Жамбыл Жабаев (1846-1945)

Жамбыл Жабаев– өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. Ақынның XX ғасырдың басына дейінгі шығармашылық өмірбаяны туралы деректер аз, өлеңнен ауыз жаппаған кісінің ұшан-теңіз жыр-толғау, айтыстары да түгел сақталмаған. Әйтсе де бала Жамбылдың дүмше молданы мысқылдап шығарған "Шағым", ақындық жолына рұқсат сұраған "Әкеме", "Менің пірім Сүйінбай" деген өлеңдері, бозбала кезінің мұңды да шуақты көркем жыры – "Айкүміспен айтысы", сылқым бойжеткен Кәмшат сұлуға шығарған құрбылық наз өлеңі сияқты дүниелер сақталған. Одан бертіндегі Жетісуды.....
Рефераттар
Толық

Мандарин қабығының пайдасы

Мандарин қабығында эфир майы, фитонцид, каротиноид, дәрумен, антиоксидант және басқа да пайдалы заттар көптеп кездеседі. Сондықтан оның қабығын да қажетке жарата біліңіз. Кезекті мақаламызда оның адам денсаулығына пайдасын айтамыз.

1. Ішіңіз кеуіп, дисбактериоз болсаңыз

Кептірілген мандарин қабығын кофе ұнтақтағышқа салып ұнтақтап.......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Табиғат туралы жұмбақтар (5)

Айтқаныңды айнытпай,
Қайталайды өзiңе
Тiл қатқанмен қаймықпай,
Көрiнбейдi көзiңе.
Жаңғырық

Мұхиттардың ортасында
Аппақ тау бар, түк өспейдi
Жер шарының картасында,
Оған еш шың теңеспейдi.
Айсберг

Жалтырайды сайда,
Сынбайтын айна.
Мұзойнақ
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Мінез

Нар мінезді жігітке
Нарға мінсе, жарасар.

Қауызында дәні жоқ,
Сабан мінезді адам болады.
Қорсылдаса көңілі тоқ
Қабан мінезді адам болады.

Адам жылқы мінезді:
Бір күнде түлейді,
Бір күнде жүдейді.

Сүтпен кірген мінез
Сүйекпен кетеді.

Жолбарыс жұлқынса,
Жонынан от шығады.
Мақал-мәтелдер
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Үй заттары

Қысы-жазы үйде тұрады,
Өзі мұзға ұқсайды.
Бетінде сәулесі бар,
Бұл жұмбағым кімге ұнайды.
Айна

Екі егіз қарсы келді,
Арасына көк мұз түсе берді,
Біреуі жанды, біреуі жансыз.
Айна

Бip ұяда топтасқан,
Түртіп қалсаң, от шашқан.
Шырпы
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Жәндіктер (құмырсқа, өрмекші, маса, ара, көбелек, шегіртке)

Қарайып ұшқанымен қарға емес,
Ін қазғанмен түлкі емес.
Арқасында боқшасы,
Жинағанмен мүлкі емес.
Қара қоңыз

Бір палуан өзі күшті, қайраты мол,
Өзінен үлкен затты көтерер ол.
Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе,
Қайқаңдап аса берер бәрінен де ол.
Құмырсқа

Елек-елек тарым бар,
Көтере алсаң бәрін ал.
Құмырсқаның илеуі
Жұмбақтар жауабымен
Толық