Шегенделген шекара – ұлттық қауіпсіздік кепілі
Елбасының бастамасымен қабылданған Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы үлкен саяси міндет қойылған болатын. Онда бұл міндеттің орындалуы мемлекеттік егемендікті сақтаудың, аумақтық тұтастықты және шекараның мызғымастығын қамтамасыз етудің кепілі ретінде атап көрсетілген. Міне, сондықтан да егемен 20 жыл ішінде еліміз қол жеткізген ұланғайыр табыстарының бірі ел аумағының тұтастығын бекіткен әрі оны мызғымастай етіп шегендеген шекарасы болып табылады. Бүгінгі таңда бұл – бүкіл әлемге танылған, танылып қана қоймай, қалтқысыз мойындалған фактор. Сонымен қатар, бұл – ұлтымыздың тарихында бұрын-соңды болмаған, мемлекеттілігімізді айшықтайтын баға жетпес құндылық.
Егемендік алған сонау 1991 жылы бұрынғы Кеңес Одағы кезінде белгіленген шекараларымыз түгелдей ашық-шашық жатқан болатын. Сондықтан да тәуелсіздіктің бастапқы жылдарында Президент Назарбаев белгілеген сыртқы саясаттағы басымдықтардың ішінде, әсіресе, шекараларды межелеу, оларды халықаралық тұрғыдан заңдастырып алу ең кезек күттірмейтін мәселе болатын. Өзінің 1996 жылы халыққа арнаған Жолдауында тәуелсіздіктің алғашқы бес жылын қорытындылай келе, Елбасының: «Халықаралық ауқымда танылмайынша, әлемдік қоғамдастық тарапынан қауіпсіздік, аумақтық тұтастық пен шекаралардың мызғымайтынына кепілдік алмайынша, мемлекеттіліктің қалыптасуы, егемендік, экономикалық реформалар, әлеуметтік саланы дамыту туралы әңгіме қозғау құрғақ сөз болып қала береді», деуі соның дәлелі.
Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, біздің ел бұрынғы Кеңес Одағы тарап кеткен сәтте шекараларды ресімдеу үшін Қытай Халық Республикасымен, Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түркіменстанмен және Өзбекстан Республикасымен келіссөздерге белсене кірісіп кетті.
1991 жылға дейін Қытаймен байланысты келіссөздерді осы елмен шекаралас бұрынғы одақтас республикалар өкілдерінің қатысуымен құрылған кеңестік үкімет делегациясы жүргізіп келсе, 1992 жылдан бастап Қазақстан Республикасы өз делегациясын жасақтап, Қытаймен шекара мәселелері жөніндегі келіссөздерді егемен ел ретінде қолға алды. Екі елдің арасындағы шекараларды делимитациялау туралы келіссөздер 1992-1998 жылдары өтіп, демаркация 2002 жылы толығымен аяқталды.
Келіссөздерге бұрынғы Ресей империясы мен Қытай арасында XIX ғасырда жасалған сегіз шарт пен хаттамалар негіз болды. 1994-1999 жылдар арасында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында өткен келіссөздер нәтижесінде екі елдің мемлекеттік шекарасының өту сызығын және оның шекаралық белгілермен белгіленуін нақты анықтап, әрі егжей-тегжейлі сипаттап беретін халықаралық бес келісім жасалды.
Демаркациялық жұмыстарды алты жұмыс тобы 1992 жылдың шілдесінен бастап 2001 жылдың желтоқсанына дейін жүзеге асырып, 2002 жылы Пекинде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытайдың Сыртқы істер министрі Цзясюан екі ел үкіметтері арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының сызығын демаркациялау туралы Хаттамаға қол қойды.
Ия, бір қарағанда бұл нәтижеге оп-оңай қол жеткен сияқты болып көрінуі мүмкін. Ал шындап келгенде, бұл – нағыз ерлікке тұратын Елбасының сындарлы сыртқы саясатының жемісі екенінде күмән жоқ. Бұлайша түйіндеуге үлкен негіз бар. Мәселен, Қытайдың ішкі-сыртқы саясатын терең білетін, 1995-2001 жылдары Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және өкілетті елшісі, ал кейінгі он жылда Сенат депутаты болған белгілі саясаткер, танымал қоғам және мемлекет қайраткері, саясатшы ғалым Қуаныш Сұлтановтың: «Қазақтың жаңа дәуірі» («Елорда», 2010) атты сараптамалық туындысынан жоғарыда айтқан пікірлерге дәлел болатын соны мағлұматтарды кездестіреміз.
