Бүкіл адамзат тарихында мәңгі өшпейтін қасіретті беттер де орын алады. Солардың қатарында жиі еске алатынымыз-екінші дүниежүзілік соғыс. Елбасы Н.Назарбаев ол туралы Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналған салтанатты жиында былай деген екен: «Бұрынғы Кеңес Одағының халықтары үшін ол Ұлы Отан соғысы болды,өйткені Армия ғана емес,сонымен бірге бүкіл халық Отан қорғауға көтерілді» Бақайшағына дейін тас түйін қаруланған жау елімізге кенеттен баса көктеп кіріп,соғыс ашқан 1941 жылғы 22 маусым мен біздің халқымыз үшін Жеңіс Туы желбіреген 1945 жылғы 9 мамыр мәңгі өшпес тарихи даталарға айналды. Миллиондаған жазықсыз жандардың өмірін жалмаған сол қанды қырғынның басталғанына биыл 75 жыл, ал аяқталғанына 71 жыл толады. Қасіретті болса да,тарихымыздың сол бір қаралы беті де ешқашан ұмытылмақ емес,себебі ол тәуелсіз Қазақстан тарихының бір бөлшегі болып қала бермек. Бұл күндер қазақстандықтар жадында әр кез жаңғыра беретініне Нұрсұлтан Әбішұлының мына бір сөздері де айғақ: «Қазақстан біртұтас халықтар арасында Ұлы Отан соғысына қатысты. Сондықтан да соғыс пен ол туралы зерде-көпұлтты Қазақстанның жалпы тарихының бір бөлігі». Ал,қасиетті тарихты білу, оны қастерлеу, өнеге тұту-азаматтық парыз, жаңа қазақстандық патриотизмнің маңызды құрауышы, ажырамас компоненті. Қазақстан жауынгерлерінің Ұлы Отан соғысында теңдессіз ерлікпен шайқасқанын білеміз. Олардың ерлігі - Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің, жастарды патриотизм рухында тәрбиелеудің тамаша өнегесі. Қазақ жерінен майданға аттанғандар арасынан 500-ден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Қас батырларды елге, әлемге танытуда қаламгерлер де көп еңбек сіңірді......
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі орын алатын күн. Бұл - біздің елімізге төнген үлкен қауіп әрі сын еді! Отанымызды қорғауға еңбектеген жас та, еңкейген кәрі де аттанды. Соның бірі – Бауыржан Момышұлы. Қазақ халқының «Ақын – елдің еркесі, Батыр - елдің серкесі» деп ақын мен батырды айрықша қастерлейтін дәстүрі бар. Бауыржан атамызда осы екі ұлы қасиеттің екеуі де бар. Ұлы Отан соғысында қазақ халқының ұлттық батырына айналған Бауыржан Момышұлы бұлтта ойнаған жасындай Мәскеу түбіндегі шешуші шайқаста қапияда ой тапқан, қараңғыда жол тапқан, ерен ерлігі мен даңқы әлемге жайылып, аты аңызға айналған бірегей қолбасшы ретінде танылды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, Бауыржан дүниеге келгенде: - О, Момыш баланың бауы берік болсын» - Ақменттей бабасындай батыр болсын! - Бәйдібек батырдың аруағы қолдасын! - Домалақ анамыз жар болсын! десіпті ел – жұрт. Арты шілдехана тойға ұласыпты. Той соңында Имаш ата былай деп бата берген екен: Алатаудың қыраны мол еді - Қырағы болсын, құлыным. Қойнауы суға мол еді......
Қайын атасымен бірге тұратын келіншек одан таяқ жеген себепті үстінен арыз жазбақ болғанын сөз етті. Алайда әйел адамның күйеуі оны бопсалап, әкесіне күйе жақпауын айтқан. Жұбайынан қолдау көре алмаған келіншек көпшіліктен кеңес сұрады деп хабарлайды nur.kz.
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су-тіршілк көзі Сабақ тақырыбы: Бұлақ көрсең көзін аш Жолдасбай Тұрлыбаев «Райымбек бастауы» Оқу мақсаттары: 3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу 3.2.6.1 кейіпкердің портртін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалау Сабақ мақсаттары: - мәтінді түсініп оқиды; - мәтін бойынша сұрақтар құрастырады және оған жауап береді; - мәтіндегі кейіпкерді сипаттайды; - кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себептерін дәлелдер келтіріп, бағалайды - төрт жолды өлең құрастырады;.....
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су- тіршілік көзі Сабақ тақырыбы:Судың пайдасы «Суыр сұңқар су қайда?» ертегі «Бабалар сөзі» Жүз томдық 73- том Оқу мақсаттары: 3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау Сабақ мақсаттары: - мәтіндегі оқиғаларға сүйене отырып, оқиғаның дамуын болжайды; - мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді; - шығарма кейіпкерлерін сипаттайды; - шығарма кейіпкеріне хат жазады;.....