Математика | Балаларға сандық қатынастарды өзгеруін қадағалау

Баланың сандық ұғымы туралы білімін тереңдету және санай білу қабілетін жетілдіру осы кезеңдей ең жауапты міндет болып табылады. Ата-аналар балаға «қанша», «неше» - деген сұрақтарды қоюға болатын мүмкіншілікті орынды пайдалану тиіс. Мысалы: «Біздің үйдің бағында неше алма ағашы, неше өрік ағашы өсіп тұр», «Сенің бөлмеңде неше гүл өсіп тұр?», «Балам столға үш кесе, үш шанышқы әкел және сонша қасық әкеле қойшы. Қане қанша қасық әкелдің? Және т.б. сұрақтар мен тапсырмалар айтыңдар олардың санау қабілетін дамытады. Жақсы санау білу дағдыларын «Кім көп тосын алады?», т.б. ойындар арқылы шыңдай түсуге болады. Реттік сандар қатарын салыстыруға жаттығу баланың санның реттік қатарын (1,2,3) құрылуының негіздегі принципін түсінуге бағыттайды. Осыған орай «Бірлігі ортақ санды ата?» - ойынын ойнатуға болады.
Тәрбиеші балалардың көз өлшемінің дамуына көп көңіл бөлуі керек. Мысалы, оларға 4-5 заттың үнемі таңдай отырып, оған тең аз - көп үлгідей затты көзбен табу ұсынылады. Балалар өлшемі тең затты табуды үйренеді. Өлшемі енді көз өлшемдік әрекетке салыстыру заттарын қоюдан өту мақсатын аралық құрал ретінде пайдаланады. Балалар заттарды өлшей отырып, заттардың санына мән береді. Балалар өлшеу, есептеу барысында көптеген көрнекіліктерді қолданады (ленталар, шарфтар, қораптар, шаңғылар). Олардың санын анықтап, бір-бірінен үлкен-кіші, биік-аласа, ұзын-қысқа, тең т.б. екеніне көз жеткізеді. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Балалардың тыныс мүшелері

Тыныс жүйесі –ұрықта 3-ші апта мен 4 –ші аптаның басында пайда бола бастайды. Тыныс мүшелері алдыңғы ішектің каудальді үзігінің ішкі томпағы ретінде пайда болады. Ол алғашқы өңеш пен кеңірдектен тұрады. Жақын арада кеңірдек өңештен мезенхимальды қабық түрінде бөлектенеді, содан соң терең қырындағы сала пайда болады , тыныс және ас түтіктері бір- бірінен мүлдем бөлектеніп екіге айырылады. Аз уақыттан соң кеңірдектің эндодермасы кеңірдек пен бронхтың эпителиальды қабығына айналады.
Кеңірдек түтігі төменнен тез өсіп, екі эндодермальды бұтақша бере бастайды. Басты бронхтардың мезенхимада орналасқан негізі құралады. Даму барысында одан шеміршек, ткань жалғастырушы элементтер, тыныс жүйесінің тамырлары өсіп шығады.
Алғашқы бронх нүктелері тез бөліне бастайды да , 5-6 жетіде 2-ші қатарлы бронхтардың тарамдары , өкпенің үш бөлігі мен сол жақ өкпенің екі бөлігі пайда болатыны айқындалады. Ұрықтың іште дамуының барлық кезеңінде екі өкпенің бірдей өспейтіндігі, яғни оң өкпе сол өкпеден тезірек жетілетіндігі дәлелденген. Бұл мезгілде өкпенің беті бұдырлы болады, одан әрі бұдырлар бірігіп, өкпенің бөлік аралық салаларын айқындап, бөліктерге бөледі.
Кеңірдек пен бронх қабырғалары алғашқы кезде куб тәріздес клеткалардың бір қабатынан тұрады. Содан базальды мембрана мен эпителий пайда болады. Олар бірігіп цилиндрлі қабатқа айналады. Бронхтың алғашқы бұтақтары тез қуыстанып, қағанақ суына айналады.
3-ші ай бойына бронх «бұтағы» тез өсіп, жетіле бастайды, сегментті және субсегментті бронхтар пайда болады. 16-ші аптадан бастап респираторлы бронхиольдар қалыптаса бастайды.
Өкпеде строманың алғашқы белгілері білінеді: бронх бойы мен түбінде агрофильды талшықтар пайда болып, өкпенің клеткалық –синцитиальды стромасын құрай бастайды. Өкпеде 11-12 аптада паренхимада әртүрлі үшбұрышты кішкене аймақтар анық көрінеді. Оның дәл ортасында сегментті бронх және артерия , ал жанында өкпе веналары орналасады. ....
Рефераттар
Толық

Мектепке дейінгі оқыту | БАЛАБАҚШАЛАРДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.
Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. ....
Рефераттар
Толық

Мектепке дейінгі оқыту | Балабақшадағы психологиялық қызмет

Оқу мен тәрбие егіз. Тәрбиенің негізі ұлттық тәлім-тәрбие. Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына ендіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру, баланың қателіктер жасауға бой алдырмауға және де оған тәрбиелік тұрғыдан қарауды осы жұмыстың басты мақсаты деп білемін.
Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгін де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалып отыр. Балабақшалардың жүйесін сақтау мен дамыту мектепке дейінгі тәрбие микро саясатының басты басымдылығы. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің бағдарламаларының сабақтастығы мынандай:
1. Болашақ оқушының танымдық белсенділігінің негізі ретінде мектепке дейінгі баланың білуге деген құмарлығын дамыту.
2. Шығармашылық және басқа міндеттерді өз бетінше шешудің әдістері, қызметті нәр түрінде, оның ішінде оқу қызметінде табысты болуға мүмкіндік беретін құралдар ретінде бала қабілеттерін дамыту.
3. Баланың санаткерлік және жеке бастың даму бағыттары ретіндегі шығармашылық қиялын қалыптастыру.
4. Оқу қызметінің табыстылығының шарттарының бірі болып табылатын коммуникативтілікті дамыту.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылы 28 ақпанда шыққан Жолдауының І бөлімінде «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Үздік оқытушылардың жұмысын бағалау мен оларға сиақы төлеу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті. ....
Рефераттар
Толық

Психология | Бала құқығы конвенциясы

Өткен жылдар - Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту, оның қазіргі демократиялық, құқықтық республика ретіндегі белгілерін қабылдау уақыты болды. Қазіргі кезде демократиялық нысандарымыз қалыптасу үстінде. Республикамыздың заңдары заман талабына сәйкестендіріліп, жаңадан жаңғыртылып, қоғамымыздың демократиялық жаңғыру жолымен алға басуына мүмкіндіктер жасалды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабында көрсетілгендей мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы- халық. Азаматтарымыздың көгеріп, көркеюі- мемлекетіміздің басты мақсаты болып табылады
Адам құқығы мен бостандығы қатысты мәселелерді талдап қарайтын болсақ, мемлекетіміздің оған ерекше мән беріп келе жатқандығын байқаймыз. Оған аз уақыт ішінде еліміздің демократияға айқын бет бұрып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын конституциялық құрылыстың негізі етіп қалағаны, ішкі және сыртқы саясатты қалыптастырғаны дәлел.
Адамзат баласы ғасырлар бойы адам құқығы мәселесіне ерекше назар аударумен келеді. Талай-талай қақтығыстар, соғыстар, көтерілістер болғанда да әрбір жаңа ұрпақ адам құқықтарын қорғай отырып, адам құқықтары мен бостандықтарының субьектілерінің кең шеңберіне таралуына ұмтылыстар жасады.
Қоғамның ең басты негізі- жеке тұлғаның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін маңызды құқықтар мен бостандықтар. Қазақстан Республикасының құқықтық демократиялық мемлекет ретінде алдына қойған және 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциямызда бекітілген негізгі мақсаты- адам мүддесін мемлекет мүддесінен жоғары ұстап, оны қамтамасыз ету. Бұл бағытта мемлекетіміздің ең бір атқаратын қызметі- мемлекетте адам құқығын қорғау, оны толық жүзеге асырылуына кепілдік беру. ....
Рефераттар
Толық

Қаржы | Баға белгілеу және салық жүйесі

Мемлекеттік бюджет - жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп (бекітіліп) пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтьң материалдық әл - ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады.
Жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар, мемлекеттік бюджетті толыктырудың негізгі көзі болып табылады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігіне қосымша мынадай жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдар енгізілді:
Әлеуметтік салық:
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 17 сәуірдегі "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндатті төлемдер туралы" заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңына сәйкес әлеуметтік халықта бұған дейінгі жол салығы және әлеуметтік қамсыздандыру алымы бойынша салық алымдары мен төлемдерінің есептеу тәртібі қарастырылған.
Әлеуметтік салыктың ерекшелігі - оның салық салу объектісі еңбекақы төлеу қоры болып табылады. Әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады. Әлеуметтік салық салу объектісіне, яғни еңбекақы төлеу қорына табыстың барлық түрлері кіреді, оның ішінде: әртүрлі сыйақылар, жәрдемақылар, жеке әлеуметтік жеңілдіктер және тағы да басқадай төлемдер......
Рефераттар
Толық

