Менің Отаным – Қазақстан

Отан – елдің анасы, Ел – ердің анасы.
Кең байтақ сан ғасырлық тарихы бар біздің отанымыз – Қазақстан. Қазақстанды отаным дейтін себебім, бұл жерде ата бабаларымыз тұрған енді сол жерде біз тұрамыз. Әрбір адал адам отанын сүйеді, отан үшін отқа да түседі. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, отансыз да өмір сүре алмайды,- деп ойлаймын. «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл» деген қазақтың мақалы осының дәлелі.......
Шығармалар
Толық

Менің отаным – Қазақстан

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен және болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Менің туып-өскен жерім - Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі.......
Шығармалар
Толық

Көрікті де келбетті – Балқашым

Ерке толқыны жағаға ұрып, балығы тайдай тулағын, көкше көлдің теріскейіндегі шағын қаламыздың жетпіс жылдан астам тарихы бар. Осы жылдар ішінде талай тарихи оқиғаларды бастан кешкен Балқаш қаласы қазіргі таңда барша әлемге сары алтындай мысымен және орталық қазақстанның жауһары атанған – Балқаш көлімен де әйгілі.Жер шарындағы ішкі су қоймалары бар ең көне көл деп саналады. ......
Шығармалар
Толық

Менің отаным – Қазақстан

«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. ......
Шығармалар
Толық

Сарыарқаның інжу- маржаны – Жезқазған қаласы

Жезқазған қаласы— Қарағанды облысының ірі шаһарларының бірі. Қаланың іргесі 1954 жылы қаланды. Кеңгір өзені жағасындағы Кеңгір ауылының орнында тұрғызылды.Үш мыңнан астам ғана халқы болған. Кейін Кеңгір су қоймасына жақын маңнан үлкен қаланың құрылысы жүре бастайды. Белгілі өлкетанушы С. Бүкіров: «...Жезқазғанның арғы аты – Ақжал. Кенді үңгірдің бірін қазғанда самородок сары мыс, жез көптеп табылыпты. Содан жергілікті халық өз тіліне аударып, «Жезқазған» атаса керек», – дейді.......
Шығармалар
Толық

Елбасы – ел мақтанышы

1940 жылдың 6 шілдесінде қарапайым қазақ отбасында, бір перзентке зар болып, әулие - әмбиені аралап, құдайдан бала сұраған Әбіш пен Әлжанның шаңырағын шаттыққа толтырған періште сәби бүгінде еңселі елді басқарып, Ұлы адам боларын кім білген? Ауыртпалығы мен қиыншылығы мол сұм соғыспен тұспа – тұс келген балалық шақтың да қызығы аз болғаны белгілі. Тумысында ерекше жаратылған ұлы тұлғаның болмысы бөлек. Ерекше зейіні мен қабілеті, көрегендігі мен еңбекқорлығы – тамырын тереңге жайған бәйтеректей қазақ елін барша әлемге мойындатты. Елбасы халық арасынан шықты. Себебі ол халықтың өз қанынан жаралған бір бөлшегі және қазір де солай. Және де ол кісі қазақ жерінде туған ең дара азаматтарының бірі де бірегейі.
Қазақ халқы: «Әкеден — ақыл, анадан — мейір» демей ме. Елбасының жақсы азамат болып қалыптасуына ата – анасының қосқан үлесі шексіз.......
Шығармалар
Толық

Ұлттық патриотизм – елдікті сақтап қалудың негізі

Қазақ халқының сан ғасырларға созылған ұлт - азаттық күресінің нәтижесі – тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы. Осы жолдағы ұлы белестерде, қиын-қыстау асуларда бабаларымыз кемеңгер ақылы мен ержүрек батырлығын көрсетіп, ұлан байтақ жерімізді найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, біздерге мирас етті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың сөзімен айтсақ: “Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін , Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз”.......
Шығармалар
Толық

Сәлем – сөздің анасы

Тақырыбы: «Сәлем – сөздің анасы»

Мақсаты: Халқымыздың салт – дәстүріндегі инабаттылық ережесі туралы түсініктерін тереңдету арқылы балаларды сәлемдесу мәдениетіне, үлкенді сыйлауға, имандылыққа тәрбиелеу.

Балаларды әдептілікке, кішіпейілділікке, сыпайылыққа, адамдар мен қарым – қатынас жасай білуге баулу.

Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, үйрету.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, нақыл сөздер......
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Ескерткіштер – елдігіміздің белгісі

Еліміз Тәуелсіздік алған жиырма жылдан астам ішінде еліміздің қай өңірі болмасын дамудың даңғыл жолына түсіп, жыл сайын құлпырып келеді. Бұл
қай-қайсымыз үшін үлкен мәртебе, қол жетпес бақыт, сөз жетпес қуаныш. Осындай бақытты күндер үшін ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен небір қиын жолдардан өтті. Оның қадіріне жету, қастерлеу, киесін ұғыну бәрімізге парыз.Елімізді әлем таныды. Тереземіз теңелді. Бұл халықтың тілегі еді. ......
Шығармалар
Толық

Менің елім – Қазақстан

Тәрбиеші: Гульмира Калидоллаевна Жагипарова, Көктөбе ауылы, «Балдаурен» балабақшасы
Тақырыбы: «Менің елім – Қазақстан»
Мақсаты: Балаларды өз Отанын сүюге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің нышандарының қойылуы себебі жайында толық мәлімет беру. Отаншылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Мемлекетіміздің Рәміздерінің, Астана қаласының суреттері.
Қолданатын құралдар: Түрлі-түсті қағаз, желім.
Амандасу шеңбері: «Әдепті елдің баласы алдымен сәлем береді.»
Тәрбиеші: Амансыңдар ма, достарым!
Балалар: Сәлеметсіз бе, апай!
Тәрбиеші: Қане, балалар, шеңберге тұрайық, бір-бірімізге алақандарымыздың жылуын беріп, жақсы тілектер айтайық.
- Күніміз шуақты болсын!
- Аспанымыз ашық болсын!
- Көк туымыз биік болсын!
- Елімізде тыныштық болсын!
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Менің елім - Қазақстан» деп аталады.
- Балалар, біз қай елде, қай Республикада тұрамыз?
- Қазақстан Республикасында тұрамыз.
- Қазақстанның елордасы қай қала?
- Астана. ....
Балабақша сабақ жоспары
Толық