Зарина Саутбаева
Зарина Саутбаева — биомедик - ғалым, Назарбаев Университетінің оқытушысы, биология магистрі, Халықаралық қатерлі ісікке қарсы күрес ұйымы (UICC) грантының иегері. Ол Манчестер Университетінің (University of Manchester) түлегі болып табылады, Швейцарияның Базель қаласында және АҚШ-тың Бостон қаласындағы Гарвард медицина мектебінде, тағылымдамадан өтті.
Жас ғалым биомедицина ғылымын жан-жақты оқып-үйренуге бар күш-жігерін салып, рак жасушыларының дамуын, қатерлі ісіктің диагностикасын, сонымен қатар оған қарсы күрес тәсілдерін зерттеді. Алған білімі және жинақтаған тәжірибесімен бөлісу мақсатында, Зарина Саутбаева Дипломатия Мектебінің оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында ол өз білімін ортаға салып, ғылыми эксперимент: ақуыздарды ыдырату, жасуша ядросын ашу және өз ДНҚ шығаруды көрсетті. Заринаның әңгімесін қызыға тыңдаған жас буын, өздерінің сұрақтарын қойып, барынша мол ақпарат алуға тырысты. Бұл кездесу оқушыларға түрлі ой салып, жаңа мақсаттардың қойылуына өз үлесін тигізгені сөзсіз.
Қазіргі уақытта Зарина ғылымның көмегімен науқас адамды жай ған емдеп қоймай, ауруды мүлдем болдырмаудың амал-тәсілдерін іздеуде.
Зарина оқытушы ретінде өз студентерін бәсекеге қабілетті мамандар ретінде қалыптастырып, болашақта өз мамандықтарының нағыз білгірлері болуларын алға мақсат етіп қойды.
Қазіргі таңда Зарина ғылыми қызметін онкоаурлардың диагностикасымен байланысты жобаға арнаған, оның арманы- рак ауруларын бастапқы кезеңдерде анықтап, білу. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта адамдар өз диагноздарын кеш біліп, ешқандай шара қолдана алмай отыр. Егер осы ауру ерте кезеңде анықталған болса, онда оны жеңу мүмкіндіктері де көп болар еді.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: өмірбаян Зарина Саутбаева туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, 100 жаңа есім тізімі Астана 100 жана есим тизими, Зарина Саутбаева биография омирбаяны акпарат малимет, Зарина Саутбаева биография на казахском языке, 100 жаңа есім тізімі жыл 2017, 100 жаңа есім тізімі Астана, Зарина Саутбаева