Қаржы | Баға белгілеу және салық жүйесі

Қаржы | Баға белгілеу және салық жүйесі

Әлеуметтік салық:
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 17 сәуірдегі "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндатті төлемдер туралы" заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңына сәйкес әлеуметтік халықта бұған дейінгі жол салығы және әлеуметтік қамсыздандыру алымы бойынша салық алымдары мен төлемдерінің есептеу тәртібі қарастырылған.
Әлеуметтік салыктың ерекшелігі - оның салық салу объектісі еңбекақы төлеу қоры болып табылады. Әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады. Әлеуметтік салық салу объектісіне, яғни еңбекақы төлеу қорына табыстың барлық түрлері кіреді, оның ішінде: әртүрлі сыйақылар, жәрдемақылар, жеке әлеуметтік жеңілдіктер және тағы да басқадай төлемдер.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерде әлеуметтік салық ағымдағы айдың еңбекақы төлеу қорының заңда қаралған пайызы мөлшерінде есептелінеді де, келесі айдың 15-інен кешіктірілмей төленуі тиіс.

Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы
Салық жылында салық салынатын табыстары бар заңды тұлғалар табыс салығын төлеушілер болып табылады. Табыс салығын төлеушілерге Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесінен басқа заңды тұлғалар жатады. Олардың қатарына резедент емес заңды тұлғалар, олардың филиалдары және оқшауланған (дербестелінген) бөлімшелер кіреді.
Әрбір салық төлеуші салық салынатын табысты анықтау үшін, жылдық табыстың жинақталған сомасынан табыс табу мақсатында жұмсалған шығындар мен шеккен зияндарының сомасын шегереді.
Шаруашылық субъектісінің жылдық табысына, яғни жыл бойы кіріс еткен сомаларының жиынтығына сатылған немесе өткізілген өнімдер, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер және басқа да операциялар үшін сальқ төлеушінің алуға тиісті ақшалай немесе басқа да қаражаттары, сондай-ақ сатып алушыдан алуға тиісті сомалардың есебінен өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген немесе тікелей не болмаса жанама шығындарды өтеуте жіберілген қаржылар жатқызылады.
Салық салынатын табыстардың және одан шегерілетін шегерімдер мен жеңілдіктердің құрамы, сондай-ақ салынатын табыс салығының мөлшері салық кодексінде қаралады.
Салық төлеуші шаруашылық субъектісі тиісті салық органына «Заңды тұлғаның салық салынатын табысының декларациясын» ұсынуға тиі
Қосылған құнға салынатын салық
Қосылған құнға салынатын салық тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету және олардың айналасы барысында қосылған құн өсімінің бір бөлігін аудару, сондай-ақ осы елге тауарлар импорты кезіндегі аударым болып табылады. Бұл ретте салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт салық объектісі болып табылады. Қосылған құнға салынатын салық 633-"Қосылған құнға салынатын салық" шотында есептелінеді. Бұл пассивтік шот болғандықтан кредитіне салынған салық сомасы, ал дебетіне бюджетке аударылған және субъктінің жабдықтаушышарға тиісті түрде рәсімделген салық шоты бойынша төленген сомалары жазылады. Бюджетке төленуге тиісті қосылған құнға салынатын салық өткізілген өнім, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін есептелінген қосылған құнға салынатын салықтың сомасымен сатып алынған тауарлар, материалдар мен жабдықтаушылардың көрсеткен қызметі, орындаған жұмыстары үшін төленген (есептелінген) қосылған құнға салынатын салық сомаларының арасындағы айырма ретінде айқындалады. Қосылған құнға салынатын салық мөлшері Қазақстан Республикасының салық заңында белгіленеді.
Жеке тұлғалардан ұсталатын табыс салығы
Есепті жыл бойы салық салынатын табысқа ие болған жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады. Жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысына еңбекақы түрінде алынатын табыстар, кәсіпкерлік қызметтен алатын табыстары, жеке тұлғалардың мүліктік табыстары және тағы да басқа табыстары кіреді.
Жеке тұлғалардың мүліктік табысына тек қана активтің келесі түрлерінің құндарына инфляцияға байланысты түзетуді есепке ала отырып, өткізуден түскен құнның өсімі жатады: салық төлеушінің тұрақты тұратын жері болып табылмайтын, жылжымайтын мүлік, кұнды қағаздар, занды тұлғаларға және басқа материалдық емес активтерге қатысу үлесі; шетелдік валюта; асыл тастар және асыл металдар, олардан жасалған зергерлік бұйымдар, құрамында асыл тастар және асыл металдар бар басқа да бұйымдар, өнер туындылары мен антиквариаттар. Жеке тұлғалардың салық төлейтін табыстарының құрамы салық кодексінде қаралады.
Табыс салығының мөлшерін ай сайын бір қалыпты ұстау үшін салық салынатын табыстың есепті сомасы мен одан ұсталынатын табыс салығының сомасы есептелетін айлардың санын білдіретін сан мәні бар бірлікке 12 санының қатынасын көрсететін қайта есептеу көрсеткіші берілген. Мердігерлік шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғаларға төленетін төлем, сондай-ақ бір жолғы төлем түрінде берілетін басқа да төлемдерден салық ұстау кезінде бұл есептеу көрсеткіші қолданылмайды. Жеке тұлғалардан табыс салығы ұсталған уақытта дебет 681-"Жұмысшы қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу" шоты бухгалтерлік жазуы жазылады.
634-"Бюджетпен басқадай есеп айырысу" шотында "Акциздік салықтарда" есептелінеді.
Акциздік (жанама) салық дегеніміз - сатылатын тауардың бағасына қосылатын, сатып алушы төлейтін салық болып табылады. Акциз салығы Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға салынады. Акциздік салық салынатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумағына шығарылған немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар яғни спирттің барлық түрлері, темекі өнімдері, құрамында темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады.
Қазақстан Республикасы аумағында акцизделуге жататын тауарларды өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасы аумағында (акцизделуге) ойын бизнесін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциз салығын төлеушілер болып табылады. Шаруашылық субъектілерінде акциз салығы есептегенде 301 - " Алынуға тиісті борыштар" - деп аталатын шот дебеттелініп, 634 -"Бюджетпен басқадай есеп айрысу" шотының "Акциз салығы" - деп аталынатын субшоты кредиттелінеді.
Сондай - ақ, 634 - "Бюджетпен басқадай есеп айрысу" шотында Қазақстан Республикасы заңдарында қаралған басқадай салықтар, алымдар мен міндетті төлемдер есептелінеді. Бұл айтылғандардың қатарына:
- шығарылған бағалы қағаздарды тіркеу алымы;
- жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдер мен салығы;
- жер салығы;
- заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық (мүлік салығы);
- көлік құралдарына салынатын салық және тағы да басқалар жатады. Салыктардың, алымдар мен міндетті төлемдердің түрлері, мөлшері және олардың .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру