Соңғы жылдары дүние жүзі қауымдастықта тыныс-тіршілік еткен халықтар арасында гуманитарлық ғылымдарға деген құштарлықтың арта түскендігін анық байқауға болады. Бүкіл адамзат тарихын, оның әр кезеңдерде қалыптасқан саяси, құқықтық, әлеуметтік және этникалық ерекшеліктері, тәжірибелерімен жетік танысу, оқып үйрену, болашақта гуманизм мен өркениет идеясына негізделген құқықтық, демократиялық мазмұндағы мемлекет құруға кеңінен жол ашады. Себебі адамзат тарихында болған мемлекеттердің саяси құрылымдары мен құқықтың жүйелерінің мәнін, мазмұнын, ішкі қозғалысының даму диалектикасын зерттеу, оқып үйрену — тиімді басқару формасын, билік жүргізудің оңтайлы, жүйесін және халық мүддесіне сай келетін құқықты қабылдауға тікелей мүмкіндіктер береді. Неге десеңіз, тарих сабағы — ақиқатты анықтаудың іргетасы.....
Мемлекеттің экономикаға араласуы белгілі бір жағдай мен себептерден болады. Жағдайларды қолайсыз және қолайлы деп екіге бөлуге болады. 1. Қолайсыз жағдайлар. Мемлекеттің экономикаға араласуы мына, жағдайларда: мемлекеттік қауіпсіздікті талап ету, қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс, экономикадағы қолайсыз жағдай: - өндірістің төиендеуі, инфляция, жоғары дәрежедегі • жұмыссыздық, құрылымдық баланстың бұзылуы, бюджеттің жетіспеуі, дүниежүзілік нарықта отандық өнімдердің бәсеке қабілеттігінің жоқтығы, инвестицияның төмендеуі т.б. қоршаған отаның нашарлауы. Мемлекеттің байыпты міндеттері - уақытында қолайсыз жағдайлардың алдын-ала себептерін анықтау және оны болдырмау. ....
Мектепте мұғалімдер ұжымы кәсіптік бағдар беру ісінде негізгі күштерді (мектеп, үйелмен, жұрттылық) біріктіру бағытында жұмыс істейді. А.С.Макаренко тәрбиенің осы сияқты кейбір күрделі мәселелерін педагогикалық теорема деп атады. Мұндай теореманың қатарында «үш күш одағы»—мектепті, үйелменді, жұртшылықты жатқызуға болады. Мектеп оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын негізінен іске асыратын мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни бүкіл, педагагикалық ұжым. ....
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогика құбылыстарын, олардың өзара байланысын танимыз. Педагогикада "Мақсат", "Құрал", "Тәсіл", "Даму" және "Қалыптасу" сияқты ұғымдар да кездеседі. Олар барлық ұғымдарға ортақ ұғымдар. Педагогикалық ұғымдардың бірі - тәрбие. Тәрбие ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсінушілер де бар. Олар баланы пассивті объект түрінде қарастырады. Ондай жағдайда ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасау рөлін атқармайды. Бұл бір жақты анықтама. Тәрбие баланың өздігінен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай деп анықтама берушілер де кездеседі. Олар балаға толық ерік беруді талап етеді. Сөйтіп тәрбиенің ролін бүркемелеп, елеусіз қалдырады. Кейбіреулер тәрбиені практикалық тұрғыдан бір-жақты жалаң тәжірибеге сүйеніп түсіндіреді. Оларды прагматиктер дейді. Олар баланы жұмыс қалпына бейімдеуді талап етеді. Бала өзінің күнін көруге пайдасы бар білімді, іскерлікті және дағдыны ғана меңгеруі қажет. Осыдан барып бала жеке басының қамын ойлап өзімшілдік мүддесін қанағаттандырады деп дәлелдейді. ....
Мектепте оқытуға баланың психологиялық даярлығы — мектепке дейінгі балалық шақ кезеңіндегі психикалық дамудың басты қорытындыларының бірі. Мектпке бару — бала өміріндегі шешуші кезең өмір мен іс-әрекеттің жаңа күйіне, қлғамдағы жаңа орынға, үлкендер және құрдастарымен жаңа қарым-қатынастарға көшу болып табылады. Оқушы орнының өзгеше ерекшелігі оның оқуының міндетті, қоғамдық мәні бар іс-әрекет екендігінде. Оқу үшін бала мұғалімнің, мектептің, үй ішінің алдында жауап береді. Оқушыны өмірі мектеп балаларының бәріне бірдей және қатал ережелер жүйесінде бағындырылады. Оқудың негізгі мазмұны барлық балаларға ортақ білімдерді меңгеру болып табылады. Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың мүлде ерекше типі қалыптасады. Мұғалім баланың жақтыратын не жақтырмайтын үлкен адамдардың бірі емес. Ол балаға қоғамдық талаптар қоятын нақтылы адам болып табылады. Сабақта алынатын баға — баланың жеке өзімен қарым-қатынас емес, оның білімдерінің, оның оқу міндеттерін орындаудың нақтылы өлшемі. Сынып оқушыларының арасындағы қарым-қатынастардың да балабақшада орнаған қарым-қатынастардан айтарлықтай айырмашылығы бар. Білімдерді меңгеру бірден-бір мақсатқа айналады, ойын немесе тапсырманың жемісті формаларымен бүркемеленбей айқын күйінде көрінеді. Балалардың мектепте алатын білімдері ғылыми сипатта болады. ....
Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін ойын арқылы оқыту ерекшеліктері Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Ұстаздардың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі — Отанға, туған елге, туған жерге, өз халқына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Бұл адамгершілік қасиеттер күнделікті өмірдегі қоршаған ортамен таныстыру арқылы қалыптасады. Қоршаған орта жеткіншектерді адамдармен, туған жерімен байланыстырып, олардың тұлға ретінде қалыптасуына шешуші ықпалын тигізеді. Бұл ықпалдың түпкі тамыры — өз халқының тілінде. Қазақстан Республикасында тұратын әрбір ұлттар мен ұлыстардың тілдік қызмет саласына ешбір кедергі қойылмайды. Сондықтан да кез келген халықтың ана тілі рухани мәдениетінің өзіне тән ұлттың ерекшелігінің көрсеткіші болып табылады. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды қазақ тіліне үйрету маңызды міндеттерді шешуге көмектеседі: • адамдардың рухани өмірінің үйлесімді болуы барлық халықтың қазақ халқының мәдени құндылығына қол жеткізуі үшін мүмкіншіліктерді кеңейтеді; • білім мен мәдениеттің одан әрі көтерілуін қамтамасыз етеді; • Қазақстан Республикасында тұратын ұлттардың жақындасуының жан-жақты дамуына, Қазақстан халқының тарихи қауымдастық ретінде ынтымақтастығының нығаюына мүмкіндік туғызады. Мемлекеттік тілге үйрету сабақтарын құру және оны оқыту мағынасын іріктеу кезінде бірқатар принциптерді ескеру қажет. Басты принциптердің бірі — тәрбие мен оқуды бірыңғай үрдіске біріктіру. Бұл тіл дамыту қазақ тілі сабақтарының негізгі мақсаты ретінде ғана болады дегенді білдіреді, алайда сабақта шешілетін міндеттер бұл мақсатпен шектеліп қалмайды. ....
Тілді үйрету әдісінің түсінігі. Ана тілін үйренудің заңдылығы, жоғарыда айтып өткеніміздей, бірқатар қабілеттердің даму процесінде ішкі сезім арқылы (саналы емес) жүзеге асырылады: 1) өзінің сөйлеу органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу қабілеті – сөздің дыбысын артикулдеу, интонация элементтерін, просодемаларды модулдеу және оларды есту; 2) дыбыс комплекстері мен интонацияны тілден тыс шындықпен салыстыру қабілеті, яғни оларды сөйлеу элементінің мағынасы ретінде түсіну; 3) сөздің мағыналық элементін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни оларды бағалау; 4) араласу, тану, сөзді және адамның мінез – құлқын тәртіптеу процесінде сөздің мағыналық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау қабілеті. Егер тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын жағдай жасаса, онда баланың тілі неғұрлым безірек байиды және оның психикасы жан – жақты дамиды. Лингвистикалық – дидактикалық принцптерге құрылған тіл үйретудің түрлі әдістерін қолдану тілді дамытуды жеделдетудің негізгі шарты болып табылады.....
Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің орналасуымен, өндірістік және ғылыми потенциалдармен және материалдық өндірістің әлеуметтік-экономикалық даму қарқындарымен өзара әрекеттеседі. өндірістің тиімді орналасуы – халық шаруашылық және территориялық пропорцияларды жетілдіруге арналған база. Ғылыми ауқымды, бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындарды орналастыру арқылы үйлеспеушіліктер жойылады, олар қоғамның мұқтаждықтарын есепке алумен қажетті пропорцияларды белгілейді. Ішкі құрылыстағы ығысулар да салалардың даму қарқындарына, табиғи ресурстарды және қолда бар өндірістік аппаратты пайдалануға байланысты болады: Сонымен, бір аймақтың дамуы меншікті міндеттерді шешуді ескермегенде басқа аймақтардың мұқтаждықтарын қанағаттандырумен анықталды. Оның экономикасы тиімсіз құрылымдық саясаттың салдары болып табылған, бірқатар ерекшеліктермен сипатталады: - ауыр өнеркәсіптің шамадан тыс дамуы, соңғы емес, аралық өнімді шығаратын материал сыйымы салалардың басым болуы; - тұрғындардың қажеттері үшін өндірілетін өнімнің төмен үлесі; - өндірістік аппараттың технологиялық артта қалғандығы (өнеркәсіптің негізгі қорларының тозуы – 60 % - тен артық, оның шамадан тыс көп үлесі металлургиялық, отын-энергетикалық комплекстерде); - экологиялық проблемалар – Орталық Қазақстан қоршаған ортаның ластану және құлдырау дәрежесі бойынша, табиғатқа антропогенді жер етудің жиынтығы бойынша республикада алдыңғы орындардың бірін алады (ол атмосфераға зиянды заттардың лақтырыстары бойынша – бірінші орын). Барлық постсоветтік кезең бойында орталық органдар аймақтың әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін база құруға емес, көмір өндіру бойынша міндеттерді шешуге баса назар аударды. Шаруашылықты жүргізудің және әлеуметтік проблемаларды шешудің жағымсыс тәжірибесі – бұл аймақты шаруашылықтық игерудің технократтық тұжырымдамасын айтарлықтый іске асыру, ол өндірістік мақсаттардың әлеуметтік мақсаттардан басылымдығымен ғана емес, сонымен бірге келешекті міндеттерді шешуге зиян келтіріп, ағымдағы қиыспаушылықтарды жоюға жұмсалатын күштерді шоғырландырумен де сипатталған. Өндірісті дамыту, ҒТП бойынша шараларды жүзеге асыру, өнім сапасын жақсарту үшін өте қолайсыз жағдайлар қалыптасты. Сондықтан өнеркәсіптегі онсыз да ескірген өндірістік аппарат, соңғы екі-үш жылда алапатты түрде бұзылады, бұл көптеген кәсіпорындардың тоқтатылуы және жабылуы үшін қосымша себеп болуы мүмкін. Сонымен бірге, бұрын көрсетілгендей, біздің экономикамыздың жетілмеген құрылымын есепке алу керек. ....
Қоғамдық қатынастар құқық нормаларымен реттелетін құқықтық қатынастарды қалыптастырады. Құқықтық қатынастар арқылы құқық нормалары іс жүзіне асады, қоғамдық қатынастарды реттеу және қорғау функциялары қалыптасады. Қоғамдық қатынастардағы субъектілердің мінез-құлықтары сан-алуан, көп жағдайда құқыққа сай келмейтін мінез-құлықтарды қалыптастырады, құқыққа қайшы келетін іс-әрекеттер жасалады. Құқық бұзушылық қоғамға, мемлекетке жалпы басқару ісіне өлшеусіз нуқсан келтіреді, орны толмас, ешқандай өлшеммен өлшенбейтін зардаптар мен адам психологиясын мәңгі жаралайтын іздер қалдырады. Сондықтан қоғамның, мемлекеттің стратегиялық мақсаты барлық әлеует, мүмкіндіктерді пайдалана отырып, адамдардың құқыққа сай мінез-құлықтарын қалыптастыру болып табылады. Бұл өте күрделі процесс. Себебі субъект, жеке адам тек ғана әлеуметтік жан ғана емес, сонымен қатар биологиялық қасиеттерге ие табиғаттың да ажырамас жаны бар организмі. Сондықтан жеке адамның құқыққа сай мінез-құлқын қалыптастыру үшін аталмыш жағдайларды бөліп зерттемей, бір мағанада, тұтастық ұғымында тану ғана ақиқатты ғылыми нәтиже бермек. Құқыққа сай мінез-құлық деп жеке адамның ішкі сезімінің психологиялық бағыттарынан, сырттан қабылданған информациялық-тәрбие және әлеуметтік-экономикалық, микро, макро орта әсерінің тиімді нәтижесінде қалыптасқан мінез-құлықты айтады. Е.К.Нүрпейісов өзінің зерттеулерінде құқыққа сай мінез-құлықты әлеуметтік бағыттағы құқыққа сай мінез-құлық жеке бағыттағы құқыққа сай мінез-құлық және эгоистік бағыттағы мінез-құлық — деп бөліп қарайды. Құқыққа сай мінез-құлықтың формалды нышаны құқық формаларының талаптарын сақтау, ап теориялық мәні күрделі тартыстар мен шиеленістерден қалыптасады.....
Желіде Қазақстанның Тұңғыш президентінің мәртебесі туралы видео пайда болды. Елбасының ерен еңбегі мен қазір атқарып жатқан қызметі жөніндегі бейнежазбаны оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында жариялаған деп жазады nur.kz.