Экономика | Жер салығының экономикалық мазмұны

Экономика | Жер салығының экономикалық мазмұны

Жер салығы адамзат өркениетінің әр қилы даму кезеңдерінде үзбей алынған, күні бүгінге дейін әрқашан да жергілікті салық салу жүйесінде көрініс табатын үйреншікті жергілікті салық болып табылады. Бұл салық негізінгде есептеліну көзі бойынша мүліктік болғандықтан оның төлеушілері қатарына заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да жатады. Жер салығын қалыптастыру тәсілі жерлердің түрі мен пайдаланылатын мақсат-бағдарларына қарай құрылады.
Қазіргі кезде, нарықтық даму жағдайындағы экономика талаптарына сай жер меншігіне, жерді пайдалануға және оны тиісті рыноктық айналысқа түсіруге байланысты проблемаларды шешу ауқымындағы жер салығының ролі күні сайын артып келеді.
Жер салығын алу барысында жерді ұтымды пайдалану, жерге орналастыру істерін жақсарту, жерді және оған байланысты экоологиялық ахуалдарды қорғау, жерді құнарландыру, жер аумағындағы әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыру, жерлерден сол аумақтардағы бюджеттерге қосымша қаражаттар түсіру және т.б. көзделінеді.
Тағы бір ескеретін жәйт, жерлерге салық салу кезінде көзделінетін бірден-бір мақсат олардың белгілі бір санаттарын ғана салық салу объектілері ретінде қарау, сондай-ақ олардың қандай бағытта пайдаланылатынын есепке алу болып табылады.

Салық салу объектілерінің жіктелуі.

Қазақстан Республикасының аумағындағы жерлердің мынадай санаттарына:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге;
2) елді мекендердің жерлеріне;
3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлеріне;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлеріне, сауықтыру, рекреациялау және тарихи-мәдени мақсатындағы жерлерге;
5) орман қорының жерлеріне;
6) су қорының жерлеріне;
7) запастағы жерлерге салық салынады.
Салық кодексінде көзделген жәйттерге орай, салық салу мақсатында елді мекендердің жерлері мына:
1) тұрғын үй қоры мен оның жанындағы құрылыстары және ғимараттары орналасқан жерлерді қоспағанда елді мекендердің жерлері;
2) тұрғын үй қоры мен оның жанындағы құырылстары және ғимараттары орналасқан жерлері сияқты екі топқа бөлінген.
Сонымен қатар, бірден айта кететін маңызды жәйт, егер осы жерлер (запастағы жерлерді қоспағанда) тұрақты пайдалануға немесе өтеусіз уақытша пайдалануға берілмесе, онда жерлердің мына санаттары:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
2) орман қорының жерлері;
3) су қорының жерлері;
4) запастағы жерлер салық салудан босатылады.
Аталған жерлер (запастағы жерлерді қоспағанда) тұрақты пайдалануға немесе өтеусіз бастапқы уақытша пайдалануға берілген жағдайда оларға Салық кодексінің 336-бабында белгіленген тәртіппен салық салынады.
Жер салығы меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар мен жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган тарапынан әр жылдың 1 қаңтарына қарағандағы жағдай бойынша берілген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде есептелінеді.
Осы салық бойынша салық салу объектісіне жер учаскесі (жер учаскесіне қатысты ортақ үлестік меншік кезінде – жер үлесі) жатады.
Темір жолдар, оқшаулау белдеулері, темір жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер учаскелерін қоса алғанда, заңдарда белгіленген тәртіппен темір жол көлігі ұйымдарының объектілеріне берілген жер учаскелері темір жол көлігі ұйымдары үшін салық объектісі болып саналады.
Электр беру желілері мен кіші станциялар тіректері алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында электр беру желілері бар энергетика және электрлендіру жүйесі ұйымдары үшін осы ұйымдарға заңдарда белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі ретінде көрініс табады.
Мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында мұнай тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін осы ұйымдарға заңдарда белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып есептеледі.
Байланыс желілерінің тіректері алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансынгда радиорелелік, әуе, кабельдік байланыс желілері бар байланыс ұйымдары үшін осы ұйымдарға заңдарда белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.
Жер салығын айқындауға қажетті салық базасы ретінде жер учаскесінің алаңы көрініс табады.
Жеке меншік құқығындағы, тұрақты жер пайдалану құқығындағы, сондай-ақ өтеусіз бастапқы уақытша жер пайдалану құқығындағы жер учаскелері (кейбір жағдайларда жер үлесі) бар жеке және заңды тұлғалар, сонымен қатар жеке меншік құқығында, тұрақты жер пайдалану құқығында және өтеусіз уақытша бастапқы жер пайдалану құқығында салық салынатын объектілері бар осы заңды тұлғалардың құрылымдық бөімшелері жер салығын төлеушілер деп танылады.
Тұрақты жер пайдалануға және өтеусіз уақытша бастапқы жер пайдалануға деген меншік құқығын куәландыратын мемлекеттік акт немесе жер учаскелерін уақытша пайдалану жөніндегі шарт болмаған жағдайда, жерді пайдаланушының белгілі бір учаскені нақты иеленуі және пайдалануы оны осы учаскеге қатысты жер салығын төлеуші ретінде тануға негіз болып табылады.
Жер учаскелерін иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, бірнеше тұлғаның ортақ меншігіндегі (пайдалануындағы) жер учаскесі бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеуші болып табылады.

Салық ставкалары, төлеу тәртібі мен мерзімдері.

Қазақстан аумағындағы мынадай жер учаскелері:
1) елді мекендердің ортақ пайдалануындағы алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, парктер, скверлер, бульварлар, су қоймалары, жағажайлар, зираттар, су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылғылары және ортақ пайдаланылатын өзге де инжинерлік жүйелер алып жатқан және соларға арналған жерлер;
2) ортақ пайдалануға бөлінген белдеудегі мемлекеттік автомобиль жолдарының желісі алып жатқан жер алаптары, көліктер жан-жаққа жүріп өтетін жол тарамдары, жол айырықтары, жасанды құырылстар, трассалар бойындағы жол резервтері мен өзге де жол қызметін көрсету жөніндегі құрылыстар, жол қызметінің (қызметкерлерінің) қызмет бабындағы және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғау екпелері мен безендіру жасыл желектері орналасқан жерлер;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған объектілер алып жатқан жерлер;
4) Салық кодексінің 138-140 баптарында белгіленген тәртіппен инвестициялық жобаны іске асыру үшін иеленген және пайдаланылатын жер учаскелері Салық кодексінің 326 бабына (оның тармақтары мен тармақшаларына) сәйкес салық салынатын объектілер қатарынан шығарылып тасталған.
Салық кодексінің 324-бабының әмірлі талаптарына сәйкес мынадай заңды және жеке тұлғалар:
1) бірыңғай жер салығын төлеушілер шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша;
2) мемлекеттік мекемелер;
3) салық режимінің екінші моделі бойынша салық салу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;
4) қылмыстық жазаларды атқару аясындағы уәкілетті органның түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
5) тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстары мен ғимараттар алып жатқан жер учасклеері мен тұрғын үй маңындағы жер учаскелері; жеке (қосалқы) үй шаруашылығын жүргізу, бау-бақша шаруашылығы үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерде қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері; гаражға арналған жер учаскелері бойынша – Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуі;
6) тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері мен тұрғын үй маңындағы жер учаскелері бойынша – «Алтын алқа» алқасымен наградталған, «Ардақты ана» атағына ие болған көп балалы аналар;
7) діни бірлестітер жер салығын төлеуден босатылған.
Жер салығының мөлшері жер учаскесінің сапасына, орналасу өңіріне және сумен қамтамасыз етілуіне қарай анықталады, сондай-ақ оны белгілеу кезінде жер иеленушілер мен жерді пайдаланушылардың шаруашылық және өзге қызметінің нәтижелері (яғни жерлерден алынатын табыстары мен түсімдері) есепке алынбайды.
Жекеше (қосалқы) ү й шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге алаңын 0,50 гектарға дейін қоса алғанда - 0,01 гектары үшін 20 теңге; ал алаңы 0,50 гектардан асатын болса – 0,01 гектары үшін 100 теңге мөлшерінде базалық салық ставкасы белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы қыркүйектің 2-сіндегі (№890) Қаулысына сәйкес жеке меншікке берілетін жер учаскелері төлемақысының мынадай базалық ставкасы 1 шарты метрге:
Астана 1180 теңге;
Алматы 717 теңге;
Ақтау 145 теңге;
Ақтөбе 137 теңге;
Атырау 123 теңге;
Қарағанды 190 теңге;
Көкшетау 114 теңге;
Қостанай 123 теңге;
Қызылорда 129 теңге
Павлодар 114 теңге;
Петропавловск 114 теңге;
Талдықорған 137 теңге;
Тараз 181 теңге;
Орал 114 теңге;
Өскемен 145 теңге;
Шымкент 181 теңге мөлшерінде белгіленген.
Жер учаскесін иелену құқығы немесе пайдалану құығы тоқтатылған жағдайда жер салығы жер учаскесін іс жүзінде пацдалану кезеңі үшін есептеліп шығарылады.
Салық жылы ішінде елді мекенді қоныстың бір санатынан басқа санатына ауыстыру кезінде ағымдағы жылғы жер салығы салық төлеушілерден осы елді мекендер үшін бұрын белгіленген ставкалар бойынша, ал келесі жылы – қоныстардың жаңа санатын үшін белгіленген ставкалар бойынша алынады.
Елді мекен таратылған және оның аумағы басқа еллді мекеннің құрамына қосылған кезде, таратылған елді мекеннің аумағында жаға ставка тарату іске асырылған жылдан кейінгі жылдан бастап қолданылады.
Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық олардың осы жер учаскесіндегі үлесіне барабар есептеледі.
Қорғаныс қажеті үшін берілген жерлерге салынатын салықты алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ағымдағы төлемдер мөлшері салық кезеңінің басында болған салық төлеу объектілері бойынша салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану жолымен белгіленеді.
Жер салығын төлеу бойынша салық міндеттемелері туындаған күннен кейінгі 340-баптың 3-тармағына белгіленген кезекті мерзім салық міндеттемелері туындаған кезде салықтың ағымдағы сомаларын салық кезеңінде төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Салық кодексінің 324-бабы 3 тармағының 2), 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар салық салу объектілерін пайдалану немесе жалға берген кезде салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға беру күніне кейінгі кезекті мерзім салықтың ағымдағы сомаларын төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Ағымдағы төлеудерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салықтық міндеттемелерді туындаған кезде салық төлеушілер салық сомасын салықтық міндеттемелері туындаған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей төлейді.
Салық кодексінің 324-бабы 3-тармағының 2), 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар салық салу объектілерін ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін пайдалануға немесе жалға берген кезде салық төлеушілер салық сомаларын салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға беру айынан кейінгі айдың 20-сынан кешітірмей төлейді.
Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша міндеттемелер өзгерген жағдайда, ағымдағы төлемдер салықтық міндеттемелердің өзгерту сомасына жер салығын төлеудің алдағы мерзімі бойынша тең үлестермен түзетіледі.
Салық салу объектілеріне құқықтар салық кезеңінінің ішінде берілген жағдайда салық сомасы жер учаскесіне құқықты іске асырудың нақты кезеңі үшін есептеледі.
Осы құқықтарды беретін тұлғаның жер учаскесіне іс жүзінде иелік еткен кезеңі үшін төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеген кезде бюджетке енгізілуі тиіс. Бұл ретте бастапқы төлеушіге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ол жер учаскесін берген айдың басына дейін есептелген салық сомасы көрсетіледі. Одан кейінгі төлеушіге салық органдары жіберетін жер салығының есептелген сомасы туралы хабарламада оның жер учаскесіне құқығы пайда болған кезеңдегі ай басынан есептелген салық сомасы көрсетіледі.
Бірнеше салық төлеушілердің пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелеріне жер салығы олардың бөлек пайдаланындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық төлеуші бойынша жеке есептеледі.
Салық кодексінің 324-бабы 3-тармағының 4) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үйдің, құрылыстың және ғимараттың бір бөлігін жалға берген кезде жер салығын есептеу осы жер учаскесінде орналасқан барлық үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың жалпы алаңындағы жалға берілген үй-жай алаңының үлес салмағына қарай жүзеге асырылады.
Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлікті заңды тұлға сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, Салық кодексінің 332-бабында белгіленген елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтың базалық ставкалары бойынша есептелуге тиіс.
Салықты есептеу әрбір жер учаскесі бойынша жекемелей салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі. Жер салығының сомасы сол жер учаскесі орналасқан жердегі бюджет кірісіне аударылады.
Заңды тұлғалар жер салығының сомаларын белгіленген салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы өз беттерімен жүзеге асырады, сондай-ақ олар жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті.
Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жер салығын Салық кодексінің 340-бабында белгіленген тәртіппен есептеп, төлейді.
Заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар мен адвокаттар жер салығы бойынша декларацияны салық салу объектілері орналасқан жердегі салық органдарына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей сондай-ақ жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын 344-бапта белгіленген мерзімде табыс етеді.
Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Ағымдағы төлемдерді төлеудің аяқталу мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілерді қоспағанда жаңадан құрылған салық төлеушілер ағымдағы төлемдер есеп-қисабын салық төлеуші мемлекеттік тіркеуден өткен айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.
Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салықтық міндеттемелер өзгерген кезде ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы салық салу обьектілері бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша ағымдағы тиісінше салық кезеңінің 15 ақпаннан, 15 мамырдан, 15 тамызынан және 15 қарашысынан кешіктірмей табыс етіледі.
Заңды тұлғалар жер салығының ағымдағы төлемдерінің сомаларын ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан және 20 қарашасынан кешіктірмейтін мерзімдерде төленуге тиіс. Сонымен қатар, олар тиісті салық кезеңінде он күндік мерзімнен кешіктірмей есеп айырылысу жұзеге асырылады.
Жеке тұлғалар төлеуге жататын жер салығының сомасын тиісті салық ставкалары мен салық базасын негізге ала отырып 1 тамыздан кешіктірмейтін мерзімде салық оргондары есептеп шығарады. Жеке тұлғалар есептелген жер салығының сомасын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей тиісті бюджетке кірісіне аударады.

4.Жекеленген жағдайда салық төлеудің ерекшкліктері.

1. Ғимараттар соғылған жердегі салық төлеушілер көп болғандықтан,олардың орналасқан жерлеріне байланысты төлемдер.
2. 324 баптың 3 тармағында 2,4 тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаларға арендаға берген салық сол алынған бөліміне төленеді.
3. Заңды түлға жылжымайтын мүлігін иеленген болса, онда жер салығы базалық ставка бойынша төленеді. Бірақ 332 бапта көрсетілген ғимараттар бұл салық түрін,е жатады.
4. темір жолдар, оқшаулар белдеулері, темір жол станциялары,вокзалдар орналасқан жер учаскелерін қоса алғанда, заңдарда белгіленген тәртіппен темір жол көлігі ұйымдарының обьектілеріне берілген жер учаскелері темір жол көлігі ұйымдастыру үшін салық салу обьектісі болып табылады.
5. Электір беру желілері мен кіші станциялар тіректері алып жатқан жер учаскілерін қоса алғанда, балансында электр беру желілері бар энергетикажәне электірлендіру жүйесі ұйымдары үшін ұйымдарға заңда белгіленген тіртіппен берілген жер учаскелері салық салу обьектісі болып табылады.
6. Мұнай құбырлары,газ құбырлары алып жатқан жер учаскелері қоса алғанда, балансында мұнай құбырлары,газ құбырлары бар мұнай мен газ өндіруді, тасмалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін осы үйымдарға заңдарда белгіленген жер учаскелері салық салу обьектілері болып табылады.
7. Байланыс желілерінің тіректері алып жатқан жер учаскелкрінқоса алғанда балансында радиорелелік,әуе,кабелдік байланыс желілері бар байланыс ұйымдары үшін осы үйымдарға заңдарда белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу обьектісі болып табылады.

5. Салық декларациясы
1. Жер салығы декларациясы жер салығы төлеушілер тұрғылықты жердегі салық оргонына 31 наурыздан кешіктірмей төлеуі керек.
Арнайы салық режимінінде 3 тармақтың 2,4 тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар қолдануға берген немесе арендаға бергендігі туралы оның түсініктемесі Қазақстан Республикасының заңымен орнатылған тәртіппен өткізіледі.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. «Салық кодексі»-2003 жыл Алматы.
2. Найманбаев «салық құқығы»-2001 жыл Алматы
3. Худяков «нологи» -2002 жыл Алматы
4. «ҚР-ң заңы туралы»-2001 жыл Алматы.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру