Қара көзім (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аулым көшіп барады белден басып,
Белден асқан бұлтпенен араласып-ай.
Аулың алыс кеткенде, әй қарағым,
Ақ қағазбен жүрелік амандасып-ай.
Қара көзім,
Бар ма есіңде сондағы
Айтқан сөзім-ай.
Аулым көшіп барады лай көлге,
Шағи бешпет жарасар қынай белге-ай.
Аулың алыс кеткенде, қара көзім,
Көз жасыңды көл ғылып жылай көрме-ай.
Қара көзім,
Бар ма есіңде сондағы
Айтқан сөзім-ай.
Белден асқан бұлтпенен араласып-ай.
Аулың алыс кеткенде, әй қарағым,
Ақ қағазбен жүрелік амандасып-ай.
Қара көзім,
Бар ма есіңде сондағы
Айтқан сөзім-ай.
Аулым көшіп барады лай көлге,
Шағи бешпет жарасар қынай белге-ай.
Аулың алыс кеткенде, қара көзім,
Көз жасыңды көл ғылып жылай көрме-ай.
Қара көзім,
Бар ма есіңде сондағы
Айтқан сөзім-ай.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қазақ ауыз әдебиеті Қара көзім өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Кара козим казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Қара көзім