре бермейтінбіз. Соғыстан кейінгі жылдарда есін жиып, езілген еңсесі көтеріле бастаған елдің берекелі де бейбіт тірлігі жар жағасында отырған жалғыз үй - әрине, бізге де ортақ. Қос бөлмелі шатырланбаған тоқал ағаш тамның маңайы қысы-жазы жыбырлаған, айғайлап-шулаған балалардың базарына.....
Әңгімелер
Толық

Мен өз елімде ғана бақыттымын!

Қазақстан - менің туған елім, менің сүйікті Отаным! «Отан — отбасынан басталады» деген халқымыз. Әрине, әр балаға Отаны болып өзінің отбасы, туған үйі саналады. Ал басқа әлем оған бөтен болып көрінеді ғой.

Екінші Отаным – ол менің туып-өскен қалам - Сәтбаев қаласы. Қазақтың ғұлама ғалымы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімімен аталатын қалам өте таза, көркейген, жайқалған ең көрікті қалалардың.....
Шығармалар
Толық

Шегенделген шекара – ұлттық қауіпсіздік кепілі

Елбасының бастамасымен қабылданған Қа­зақ­­станның 2030 жылға дейінгі даму стра­те­гиясында еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамт­а­масыз ету туралы үлкен саяси міндет қойылған болатын. Онда бұл міндеттің орындалуы мемлекеттік егемендікті сақтаудың, аумақтық тұтас­тықты және шекараның мызғымастығын қамта­масыз етудің кепілі ретінде атап көрсетілген. Міне, сондықтан да егемен 20 жыл ішінде еліміз қол жеткізген ұланғайыр табыстарының бірі ел аумағының....
Шығармалар
Толық

Жақсылық пен жамандық

Қазіргі инновациялық-ақпараттық заманда халқымыз үлкен жетістіктерге жетіп, көптеген белестерді бағындырып қарқынды дамуда. Бірақ бұл заманның адамдарының эгоистік көзқарасы жоғарылып, адами қасиеттердің азайып, көптеген қорқынышты қылмыстарға барып, жақсылық пен жамандықты ажырата алмайтындай жағдайға жетіп жатыр. Қазіргі таңда отбасылық проблемалар, ажырасулар, балалардың жетім қалуы жиі кездестіні, адамдардың бұған.....
Эсселер
Толық

Менің елім

«Менің ұлтым –қазақ,елім-Қазақстан»- деп мақтанышпен айта аламын. Себебі мен тәуелсіз елдің ұрпағымын.Біздің елбасымыз НұрсұлтанНазарбаев. Елбасы-ұлттың көшбасшысы, тірегі.Әлемге әйгілі Астанамыз бой көтерді.Астана қаласы күннен –күнге көркейіп келе жатыр.

Әр елдің тәуелсіздігін,ерекшелігін көрсететін белгілер – мемлекеттік рәміздер. Мен рәміздер туралы алғаш.....
Шығармалар
Толық

Қазақстандық патротизм

«Тегінде, адам баласы ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады» деген екен қазақ елінің ұлы ақыны А. Құнанбаев. Біз қадам басқан XXI ғасырдың азаматы қандай болуы керек? Біз бұл сұраққа ақылды, білімді, мәдениетті, Отансүйгіштік қасиеті жоғары, жаңаны тануға деген ұмтылысы зор болу керек деген жауап алған болар едік.
Қазақстандық патриотизм ұғымдары арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділігі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз.....
Шығармалар
Толық

Қазақ халқының салт-дәстүрлері

"Халық-қалың орман,әрі пана,әрі қорған", - деп Қ.Мырзалиев ағамыз жырлағандай, әр халықтың өзінің кәсібіне,сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын салт-дәстүрі болады.
Салт-дәстүр бірнеше түрге бөлінеді. Соның ішінде:
Құрсақ шашу,жарыс қазан,шілдехана,сүйінші,балаға ат қою,бесік тойы,атқа мінгізу,баланы қырқынан шығару,тұсау кесер тойы,сүндет той,тілашар,тоқым қағар.Бала дүниеге келмей тұрып анасының құрсағында жатқан.....
Шығармалар
Толық

Қазақстандағы экологиялық проблемалар

Қазақтар - тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық - "экология" деген сөзді естімей өскен ұрпақ. Бір кездерде бізді И. Мичуриннің "Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні жеңіп алуымыз керек",- деген ұранымен оқытты. Қаһарман халқымыз тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды. Ғылыми-техникалық революция болды. Көптеген.......
Рефераттар
Толық