Биология | Балалардың тыныс мүшелері

Биология | Балалардың тыныс мүшелері

Балалардың тыныс мүшелерінің жеке-жеке анатомиялық ерекшеліктері
Мұрын кішірек, үлкендерге және ересек балаларға қарағанда түрі өзгешелеу. Төменгі мұрын жолы болмайды, ол 4 жасқа таман пайда болады. Кілегей қабаты нәзік, қан тамырларына бай, сондықтан оның сәл қызаруы мұрын жолының бітелуі баланың емуі қиындап, ентігу пайда болуына әкеп соқтырады. Кілегей асты қабатының үңгірлі ткані нәрестелерде дұрыс жетілмеген, сондықтан оларда мұрыннан қан кету ирек кездеседі немесе мүлдем болмайды.

Қосымша қуыстар
Этмоидальды , гайморов , сфеноидальды қуыстар ұрықтың іште даму кезеңінде жетіле бастайды. Бірақ, бала дүниеге келгенде олардың тек ізі ғана білініп тұрады. Этмоидальды қуыс үш айдан бастап көрінеді де, 7-12 жасқа келгенде толық жетіледі. Мұрын маңы қуысы да , үш айдан бастап білініп, 7 жасқа келгенде толық жетіледі. Маңдай қуысы бала дүниеге келгенде тіптен жоқ болады, жәй жетіліп ,7- ші жылда ғана дамиды. Толық жетілу 15-20 жаста байқалады. Сфеноидальды қуыс ұрықтың даму кезеңінде пайда бола бастайды. Рентген сәулесі арқылы тек бала 7 жасқа келгенде ғана анықтауға болады. Ал 15 жаста толық жетіліп бітеді.
Жас мұрын каналы қысқа болады, оның сыртқы тесігі қабықтың бұрышына жақын орналасқан, қақпақтары дұрыс жетілмеген, сол себепті мұрыннан инфекция коньюктивальды қалтаға жеңіл тарайды.


Жұтқыншақ
Біршама жіңішке және тікелеу орналасқан. Вольдейер сақинасына 7 без кіреді. Жаңа туған нәрестеде әлсіз дамыған бадамша без тамақты қарағанда дұрыс көрінбейді, тек бала жастан асқанда ғана оны көруге болады. Бадамша бездеріндегі крипталар әлсіз дамыған . сондықтан 1 жасқа дейінгі балаларда баспа сирек кездеседі. Одан әрі лимфоидты ткань мен бадамша бездер шоғырланып қалыптан тыс біраз ұлғаяды. 4 жас пен 10 жас арасында ұлғаю шегіне жетеді, сондықтан олардың гипертрофиясы жеңіл пайда болады.
Пубертатты кезеңде бадамша бездер қайтадан кішірейе бастайды және жыныс мүшелерінің қалыптасуы тоқтағаннан кейін бадамша бездердің ұлғаюы өте сирек кездеседі.
Тамақ жоғарыдан жұмсақ таңдаймен , төменнен тілдің түбірімен және жан- жағынан алдыңғы және артқы таңдай иіндерімен шектелген. Жұмсақ таңдайдың ұзынша үскін түріндегі бос ұшы – тілшік деп аталады, ол ортаңғы сызық бойымен ілініп тұрады

Бадамша бездер

1. Тілдің түбіріндегі бадамша без .
2. Таңдай иіндері арасындағы таңдай бадамша бездері екі жақта бір –бірден болады.
3. Жұтқыншақ бадамша безі мұрын – жұтқыншақ күмбезінде орналасады.
4. Түтікше бадамша бездер – есту түтіктерінің мұрын жұтқыншақ тесігінде , екі жағынан бір – бірден орналасқан .
5. Көмей бадамша бездер көмей сағасы маңындағы алмұрт тәріздес үңгірінде , жалған дауыс желбезегінде және көмей қарыншаларында , жұтқыншақтың артқы қабырғасының екі жақ бүйір бөлігінде орналасқан . барлық лимфоидты тканьдардың шоғырлануы Вальдейердің тамақтағы лимфоидті сақинасы деп аталады.

Есту түтігі қысқа және жалпақ . ересек балалармен үлкендерге қарағанда жас нәрестелерде оның тесігі хоанаға , мұрын қуысына , жақын және одан төмен орналасқан . осы себепті мұрын жұтқыншақтағы инфекциялы сөлініс есту түтігіне жеп –жеңіл түседі де , жас нәрестелерде жиі кездесетін ортаңғы құлақтың қабынуының негізгі себебі болады

