Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені, болашағы. Биыл тәуелсіздігіміздің таңы атқанына жиырма жыл толып отыр. Тіл мен тәуелсіздік – егіз ұғым. Тіл тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда қоғамда тіл туралы оңды көзқарас қалыптасып отыр. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды. Әр халық ана тілін дамытуына, әлемдегі бүкіл....
«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» (Н.Назарбаев)
Жоспар: Кіріспе Жаңа ғасырға аяқ басқан жаңа Қазақстан. Негізгі бөлім 1.Тарих беттерін парақтасақ… 2.Ұмтылмайды Желтоқсанның ызғары. 3.Менің бар бақытым-қасиетті Отаным. Қорытынды Қазақстан тәуелсіздігі мәңгілікке. Адам баласы, адамзат қоғамы қашанда алдағы болатын оқиғаны әрі аңсай, әрі абыржи тосқан ғой. Әсіресе, ғасыр, мыңжылдық сынды,тарихта өшпес ізі қалатын межелі кезеңдер таянғанда қатты қобалжығаны рас. Үшінші мыңжылдыққа аяқ басу үшін де бір ғасыр бойы дұрыстап әзірленіп, әр қилы милленаристік қозғалыстарды бастапты. Сарыуайымшылдар қауымы: «Киелі кітапта айтылатын қиямет-қайым деген орнаса, осы жолы орнайды. Жасаған күнәміз,істеген жаман істеріміз шашымыздан да асып кетті. Ол үшін күллі....
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің I cанатты бастауыш сынып мұғалімі Саулебаева Ләззат Шәкиқызы
Тәрбие сағат тақырыбы: Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік
Тәрбие сағат мақсаты: а) оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы 15 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту. ә) отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенінұғындыру. б) бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу.
Заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің XX ғасырдағы биік шыңы — ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұланғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, XIX ғасырдың бел ортасында жол айрығына келген қазақ өмірінің барлық әні мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны Мұхтар Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген. Ұлы жазушы, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің көркем мұрасы біздің төл әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де жетістігі. Романшы, драматург, ғалым, сценаршы, аудармашы — бұл ұлы қаламгер дарынның толық емес тізімі. Оның Абай туралы эпопеясы мен асқан шеберлікпен жазылған шағын әңгімелері, повестері XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің алтын қорына мәңгілік енеді. «Абай», «Таң», «Шолпан» журналдарында жарияланған алғашқы әңгімелері мен зерттеу мақалаларынан, повестері мен драмалық шығармаларынан-ақ өзін қалыптасқан қаламгерлік жазу өрнегі, белсенді азаматтық бет-бағдары мен пікір толғамы бар сөз зергері ретінде бар даусымен мәлімдеді. ....
Мұхтар Әуезов Қазақ әдебиетіндегі драматургия жанрының негізін салушылардың бірі болды . 1926 жылы Қазақтың мемлекеттік драма театры оның « Еңлік – Кебек » пьесасымен ашылады . Драмашы бұл шығармасын кейінне әлденеше рет өңдеп , жетілдірді , соның арқасында пьеса театр репертуарының тұрақты орын алған классикалық туындыға айналды . « Еңлік – Кебек » трагедиясы ел ішінде кең тараған тарихи аңыз негізінде жазылған . Ол – ескі рулық-феодалдқ әдет-ғұрып шырмауын үзіп , жүрек қалауымен бір-біріне қосылған екі ғашық – жас Еңлік қыз бен Кебек батырдың ру шонжарларының қатал үкімімен өкінішті қазаға ұшырап , арманда кеткендіктері туралы аңыз еді . Мұхтар Әуезов аузша айтылып келген аңызды идеялық бағыты айқын , көркемдік қуаты мол трагедиыға айналдырды . Пьеса жазылған кезеңде қазақ ауылында көне кертартпа салт-сана айығып болмаған еді . Қызды сүймеген адамына айттырып , күйеуі өлген жесірді сол елден шығармай , ағайын-туған рулас біреуге зорлап қоса салатын әмеңгерлік әшкереленуге тиіс болатын . Алғаш рет жайлауда , жалғастырыла тігілген киіз үйде қойылған « Еңлік – Кебек » пьесасы қазақ сахнасында мүлде жаңа бір түрінің – драматургияның пайда болғанын әйгілейді , дала өңірінде талай жылдар бұрын өткен қайғылы оқиғаның кейіпкерлері тұңғыш рет сахнада көрермендер алдына шықты . Пьесе тек әдеби оқаға ғана емес , халқымыздың рухындағы ұлттық рухани , мәдени оқиға да болды . Шығарма толық , сенімді ашылған көркем тұлғаларымен де , қазақтың байырғы шешендік өнерінің жарқырап көрінуімен де тартымды . ....
