Роза Әлімханова Сейітқалиқызы

Әлімханова Роза Сейітқалиқызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор.

30 жылдан астам уақыт ерте жастағы балалардың тірек-қимыл аппараты патологиясын (майтабан, буын кемістіктері, ортан жіліктің сынуы) отасыз емдеумен айналысып келеді. Балалармен көп жылғы жұмыс істеуінің және туа бітті деформация мәселесін зерттеу нәтижесінде әлемде ұқсастығы жоқ емдеудің ғажайып әдісін ойлап тапты.

Қазақстандық зерттеушінің жұмысы әлемдік қоғамдастықтың назарынан тыс қалған жоқ. Роза Сейітқалиқызы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымның Алтын медаліне лайық деп табылды. Оның осы саладағы жетістіктері мен жаңалықтарын Қитай және Еуропаның тәжірибелі дәрігерлері мен ғалымдары мойындады. Ол – 30-дан астам өнертабыстың, 120 ғылыми еңбектің, 5 оқу әдістемесінің және 6 монографияның авторы.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Мағжан Талапұлы

Мағжан Талапұлы - велосипедпен Қазақстанның туын көтеріп, 22 елді аралаған алғашқы Қазақстандық азамат.

Мағжан алғашқы ғылыми экспедицияны Антрактидада басқарған. Ол Алматы Қаласында дүниеге келіп, Ш.Уәлиханов атындағы қазақ мектебіне барып, 7-11 сыныптарды ерекше дарынды балаларға арналған мектепте оқыды. Аты аңызға айналған саяхатшы революционер Әліби Тонжанұлы Жангелдиннің ұрпағы.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қайрат Майтеков Амангелдіұлы

Майтеков Қайрат Амангелдіұлы - кәсіпкер

Қайрат Майтеков «Туған жерге тағзым» акциясы аясында туған жеріндегі әлеуметтік нысандарды жөндеп, матриалдық базасын нығайта түсуге көмектесіп жатқан түлектердің бірі, ірі көлемде қаржылай қолдау көрсетіп, мектептің жоғын түгендеп берген кәсіпкер. Одан өзге сыныптасы Әлімбек Сейдуллаевпен білесіп өздері білім алған Ақтөбе қаласындағы №3 мектепте әлемдегі ең тиімді бағдарламалардың бірі — «Britannica» технологиясы бойынша 33 тілді оқытатын тіл зертханасын ашып берген.

Қайрат Майтеков 1974 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1991 Қазақ Мемлекеттік аграротехникалық университетіне "экономист-менеджер" мамандығы бойынша оқуға түсіп, сәтті аяқтап шығады. Еңбек жолын 1992 жылы Ақтөбе қаласында «Казпроммаркет» ЖШС бастап, іскерлігі мен еңбекқорлығының арқасында қызметтік жолында үлкен жетістіктерге жетеді. Қазір «МАКСИМУС» ЖШС директоры.
Үлкен қызметте жүрсе де ешқашан туған ауылын ұмытпаған азаматтардың бірі осы Қайрат Амангелдіұлы. Ақтөбе қаласындағы №3 орта мектептің 1991 жылғы түлегі жақында 150 миллион теңгеге өз мектебіне күрделі жөндеу жүргізіп берді.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Зарина Саутбаева

Зарина Саутбаева — биомедик - ғалым, Назарбаев Университетінің оқытушысы, биология магистрі, Халықаралық қатерлі ісікке қарсы күрес ұйымы (UICC) грантының иегері. Ол Манчестер Университетінің (University of Manchester) түлегі болып табылады, Швейцарияның Базель қаласында және АҚШ-тың Бостон қаласындағы Гарвард медицина мектебінде, тағылымдамадан өтті.
Жас ғалым биомедицина ғылымын жан-жақты оқып-үйренуге бар күш-жігерін салып, рак жасушыларының дамуын, қатерлі ісіктің диагностикасын, сонымен қатар оған қарсы күрес тәсілдерін зерттеді. Алған білімі және жинақтаған тәжірибесімен бөлісу мақсатында, Зарина Саутбаева Дипломатия Мектебінің оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында ол өз білімін ортаға салып, ғылыми эксперимент: ақуыздарды ыдырату, жасуша ядросын ашу және өз ДНҚ шығаруды көрсетті. Заринаның әңгімесін қызыға тыңдаған жас буын, өздерінің сұрақтарын қойып, барынша мол ақпарат алуға тырысты. Бұл кездесу оқушыларға түрлі ой салып, жаңа мақсаттардың қойылуына өз үлесін тигізгені сөзсіз. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Әсемгүл Уразаева