Көмей

Жас нәрестелерде оймыш тәрізді , кейін цилиндр тәріздес болады. Үлкендерге қарағанда біршама жоғары орналасқан , жаңа туған сәбиде оның төменгі ұшы -4-ші мойын омыртқасының тұсына сәйкес келеді. Көмейдің алдыңғы –артқы , көлденең қатты өсуі бір жаста және 14-16 жаста байқалады. Баланың көмейі үлкендердікінен ұзын . Шеміршегі нәзік ,тілшік 12-13 жасқа дейін жіңішкелеу болады. Оны жас нәрестелердің тамағын қарағанда оңай қөруге болады. Тілшік көмей сағасын толық жауып тұрмайды. 3 жастағы ер балаларда қалқанша пластинкаларының бұрыштары үшкірлі болады да , 7 жаста біраз білініп тұрады. Ал он жастағы ер баланың көмейі үлкендердікіне өте ұқсас болады. Көмейдің кілегей қабаты нәзік. Ол қан және лимфа тамырларына бай ,серпінді тканьі әлсіз жетілген.
7 жасқа дейін дауыс саңлауы енсіз , тар болып қалады .жас нәрестелердің шын дауыс желбезегі қысқа .12 жастан бастап қыз балаларға қарағанда ер балалардың дауыс желбезегі ұзара бастайды. Балалардың көмейінің ерекшеліктеріне байланысты оның қабынуы жиі кездесіп тұрады.

Кеңірдек

Жаңа туған баланың кеңірдегі оймыш тәріздес және енсіз тар болады. Шеміршегі жұмсақ болып келеді. Кілегей қабаты нәзік , қан тамырларына бай , кілегей бездері сөлдің жеткіліксіз бөлінуіне байланысты , неғұрлым құрғақтау келеді. Жарғақты бөлігінің етті қабаты жаңа туған нәрестеде өте жақсы жетілген, серпінді тканьді болып келеді. Кеңірдек орнына әлсіз бекітілген , шеміршегі жұмсақ , жеңіл болады.
Жаңа туған баланың кеңірдегінің ұзындығы 4 см , 14-15 жаста -7 см , ересек адамдарда 12 см . жоғары ұшы 4-ші мойын омыртқаның тұсында болса ,үлкендерде 7-ші де болады. Кеңірдек бифуркациясы жаңа туған балада 3-4-ші кеуде омыртқасының тұсында , 5 жаста 4-5 және 12 жаста 5-6-ші омыртқаға сәйкес келеді.

Бронхтар
Енсіз , жіңішке , шеміршектері жұмсақ .кілегей қаьаты қан тамырларына бай, аздап кілегеймен қапталған. Еті мен серпінді талшықтары әлсіз жетілген. Оң жақ бронх барынша тіек орналасқан және ол кеңірдектің жалғасы болып есептеледі: оң жақ бронх сол жақ бронхтан жалпақтау ,кеңірек келеді. Сондықтан , бөгде денелер көбіне оң бронхта тұрып қалады .сол бронх бұрыш жасап тіке бөлінеді. Жсқа байланысты бронхтар ұзарып ,қуысы кеңеце бастайды .Әсіресе 1-ші жылы бронхтар тез өседі де , сосын оның өсуі тежеліңкіреп қалады. Одан әрі жыныстық қалыптасу кезеңінде қайтадан тез жетіле бастайды. 12-13 жаста бронхтардың ұзындығы 2 есе ұзарады. Жасы өскен сайын бронхтың семуіне қарсылық ететін күште арта түседі.

Өкпе
Бала дүниеге келгенде оның өкпесінің салмағы 50грамм болады. 6 айда 2 есе ауырлайды, 1 жаста 3 есе , 12 жаста 10 есе , ал үлкен кісілерде 20 есе және одан да көп артады .Жас нәрестелердің өкпесі дәнекер тканьге бай ,серпінді тканьдері аз , әсіресе альвеольдар маңында , қан тамырларына бай ,капиллярлар мен лимфа тамырлары кең болады .Сондықтан балалардың өкпесінде қан іркілу ,ателектаз ,эмфиземалар тез пайда болып ,өкпе қабынуына ,уытты заттардың өкпе бетінен қан тамырларына тез сорылып ,тарауына өте қолайлы жағдайлар оңай туғызып отырады .Ересектерге қарағанда баланың өкпесінің тыныстық беті үлкен болып келеді .өкпе арқылы 1 минутта үлкендерге қарағанда қан көп мөлшерде өтеді .бала өмірге келерде ацинус , яғни өкпенің тыныстық бөлігі әлсіз дамыған .Ацинуста қан мен ауа аралығындағы тыныс алмасуы жүреді. Ол тыныстың негізгі функциясы болып есептеледі. Альвеолдар бала өмірге келгенге дейін 4-6 жетіде қалыптаса бастайды да , 1-ші жыл бойына көбейеді және 8 жасқа дейін көбеюін тоқтатпайды .8 жастан соң өкпенің үлкеюі альвеоланың көлемі есебінен жүреді. Бала жаңа туған кезде терминальды бронхтардың қуысы енсіз болады. 2 жаста 2 есе , 4 жаста 3 есе ,18 жаста 5 есе үлкейеді . ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру