Жер асты сулары динамикасының непздері
Жер асты су лары ауырлық күшінің әсеріне байланысты қоректену аймағынан арылу аймағына қарайқозғалады. Алдыңғысында судың биіктік деңгейі барынша жоғары, ал кейінгісінде едәуір келеді. Жер асты суларының кқоректену аймағы болып may жоталары және оларды қоршаған тауалды шлейфтері (жаймалары), суайрық жазықтықтары т.б. бедердің биік бөліктері саналады. Жер асты суларының қоректену аймағы бөгендердің, жер суаратын каналдардың аймағында орналасуы мүмкін.
Жер асты суларының арылуы өзен аңғарларында (грунт суларын қоректендіретін жазық өңерлер өзендерінің сағаларын қоспағанда), жыралар мен сайларда, әдетте, суды жақсы өткізетін жыныстар мен суды нашар өткізетін жыныстар алмасатын, жер бетіне шығатын су жиылып қалатын may бөктеріндегі бедердің күрт иілетін орындарында байқалады. Жер асты суларының жасанды арылуы скважиналардан, құдықтардан, құрғатушы кәріздерден су тартумен байланысты. Грукнт суларының қозғалу бағыты бедердің еңістену бағытына сәйкес келеді. Борпылдақ және қатты жыныстарды саңылаулары мен жарықтары сумиен бүтіндей толған жағдайдағы осыларды бойлай қозғалуы фильтрлену (сүзілу) деп аталады. Егер су may жынысының бүтіндей толып бітпеген саңылаулары мен жарықтары арқылы қозғалатын болса, оны инфильтрлену деп атайды. ....
География | Жер табиғи ресурс ретінде
Экономика | Жер саулығынан – адам саулығына
Экономика | Жер салығының экономикалық мазмұны
Қазіргі кезде, нарықтық даму жағдайындағы экономика талаптарына сай жер меншігіне, жерді пайдалануға және оны тиісті рыноктық айналысқа түсіруге байланысты проблемаларды шешу ауқымындағы жер салығының ролі күні сайын артып келеді.
Жер салығын алу барысында жерді ұтымды пайдалану, жерге орналастыру істерін жақсарту, жерді және оған байланысты экоологиялық ахуалдарды қорғау, жерді құнарландыру, жер аумағындағы әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыру, жерлерден сол аумақтардағы бюджеттерге қосымша қаражаттар түсіру және т.б. көзделінеді.
Тағы бір ескеретін жәйт, жерлерге салық салу кезінде көзделінетін бірден-бір мақсат олардың белгілі бір санаттарын ғана салық салу объектілері ретінде қарау, сондай-ақ олардың қандай бағытта пайдаланылатынын есепке алу болып табылады. ....
Экономика | Жер салығының экономикалық мәні
Қазақстанньң Жер Кодексінде жер республиканьң айрықша меншігі деп танылды.Жерді иелену және пайдалану үшін ақы төленуі керек. Бұл ақы жер салығы ретінде қарастырылады.
Жер салығының мақсаты-экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және жерді -сақтау, құнарлылығын арттыру, территориялардың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды іске асыру арқылы бюджетке түсетін табыстарды құрау.
Жер салығы меншікті салықтарға жатады. Салықтың түпкі мақсаты меншікті тиімді пайдалануға ынталандыру. Салықтардың мөлшері меншіктің көлеміне қарай белгіленеді: меншіктің көлемінің ірі болуы табыстың жоғары болуына кепілдік бермейді, егер салық жоқ болса, ірі меншік иелері көп артықшылықтарға ие болып, мүлікті дұрыс пайдалануға ұмтылмас еді. Меншік салықтары қоғам алдындағы салық жауапкершілігін бірдей көтеруге бағытталған нақты салықтарға жатады. ....
Физика | Жер планетасының эволюциясы
География | Жер қойнауы туралы түсінік
Жер қойнауы дегенде оның сыртқы қабатын, мантиясын және ядросын қосып айтқан дұрыс. Бірақ күнделікті өмірде, ғылымда жер қойнауы дәл, тек оның беткі қыртысын (литосфераны) қарастыру қалыптасқан жер қойнауы пайдалы қазба байлықтардың қоймасы. Адамдар осы күнге дейін олардың тек 10 км-ге дейін ғана орналасқандарын пайдаланады.
Жер қоймауынан алынатын пайдалы қазба байлықтарды үш топқа бөледі:
• жанатын отын-энергия қоры - көмір, мұнай, газ, жанғыш тақта тас, шымтезек,
• рудалы пайдалы қазбалар - қара және түсті металдар, қымбат бағалы, сирек кездесетін т.б. металдар кендері;
• бейруда пайдалы қазбалар - химия шикізаты (минералдық тұздар, гипс, күкірт, апатит, фосферит, т,б.), етқа төзімді материалдар, құрылыс материалдар шикізаты, әсемдік тастар т.б. ....
География | ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫНЫҢ ТАБИҒИ РЕЖИМДЕРІ
Климаттық режимдер. Климаттық факторлар ықпалынан грунт суларының теңбе-теңдігі, яғни қоректену мен шығын арасындағы қатынас өзгереді (қоректену шығыннан асып түскенде грунт суларының деңгейі жоғарылайды, шығын қоректенуден асып туссе, су деңгейі төмендейді, ал қоректену мен шығын тең болса, су теңбе-теңдігінде ауытқулар болмайды). Режимнің бұл типімен сипатталатын грунт сулары атмосфералық жауын-шашынның есесінен қоректенеді. ....
География | Жер асты суларының пайда болуы
Римдік Марк Витрувий Полий жер асты сулары жаңбыр мен қар суларының топыраққа сіңуі есесінен түзіледі деп болжады. Кейінірек жер асты сулары су буларының аса үлкен тереңдікте қоюлануынан немесе жер бетіндегі сулардың тау жыныстарына сіңіп төмен қозғалуынан пайда болғандығы жөніндегі түсініктер басымырақ айтылып жүрді. 1902 жылы австралиялық геолог Э. Зюсс жер суларының магмалық жолмен жаралғаны жөніндегі теорияны ұсынды.....