Әсемгүл Уразаева – USC Travel компаниясының негізін қалаушы
Әсемгүл Әлікқызы 22 жасында Атырау қаласындағы «USC» ЖШС негізін қалап, құрылтайшысы болды. Ол Атырау қаласының қоғамдық өміріне белсене араласады, қайырымдылықпен айналысады және қаланың әлеуметтік жобаларын жүзеге асырушы ретінде танымал.

Оның компаниясы мұнай компанияларына құрал-жабдықтар, арнайы жұмыс киімдерін жеткізу жұмыстарымен, инертті материалдарды тасымалдауға арналған көліктермен жабдықтау жұмыстарымен айналысады. Сонымен қатар бизнесінің тағы бір бағытын туристік корпоративтік қызмет көрсетумен, компанияларға арналған саяхатты рәсімдеу (көрмелер мен семинарлар), БАӘ-да Халықаралық Балалар шығармашылық фестивалін өткізуге арналған жобаны рәсімдеу, БАӘ, Канада және Ұлыбритания оқытушыларының қатысуымен жаздық балалар лагерін ұйымдастыру жұмыстарымен айналысатын, сонымен бірге шетел азаматтарын қолдау жұмыстарымен, жұмыс істеуге рұқсат қағаздарын рәсімдеу, шетел азаматтарын тіркеу жұмыстарымен айналысатын USC TRAVEL туристік компаниясы жұмыс істеп жатыр.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Әсел Далиева

Әсел Далиева – тоғызқұмалақшы

Ұлт мәдениетінің қалыптасып, жетілу барысындағы зияткерлік ойындардың орны айрықша. Олар - ғасырлар бойы үздіктерді анықтайтын спорттық бәсеке, жарыс түрі ғана емес, өскелең ұрпақ тәрбиесінде, ұлттардың интеллектуалдық әлеуетін көтеруде маңызды феномен. Тарихы сан мың жылдық тоғызқұмалақ ойыны – қазақ ұлтының әлемдік өркениетке қосқан жарқын үлесінің бірі. Қазақтың ұлттық зияткерлік спортының қазіргі жарық жұлдызы – тоғызқұмалақтан әлемнің 7 дүркін чемпионы 27 жасар Әсел Далиева.

Ол – тоғызқұмалақтан Қазақстан еңбек сіңірген спорт шебері атанған жалғыз әрі ұлттық спорт түрлері арасында осы атақты иеленген тұңғыш спортшы. Тоғызқұмалақты тоғыз жасында ойнай бастаған Әсел Далиева он екі жасында - еліміздің ең жас спорт шебері, ал он алты жасында - халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған ең жас спортшы атанады. Жиырма жасына дейін жастар арасында республикалық тоғызқұмалақ жарыстарының 6 дүркін жеңімпазы болды. Ал ересектер арасындағы республикалық додаларда 11 мәрте чемпион атанып, көптеген халықарлық жарыстарда жеңіс тұғырына көтеріледі. 2013 жылы Әселге Азияда ойындарының алауын жағу мәртебесі берілді.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Елена Дмитриенко Александровна

Дмитриенко Елена Александровна – «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымы республикалық одағының президенті, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстанның балалар және пионерлер ұйымы одағы сыйлығының лауреаты, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Құрмет» орденінің кавалері, «Алтын патент» иегері (Мәскеу қ., 2002 ж.).