Мысалы, жүздеген жылдар бойы мойындалмай келген біздің территориялық тұтастығымызды Қытайдың мойындап, шекаралық келісімге қол қойғаны қатты таңқалдырады. Себебі, Қытаймен шекаралас 15 мемлекеттің ішінде Қазақстан Қытай үкіметінің келісімімен 100 пайыз шекара аумағын тиянақтап алған жалғыз мемлекет екенін аңғарасың. Сосын тарихта өзімен шекаралас елдердің ешқайсысымен шекаралық келісім жасауға Қытайдың ешқашан мүдделі болмағаны аталған еңбекте орнықты айтылған.
Ал басқа көршілес елдермен шекара мәселелері қалай реттелді деген сауалға келетін болсақ, ол туралы мына жайларды айтуға болады. 1991 жылғы 21 желтоқсандағы Алматы Декларациясы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі ынтымақтастық қағидаттарын сақтау туралы 1992 жылғы 14 ақпандағы декларация, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің егемендігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын сақтау туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі декларация, басқа да екіжақты құжаттар, одақтық және республикалық деңгейдегі Жоғарғы Кеңестердің заң актілері бұрынғы КСРО-ның әкімшілік-аумақтық шекарасын межелеуді тану қағидаттарын бекіткен жалпы сипаттағы құқықтық құжаттар назарға алынды. Осы құжаттарға сәйкес, тараптар бұрынғы одақтас республикалардың арасындағы әкімшілік-аумақтық межелеуді шекаралық келіссөздерде басты негіз етіп алды.
Бұрынғы одақтас республикалардың арасындағы әкімшілік шекаралардың бәріне ортақ кемшілік ретінде ондағы кейбір учаскелердегі іс жүзінде орныққан шекара сызықтары қолда бар құқықтық актілердің ережелеріне сәйкес келмейтіндігін айтуға болады. Мұндай жағдайларда тараптар ұлттық және экономикалық мүдделерді ескере отырып, өзара тиімді шешімдер қабылдады, аумақтарды теңдей бөлісті немесе алмасып отырды.
Қазақстан тарапының мемлекеттік шекараны делимитациялау бойынша жүргізген жұмыстары Үкіметтің Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түркіменстанмен және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі Қазақстан Республикасының үкіметтік комиссиясы туралы 1999 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысына сәйкес жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі комисссияның құрамына мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, облыстық, аудандық және ауылдық әкімдіктердің өкілдерін кіргізе отырып, тиісті үкіметтік делегацияларды жасақтап отырды. Сарапшы ретінде әртүрлі мекемелердің мамандары тартылды. Геодезистер, картографтар, жерге орналастырушылар мен гидролог мамандардан арнайы жұмыс топтары құрылды.
Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі келіссөздер 1999 жылдың қарашасынан 2001 жылдың желтоқсанына дейін жалғасып, мемлекет басшыларының 2001 жылғы 15 желтоқсанда Астанада Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қоюмен аяқталды.
Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау үдерісі 2000-2002 жылдар аралығында өтті. Бұл процесті екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең шекара сызығының 96 пайызын анықтап берген, 2001 жылғы 16 қарашада Астанада мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттік шекарасы туралы шартты дайындаумен шектелсе, екінші кезең ортақ шекара сызығын анықтауды толығымен аяқтаған, 2002 жылғы 9 қыркүйекте Астанада Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері қол қойған Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері туралы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы шартты әзірлеумен аяқталды.
Қазақстан мен Түркіменстанның мемлекеттік шекарасын делимитациялау және оны демаркациялау үдерісі туралы шартқа мемлекет басшылары 2001 жылғы 5 шілдеде Астанада қол қойды. Ортақ шекараны демаркациялауға бағытталған іс-шаралар 2003 жылы басталды, ал шекаралық белгілерді орнатуға тараптар 2005 жылы кірісті. Шекара сызығы 278 белгілермен тиянақталды.
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы келіссөздер 1999 жылдың қыркүйегінен 2005 жылдың қаңтарына дейін жалғасты. Қазақстан-Ресей Мемлекеттік шекарасы туралы шартқа екі ел Президенттері 2005 жылдың 18 қаңтарында Мәскеу қаласында қол қойды. Шарт 2006 жылғы 12 қаңтарда күшіне енді. Екі ел арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссия өз жұмысына 2007 жылғы шілде айында кірісті, ал 2009 жылдың мамыр айында тараптар ортақ шекараға белгілерін орнатуды бастады. Сөйтіп, Қазақстан-Ресей Мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қоюмен Қазақстан өзінің құрлықтағы күллі шекараларын құқықтық тұрғыдан ресімдеуді толық аяқтады.
Тарихқа көз жіберсек, еліміз егемендікке қол жеткізген 1991 жылы Елбасының алдында тез арада оңтайлы шешімін таппаса, ел болшағын тежейтін, күрмеуі қиын әрі кезек күттірмейтін мәселелер тұрған болатын. Солардың бірі Қазақстанға бұрынғы Кеңес Одағынан «мұра болып қалған» ядролық қарудың тағдыры еді. Көлемі мен күші жағынан бұл тажал қару сол кездегі Ұлыбритания, Франция және Қытай мемлекеттерінің жаппай қырып-жоятын қаруының жиынтық қорынан бірнеше есе асып түсетін. Сондықтан да жаңа ғана егемендігін алған Қазақстан секілді жас мемлекеттің қолында қалған ядролық қарудың мол арсеналы әлемдік геосаясаттың басында отырған алпауыттардың назарына бірден ілігіп, оларды да алаңдата бастаған. Оның үстіне әлгі қаруды сақтап қалу немесе одан мүлде бас тарту төңірегінде ел ішінде де бір-біріне кереғар қоғамдық пікірлер қалыптасты. Дәл осындай қысылтаяң кезеңде Елбасымыз өте қысқа мерзімде ядролық қарумен байланысты стратегиялық мемлекеттік саясатты айқындап берді.
Тажал қарудың пайдасы мен зиянын таразылай келе, Президент Назарбаев әлемдік қоғамдастықтың да, еліміздің де ортақ мүддесінен шығатын жалғыз шешімге табан тіреді. Бұл нағыз сарабдал шешім болатын. Оның дұрыстығын тарих толық дәлелдеді.
1991 жылғы 29 тамызда Президент Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі ең ірі ядролық қаруларды сынайтын Семейядролық полигонын жапты. Бұл тарихи шешім Қазақстанның ядролық қару саласындағы мемлекеттік стратегиялық саясатының іргетасын қалап қана қойған жоқ, сонымен бірге, бұл бүкіл әлемдегі ядролық сынақ алаңдарының жабылуына да бірден-бір түрткі болды.
1994 жылы Будапештте Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті өтіп жатқан кезде Қазақстанның қауіпсіздігіне кепіл беретін тарихи Меморандумға қол қойылды. Бұл әлемде бірінші болып ядролық қарулардан өз бетімен бас тартқан Қазақстанға тартылған үлкен сый еді. Меморандумға ең алдымен Америка Құрама Штаттары, Ресей және Ұлыбритания қол қойды. Бұл мемлекеттер өздеріне Қазақстанның егемендігін, аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуге кепілдік беретін міндеттеме алды. Кейінірек мұндай кепілдік біздің елге Франция мен Қытай мемлекеттерінің тарапынан да берілді. Сөйтіп, Елбасының сындарлы саясатының арқасында бұл күнде егемендігінің 20 жылдығын атап өтіп отырған Қазақ елі тарихи тұрғыдан өте қысқа мерзім ішінде шекарасын шын мәнінде шегендеп, ұлттық қауіпсіздігінің іргетасын бекітіп, тұрақты дамудың сара жолына түсті.

Әділ АХМЕТОВ, сенатор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Шегенделген шекара – ұлттық қауіпсіздік кепілі, шекара туралы шығарма, шекара туралы шыгарма казакша, шекара қызметі туралы реферат, мемлекеттік шекара күні шығарма, сочинение о границах на казахском языке, эссе о границах на казахском языке, шекара туралы эссе, шекара қызметі туралы эссе, Шегенделген, шекара, –, ұлттық, қауіпсіздік, кепілі, туралы, шығарма, шыгарма, казакша, қызметі, реферат, мемлекеттік, күні, сочинение, о, границах, на, казахском, языке, эссе