Экономика | БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ҚҰҚЫҒЫ

Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның Конституциясына негізделген және ҚР Азаматтық кодекісінен, 2-шілде 2003 жылғы «құнды қағаздар нарығы туралы» Қ.Р заңынан және басқа ҚР нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер де Қазақстан Республикасы қол қойған келісімшарттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген болса, онда халықаралық келісімшарт ережелері қолданылады.
Қазақстанда Азаматтық құқықтағы бағалы қағаздарды толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету керек. Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын қайта құрып жетілдіру мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмылдырып экономиканың реалды секторына жұмсауды қажет етеді. Кіріс министрлігі мен Салық комитеті мамандарының пікірінше Қазақстан тұрғындарының қолында айналымға тартылмаған 2-3 млрд доллар нақты қаржы қорлары бар екен. Осы қорларды инвестицияға айналдыру үшін Қазақстандағы банкілердің мүмкіншілігін нығайтып, олардың салымшыларға беретін сақтандыру кепілдіктерін (гарантия) жоғары деңгейге көтеру қажеттілігі туындап отыр. Соңғы кездері Қазақстандағы ең ірі коммерциялық банктер келісімге келіп, банкаралық сақтандыру қаржы қорын құру саясатын іске асырмақшы. Қазақстанда тұрғындар өз қаржы-қаражатын негізінен Халық банкісінде сақтайтыны белгілі. Банк басқармасы тұрғындардың салымдарын сақтап, олардың тұрақты тұрде өсімін қамтамасыз ету мақсаттарында, Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар акцияларын сатып алу құқығын алуға ниет білдіріп, қажетті құжаттар дайындап оларды заңдастыруға күш салып отыр. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс

Дүниежүзiн қайта бөлiске салу жолында “Үштiк одақ” (Австро-Венгрия, Германия, Италия) пен Англия, Франция, Ресей коалициясы арасындағы саяси-экономикалық қайшылықтардан түындаған соғыс. ХIХ ғасырдың аяғына таман бұл мемлекеттер арасында өз ықпал аймағын кеңейту үшiн бәсеке күшейе түстi. 1879 жылы Германия Австро-Венгриямен соғыс одағын жасасты, бұған 1882 жылы Италия қосылып, “Үштiк одақ” құрды. Алайда, 1914 жылдан бейтарап саясат ұстанған Италия кейiн өзiнiң бұрынғы одақтастарына қарсы соғысты. “Үштiк одаққа” Осман империясы мен Болгария қосылды. Оған қарсы 1907 жылы Англия, Франция және Ресейдiң соғыс коалициясы – Антанта құрылды. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде Сербия, Бельгия, Жапония, Италия, Румыния, Португалия, АҚШ, Грекия, Қытай және Латын Америкасының бiрқатар елдерi Антанта елдерiмен одақтасты. Соғыстың басталуына 1914 жылдың 28 маусымында Сараевода Босния мен Герцеговинадағы австро-венгр әскерлерiнiң жаттығуларына келген австрия тағының мұрагерi эрцгерцог Франц-Фердинандтың өлтiрiлуi сылтау болды......
Рефераттар
Толық

Тәуелсіз елімнің Тұңғыш Президенті

Туған жер, қатар өскен құрбы, атамекен, Отанға деген махаббат,перзенттік парыз туралы сыр шертпейтін адам болар ма,сірә! Сондықтан бізде бұл тақырыптар өзгелерден гөрі көп айтылады және айтыла бермек.
Менің туған елім – Қазақстан. Даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлке. Республиканың өз алдына дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін алғанына биыл 23 жыл толғалы отыр . Осыны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезімі кернейді . өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Алыс-жақын елдерде соғыс болып жатқанда, біздің аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын. Сол бейбітшіліктің арқасында күліп - ойнап, еркін білім алып жүрген ерікті елдің қызының бірімін.......
Шығармалар
Толық

Мен – Қазақстанның патриотымын

Өз Отанының патриоты болу –
бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату.
Отаншылдық сезім– адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси-әлеуметтік құбылыс . Ол – ананың сүтімен бірге өзінен-өзі келмейтін, баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, бала бақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады.......
Шығармалар
Толық