Мұхтар Әуезов Қазақ әдебиетіндегі драматургия жанрының негізін салушылардың бірі болды . 1926 жылы Қазақтың мемлекеттік драма театры оның « Еңлік – Кебек » пьесасымен ашылады . Драмашы бұл шығармасын кейінне әлденеше рет өңдеп , жетілдірді , соның арқасында пьеса театр репертуарының тұрақты орын алған классикалық туындыға айналды . « Еңлік – Кебек » трагедиясы ел ішінде кең тараған тарихи аңыз негізінде жазылған . Ол – ескі рулық-феодалдқ әдет-ғұрып шырмауын үзіп , жүрек қалауымен бір-біріне қосылған екі ғашық – жас Еңлік қыз бен Кебек батырдың ру шонжарларының қатал үкімімен өкінішті қазаға ұшырап , арманда кеткендіктері туралы аңыз еді ....
XVI ғасырдың 90-жылдарынан XVII ғасырдың басына дейінгі Қазақ хандығының тарихы Шығайдың Абдаллахқа өтіп кетуі, Тәуекелдің одан қалуы, қазақ сұлтандары қатысқан 1588-жылғы Ташкент көтерілісі, 1594-1595 жылдардағы Тәуекел Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы, Самарқандты басып алған кездегі соғыс оқиғалары сияқты деректермен белгілі. Бұл аймақтардың Қазақ хандығы құрамына қосылуының тарихи маңызы зор болды, бір тарихи кезеңнің екіншісімен алмасуын көрсетті. Бұл оқиғалар тек қазақ хандығына ғана емес, шайбанилік мемлекеттерге де елеулі ықпал жасады, өйткені Орта Азиядағы әулеттер ауысуының солармен тікелей байланысы болды.
1582 жылы Шығай хан өлгеннен кейін Тәуекел хан болды. Абдаллахқа вассалдық тәуелділік оның кезінде де сақталып қалды. Бірақ 1582 жылдың бас кезінде-ақ «Әндіжан мен Ферғанаға жорықтан қайтып келе жатқанда Тәуекел өзіне ханның теріс ниетінен күдіктеніп, оны тастап, өзінің Дешті Қыпшағына кетіп қалды» делінген дерек те бар.
Тәуекелді осындай қадам жасауға итермелеген себептер деректемелерде түсіндірілгенімен бірсыпыра пікір айтуға болады.
... Тәуекел Сыр өңірінің қалалары үшін күресті бастап, 1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдаллах ханның әскерлері оңтүстікте шоғырланғанын біліп, Тәуекел Мауараннахрдың солтүстік аймақтарына шабуылдайды. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, тіпті Самарқанд сияқты қалаларды талқандады, Тәуекел шайқасқа түспей, асығыс шегініп кетті. Сөйтіп, Тәуекелдің Ташкентті алуға жасаған алғашқы әрекеті сәтсіз аяқталды.
Ташкент өңірінде болған 1588 жылғы көтеріліс сол кезіндегі қазақ халқы тарихындағы маңызды оқиғалар қатарына жатады. Ол жөнінде Хафиз Тыныштың «Шараф-наме – ий шахи» және Мукимидің «Зафар - наме» деген еңбектерінде қызықты мәліметтер мен жағдаяттар келтірілген. Ташкент көтерілісіне зерттеушілер осы кезге дейін назар аудармай келді, ал ол Орта Азия – Қазақстан аймағындағы тарихтың дамуына едәуір дәрежеде ықпал еткен еді.
Сол кезде қазақ сұлтандары Сауран билеушісі Ишанкелді аутаршы мен Наурыз би құсшының өздеріне қакүнемдік жасауға дайындалып жатқанын біліп, өзбек әскеріне қарсы аттанды. Алайда бұл күресте Ишанкелді би жеңіп, қазақ сұлтандары мен бүлікші әмірлері жеңіліс тапты. Үш айға жуық уақытқа созылып, әскери бүлік сипатында болған көтеріліс осылай аяқталды. Көтеріліске бүлікші әмірлермен және қазақ сұлтандарымен қатар көшпелі тайпалар да қатысты. 1588 жылғы оқиғалар содан кейінгі 1598-1599 жылдардағы оқиғалардың, атап айтқанда, Шайбани әулетін Аштархани әулетінің алмастыруы сияқты елеулі оқиғаның алғы шарты болды.
Сонау 1585 жылы-ақ Абдаллахқа дербес қарсы шыққан Тәуекел бұл көтеріліске қатысқан жоқ. Ол жеңген жағдайда өзіне айтарлықтай пайда келтіретін болса да, басқа қазақ сұлтандары жүргізген бұл күреске қосылмады. Тәуекел 1582 жылдың аяғында Абдаллахтан кеткеннен кейін оның жоғарғы билік үшін ұзақ уақыт табан тіресе күресуіне тура келді. 1596 жылы оның хан атағы болғанымен, алайда ол осы заңды негізге алмаған еді. Тәуекелдің сол жылғы Ташкентті шабуын суреттей келіп, Ескендір Мұңшының өзі де «өзіне хан атағын алған қазақ Тәуекел сұлтан сансыз көп әскермен Ташкентке жақындап келді» деп хабарлайды. Бұдан Тәуекелдің хан жағдайын 1586 және 1594 жылдар арасында жүргізілген ұзақ та табанды күрес нәтижесінде жеңіп алғаны, оның содан кейін Мәскеумен қатынастар жасау кезінде нағыз хан ретінде әрекет еткені анық болады.....
Ең алғаш рет тәуекел туралы түсінік өткен ғасырдың 20 жылдары бизнестің негізгі элементі ретінде сөз қылған экономист Фрэнк Найт. Ол тәуекел туралы түсінікті өлшенетін белгісіздік деп, бизнес тек тәуекел болғандықтан бар деп жариялады. Келесі қадамды Гарри Морковец жасаған, ол тәуекел мен табыстылық түсініктерін байланыстырды. Табыстылық тек тәуекелмен ғана көтеріліеді деген. Бұл пастулат қазіргі кезде экономист студенттерге мәлім, бірақ 1953 жылы Марковицтің еңбегінің негізін қалаушы жұмысы шыққанда және 1970 жылдың басына дейін оның теориясы аса қызығушылықты тартпады. Бірақ та 1970 жылдары қаржы әлемінде үлкен дағдарыс болды. Валюталық курстың ауытқуының әсерінен экспортталатын тауарлардың мұнайға деген бағасын 1 жылға алдын ала жоспарлау мүмкін болмады. Бағаның секіруі, пайыздық мөлшерлеменің кенеттен ауытқуы сенімсіздікті тудырды. "Тәуекел" түсінігінің ұзақ мерзімді әлемдәк тарихы бар, бірақ оны белсенді түрде көбірек зерттеу XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында басталды. Отандық экономикаға тәуекел мәселесі мен оны бағалау жаңа емес: осы ғасырдың 20 жылдары шарушылық есеп тәуекелінің заңды шарты қалыптасты. Бірақ қалыптасумен қоймай нарықтық қатынастарға қатысты нақты іскерлікті жою жүрді және 30-шы жылдардың ортасына қарай тәуекел категориясына капиталистік, буржуазиялық деген жарлық асылып қойылды. Елдің шаруашылығын экстенсивті дамыту мақсатында ұзақ мерзім бойы бағдарлау, орталық басқарудың тым жоғарғы нәтижесі, басқарудың әкімшілік әдісінің өктемділігі жоспарлы экономика шарты бойынша шаруашылық қызметтің тиімді негіздеуі мен барлық экономика – техникалық негіздеу жобаларының тек тәуекелдік талдаумен ғана құтылмады.Осыдан шарушылық және әлеуметтік мәселелер тиянақты қызығушылықтың жоғынан себебін түсінуге болады. Жоғарыда аталып өткен фактілерге байланысты отандық тәуекел туралы ілімді дамытуға біршама көзқарастар қалыптасты. Бірінші көзқарастың жақтаушылары осы сала бойынша ғылыми жетілдірудің жоқтығын айтты: - "біздің экономикалық ілімде және шарушылық практикада жалпыға ортақ шаруашылық тәуекелдің теориялық дәрежесі жоқ" ал "іргелі зерттеу атымен жоқ" бұл ахуал былай түсіндіріледі: біріншіден, экономиканы әкімшілік әдіспен басқару, яғни тәуекелдің бағалауы мен талдауының шарты жойылған. Екіншіден, жоғарыда тәукел жөніндегі сұрақтарға байланысты айтылғандай "Батыспен идеологиялық күрес" негативті әсер етті. Екінші көзқарас бойынша тәуекел мәселесіотандық ғалымдарға жаңалық емес. Осылай КСРО – да 20-шы жылдары бірқатар заң актілері қабылданды, олар шаруашылық өндірістік тәуекел түсінігін құрады. Бұл тәуекелдің ерекшелігі, тәуекелге байланысты жүргізілген зерттеулердің күшті деформацияланып, көптеген тәуекелдің есептелмеуі. Ол шаруашылық субъектілердің өз қызметтерінде кездесетін тәуекелмен байланысты. Қазақстанда экономикалық реформаның жүргізілуі шаруашылық қызметтегі тәуекелге байланысты сұрақтарға қызығушылық тудырды, ал тәуекел теориясының өзі нарықтық экономиканың құрылу процесінде тек өзінің ары қарай дамуын алып қана қоймай, сонымен қатар ізденіс үстінде болды. ....
Бұрынғы Кеңес Одағының халықтары көбінде 1991 жылдағы 13 желтоқсанда Орта Азия республикалары басшылығының Ашгарад кездесуіне бастама көтерген Қазақстан жетекшісінің күш жігерінің арқасында осы кездесу барысында біртұтас айқындама тұжырымдардың және Орталық Азия мен Славян Республикаларының егесін болдырмаудың сәті түсті. 1991 жылы 21 желтоқсанда Қазақстан Президентінің бастамашылығымен жиналған 11 одақтас республика басшылары жаңа бірлестік – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының негізін қалаушы құжат болған Алматы декларациясына қол қойды. Қазақстан тарихы қысқа мерзімде басты мемлекеттік мәселені шешті әрі елдің нақты тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақстан соңғы 10 жылда әлемдік қауымдастықпен барлық салаларда өркениетті байланыстар дамыта білген ашық қоғамға айналды. Көптеген елдериен өзара тиімдіжәне ұтымды қарым-қатынастар қалыптастырып, инвестициялармен келуі өсе түсті. Сыртқы саясатты орнықтырып, еліміздің халықаралық мәртебесін нығайтуға еліміз дипломатиясының зор еңбегі бар. Бүгінгі күн Қазақстан әлемнің көптеген елдерімен сыртқы қарым-қатынас орнатып, барлық беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі атанды. Қазақ елі сыртқы саясатының басты бағыты жетекші державалардың қауіпсіздік жөніндегі кепілдігін ала отырып, ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, ядролық қарусыз мемлекет мәртебесіне ие болу еді. Бұл ұстаным тез арада-ақ іс жүзіне асырылды. Ал осы жәйт халықаралық аренада еліміздің мәртебесін көтерді. Еуразия одағын құру, Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру сияқты Қазақстанның бірқатар игі бастамалары әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау тапты. Аталған кеңеске көптеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қызығушылық танытуы осы айтқандарымызға айқын дәлел бола алады7 Халықаралық қатынастарда Қазақстан таңдап алған көпвекторлы саясаттың дұрыстығын осы он жылда жинақталған тәжірибе шын мәнінде растап берді. ....