«Өнерге, шығармашылыққа жақын тұлғалаларды жоғары адамгершілік заңдармен өмір сүруге, Отанымыз Қазақстанның дамуына үлесін қосуға қабілетті адамды тәрбиелеу – бағдарламаның басты мақсаты. «Жұлдыз» бағдарламасы өмірден өз орнын табуға ұмтылған, жарқын әрі қайталанбас тұлға болып қалғысы келетіндерге бағытталған бағдарлама. Өзін-өзі тәрбиелеу үшін ұжымдық жұмыстарды, балалармен тәрбиелік және дамытушы жұмыстарды жоспарлаған кезде қолданыла алады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ильдар Ягьяев

Ильдар Ягьяев - Street workout чемпионы

Ильдар – Street workout бойынша тартылудан Қазақстан Республикасының чемпионы, SW бойынша ел чемпионы (жаңа рекорд), Street workout-тың төрт түрінен Ресей Федерациясы чемпионы.

Ильдар Сейітназарұлы 1995 жылы 20 маусымда туған, Ақтау қаласында тұрады. Street Workout бағытымен 2012 жылдан бастап айналысады және осы уақыт аралығында спортта жоғары нәтижелерге жеткен, Қазақстан Street Workout федерациясының мүшесі болып табылады.

2013 жылы Aktau Open Fest фестивалінде Ильдар «фристайл. күрделі элементтер» номинациясында үшінші орын алған, «екі қолмен көтерілу» күштемелі жаттығулары мен беліне 32 килограмм қосымша жүк байлап тартылудан чемпион болған. Сол жылы Ильдар ҚР алғашқы чемпионатында street workout бойынша ел рекордын орнатты. Ол «Белтемірге беліне қосымша 32 килограмм жүк байлап тартылудан» жеңімпаз болып, 15 рет рет тартылды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Евгений Чуриков

Алматыда осыдан 20 жыл бұрын қазақ тілінің электронды сөздігін әзірлей бастаған бағдарламашы - Евгений Чуриков тұрады. Ашығын айтқанда, өткен ғасырдың аяғында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі тағдырына ешкім сенбеді. Ал Евгений Чуриков екі он жылдықта өзінің sozdik.kz жобасын дамытып келеді.

Сайтқа күніне 50 мыңнан астам адам кіреді. Қазір sozdik.kz Қазақстан интернетіндегі белгілі сайттардың бірі. Евгений тек сайтты құрумен ғана шектелген жоқ, ол командасындағы мүдделестерімен бірге iOS және Android-қа арналған мобильді қосымшалар ойлап тапты, сондай-ақ мессенджерден шықпай-ақ сөзді аударуға мүмкіндік беретін Telegram-бот құрды. Қазіргі таңда сайт Қазақстандағы жалғыз сапалы электронды аудармашы және сөздік. Евгений миллиондаған қазақстандықтар қолданатын сөздіктің қорын күнделікті толықтырып отырады, сол арқылы елдің дамуына, оның ішінде қазақ тілінің дамуына үлкен үлес қосуда.

Қазақ тілін үйрену қиын емес, барлық жерде оның маңыздылығы туралы айту, тіпті, оңай. Бірақ оны жаңғырту, цифрлау және алға жылтуға күш салу оңай жұмыс емес, әсіресе оны қызмет бабымен емес, өз еркіңізбен және өз ақшаңызға жасаған кезде.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Назгүл Кенжетай

«Kyzylorda-news.kz» ақпараттық агенттігі «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының ІІ кезеңіне Қызылорда облысынан ұсынылған үміткерлермен таныстыруды жалғастырады.

Назгүл Кенжетай – халықаралық әскери тілші, фотограф-журналист. Оның фотосуреттері BBC ақпараттық агенттігінің сайтында жарияланған, Катар, Түркия және Еуропа елдерінде өткен көрмелерге қойылған.

Түрік бұқаралық ақпарат құралдары Назгүлді Қазақстаннан шыққан тұңғыш әскери тілші әйел ретінде таниды. 23 жастағы бойжеткен босқындардың шынайы өмір салтын көрсету үшін БҰҰ мен ЮНИСЕФ-пен бірлесе отырып, бірнеше рет Түркия мен Сирияның шекарасына арнайы барған. Өзінің айтуынша, мақсаты – Отанынан, түп қазығынан айырылған адамдардың тағдырына әлемнің назарын аудару, сол арқылы бейбітшілікті насихаттау.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық