Ажырасу – мені балаларымнан айырды. Осыдан он жыл бұрын Марат көзіме шөп салғандықтан өзім ақ босағасын аттаған үйім мен үш баламды тастап кеттім. Өмірлік жарым күнделікті шаңырағымызға келіп, хал-жағдайымызды сұрап жүретін Жұлдыз есімді әйелмен төсектес болыпты. Жақын құрбыма айналған жан мен жарымның опасыздығы жаныма қатты батты. Осылайша үш ұйықтасам түсіме кірмеген жайт отбасымның ойранын шығарып, балаларымнан айырды
"КешYOU" тобында өнер көрсетіп, кейін Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шығып танылған Ақбота Сейітмағамбет желіде әсерлі жазба жариялады. Белгілі актермен жақында ғана ресми түрде ажырасқан әнші бұрынғы қарым-қатынасында жіберген қателіктері мен үлкен өкініші туралы жан сырын ақтарды деп жазады nur.kz.
Ғашықтардың тіл ұшында не тұрар? Тіл ұшында сүйгенінің аты бар. Бір кездегі махаббатым түсті еске, Сені көріп, қирап жатқан Отырар! Кәусар сулы, гүлзар бақты, қорғанды Менің де бір арман қалам болған-ды. Жастық сәулет, салтанатпен кеудемде Жасайтұғын сияқты еді ол мәңгі.......
Сақтап қойыңыз да, өз балаңызға даусыңызды көтергіңіз келген кезде қайта оқыңыз.
«Құлақ сал, ұлым. Бұл сөздерді сен ұйықтап жатқанда айтып жатырмын; Сен кішкентай қолыңды жастанып, қырыңнан жатырсың, ал сап-сары шаштарың терлеген маңдайыңа жабысып қалыпты. Мен өзім тыныш ғана бөлмеңе жасырын кірдім. Бірнеше минут бұрын жұмыс бөлмемде газет оқып отырып, мені үлкен өкініш толқыны тербеді. Мен сенің төсегіңе өз кінәмді толық сезініп келіп отырмын.
Көңіл-күйім болмаған кезде ашуымды сенен алғанымды ойлап қатты тебірендім. Сен мектепке бару үшін киіне бастаған кезіңде, заттарыңды жинай бастағанда, әрқашан, саған тағар мін таптым. «Өз аяқ-киіміңді тазаламапсың» деп кінәрат іздедім. «Киімдеріңнің біреуін еденге тастап кеттің» деп дауыс көтеріп, айғайлағаным есімнен кетер емес. Таңғы аста да саған тиісетін нәрселер таптым: «шайыңды төктің; тамақты дұрыс шайнамадың; маңдайыңды столға қойдың; нанға майды өте баяу жақтың т.б»
Кейін сен ойнауға бара жатқанда, мен поездге асығып бара жатыр едім. Сен бұрылып,қолыңды бұлғап: «Әкешім сау болыңыз!» деп айғайладың. Мен болсам, соған қабағымды шытып: «Жағаңды түзе» деп жауап бердім. .....
Анашым! Мені адамдар үнемі «Қаңғыбас» деп мүсіркейді. Мына бір қараң қалған өкініштерден ғана тұратын өмірім маған ұнамайды. Қызық, ә? Ешкімнен де төмен тұрғым келмейтін еді ғой. Ал мына жүрісім не? Неге тұйыққа тірелдім? Неге тығырықтан шығар өзге жол іздемедім екен?
Апталдай азаматтың бір шиша шөлмектің алдында соншалық төмендегені не деген аянышты еді...Сол бір құрығыр шөлмекті қолыма алған күнімді қарғыс атсын. Иә, расымен ол менің бар қайғымды, бар қиындығымлы ұмыттырды. Таңертең тіптен өз үйіме қалай келгенімді білмейтіндей жағдайға да жеттім. Сіз де, Балым да, бар жанашырым да маған бар ақылдарын үйіп – төкті. Сонда да мені шайтанның суынан өзге ештеңе қызықтыра қоймады. Қаншама жақындарыма айтқан сөздерім есіме түсе қалса, кірерге тесік таппаймын. Ал он жыл отассақ та, бірде – бір рет шәй десіп көрмеген жан жарым Балымға қол көтергенім тіптен иттік қой. Байғұс анам... Қолынан түк келмейтін, жігерсіз ұлыңды кеше гөр. Мен сізді ең бақытты ана етемін деп жүріп, ең сорлы ана еттім-ау. Сізге көрінуге бетім де жоқ. Есіңізде ме? Сіз кезінде «жас болса да бас болып, әкесінің жоқтығын білдіртпей, мені алақанына салып бағып отыр» деп көрші әйелдерге жер-көкке сыйғызбай мақтаушы едіңіз ғой мені. Соны есіме алсам, өзегім өртенеді. Сіз сеніп едіңіз ғой маған. Ал мен не істедім?
Тентек ініммен бір көрісіп сізді тапсырғым келеді. Менің орныма ең бақытты ана ет, сенің қолыңнан келеді дегім келеді. Бірақ мына түріммен ініме қалай көрінемін. Мені көрсе шошынатын шығар. Айтпақшы, өткен жолы оны базардың маңына көрдім. Баяғы тентекті емес, ересек азаматты көргендей болдым. Есейіп кеткендей ме өзі? .....
Айтыскер ақын Балғынбек Имашев қазіргі қыздардың еліктейтін тұлғаларын көріп, жүрегі ауыратынын айтты. Instagram парақшасындағы жазбасында ол заман талғамына сай қазақ қыздарының да үлгі алатын жандары өзгергенін жазып, өкінішін білдірді, деп хабарлайды NUR.KZ.
Былтыр іш киімді жарнамалап, ел алдына жартылай жалаңаш күйінде шыққан қазақ моделі Қорлан Мәди елдің сынына ұшыраған еді. Оны көпшілік сөгіп, қазақ қызының мұндай жарнамаға түсуі ұят дегенді айтқан болатын. Қорлан ikerim.kz сайтында бұған қатысты пікір білдіріп, жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.