Психология | Жастардың ауытқитын мінез-құлық стереотиптерінің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Жастардың ауытқитын мінез-құлыққа жасайтын социологиялық зерттеулердің маңызы қазіргі кезде өте зор, себебі, бір жағынан алғанда қоғамдық тәртіпті бұзушылардың ішінен жас ұрпақтың, әсіресе біздің қазіргі кездегі студенттеріміздің үлесі мол, ол халықтың басқа да жастық топтардың арасынан салыстырғанды, екінші жағын алғанда, бағыттылықтың құрылуы (қажеттіліктердің, қызығушылықтардың, мотивтердің, бағалы құндылықтардың) осы жастық кезеңде өтеді. Осыдан барып жастардың девианттық мінез-құлықты бастан кешіруі жастардың ортасындағы негатиі құбылыстардың болуымен байланысты болып келеді.
Қазіргі кездегі жастар үшін ең маңызды мәселе ретінде бірнеше кедергілер, қиындықтармен ұшырасып отырады, ол жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесіндегі бастапқы капиталдың жоқтығы, осының барлығы едәуір толғандыратын мәселелер болып табылады. Сонымен қатар еңбек нарығындағы төмен бәсекелестік жағдайлары, профессионалдық білімдер мен тәжірбиенің жетіспеуі, осының салдарынан еңбек нарығындағы тұрақты орындарын таба алмай жастар ортасындағы девианттық мінез-құлықтың өсуі мен жұмыссыздық мәселесінің бел алуы таң қалдырарлық жәйт емес. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әлеуметтану | Жастардың әлеуметтенуі

I. Кіріспе
Тұлға әлеуметтануының бірден-бір негізгі проблемасына әлеуметтену процесін зерттеу жатады, яғни адам қалайша, неге байланысты қызмет етуші қоғамдық субъект ретінде қалыптасады деген ауқымды мәселелерді зерттейді. XXғасырда әлеуметтанушылар мен этнографтар жүргізген көптеген салыстырмалы зерттеулер тек әлеуметтік дағды-дәстүр, салт қана емес, сонымен қатар қызу қандылық және әйелдер мен еркектердің мінез-құлық ерекшеліктері әлеуметтендірудің жемісі болып табылатынын көрсетті.
Әлеуметтендіру (социализация) терминінің пайда болу тарихына келетін болсақ, ең алдымен мына жағдайды айта кеткен жөн: алғашында термин неміс тілінен ағылшын тіліне қате аударылған. Соған қарамастан бұл жаңа сөз сақталды және классикалық әлеуметтану мәселелерін қамтыған ұғымға айналды. “Әлеуметтану” ұғымы дәстүрлі “білім” және “тәрбие” ұғымдарымен салыстырғанда кең ауқымды, терең мағыналы ұғым. Білім белгілі бір білім жиынтығын беруді көздейді. Тәрбие мақсатты, саналы түрде жоспарланған әрекеттер жүйесі ретінде түсіндіріледі, оның мақсаты – балада белгілі бір тұлғалық сапаларды және мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Тұлғаның әлеуметтенуі топтық тәжірибенің негізінде іске асады. Шағын және ірі әлеуметтік топтардағы адамдардың әлеуметтік өзара әрекетінің нәтижесінде адам қоғамда жинақталған білім мен тәжірибені, ол қалыптастырған құндылықтар мен нормаларды меңгереді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Жас балалар арасындағы маскүнемдік пен алкоголизмнің әлеуметтік себептері

Кіріспе.
Жас балалар арасындағы маскүнемдік пен алкоголизмнің әлеуметтік себептері
Ғасырлар бойы қалыптасқан алкоголь мен маскүнемдік салт-дәстүрлер қазіргі кезде алкогольге үйреніп кетудегі маңызды фактор болып табылады. Осы фактордың алкогольдік кешендегі ролін бағалай отырып, маскүнемдік салт-дәстүрінің өмір сүруін қоғамдық психология мен әлеуметтануда іздеуге болмайды, олардың түп негізі тұрғындардың қалың қабатының материалдық сферасында жатыр, әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты маскүнемдік пен алкоголизм кешенінің себебі адамға жағымсыз әсер ететін нақты –тарихи жағдаймен түсіндіріледі.
Мұндай диспропорцияға мысал ретінде адамның шектен тыс бос уақытының көбейіп кетуі мен ол уақытты пайдалы өткізу арасындағы сәйкеспеушілік, әлеуметтік баспалдақ бойынша «сырғу», жұмыссыздық, мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық, соғыс және т.б.
Маскүнемдіктің пайда болуындағы жоғарыда аталған әлеуметтік факторларды айту болады, яғни өмірде болатын объективті қиыншылықтар, жетіспеушілік. Олар моральдық нормалардан психологиялық ауытқушылықты көрсетеді, соның ішінде алкогольді пайдалануға әкеледі. Адамдардың алкогольге деген тартушылығы өмір сүрудің кейбір түріндегі стимулдың әлсіздігінен, өзін құрметтеу сезімін, авторитетін жоғалтуынан пайда болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Социалогия | Жалпы әлеуметтік жұмысттар

Кіріспе
Жалпы әлеуметтік жұмыстың әрекет ретіндегі мақсаты адамның қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, құқықтық қатынастарын реттеу, оған туындаған проблемаларын жеңуге көмектесу және қолдау көрсету болып табылады. Ал әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі мақсаты нақты әлеуметтік процестердің заңдылықтарын, жұмыс істеу қағидаларын және дамуын, қоғамдағы жеке адамның азаматтық құқығы мен бостандығын қорғау кезінде әсер ететін психолого-педагогикалық және басқарушылық факторларының динамикасын зерттеу.
Әлеуметтік жұмыс саласындағы белгілі ресейлік маман С.И. Григорьевтің айтуынша, әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі пәніне адамның жеке және әлеуметтік субъективтілігінің өмірлік күшін қалыптастыру мен жүзеге асыруға әсер ету заңдылықтары, сондай-ақ өмірлік күш пен оларды жүзеге асыруға, реабилитациялауға арналған құралдарды біріктіру механизмін жетілдіру жатады.
Одан да басқа айқындамалар ұсынылып отыр. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Әлеуметтік–мәдени бағдарламаларға жұмсалатын шығыстар

КІРІСПЕ
Менің курстық жұмысымның тақырыбы
«Әлеуметтік–мәдени бағдарламаларға жұмсалатын шығыстар». Бұл тақырыпты таңдау себебім әлеуметтік–мәдени бағыттарға жұмсалатын шығыстар әлеуметтік мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін жұмсалатын мемлекет шығыстарының аса маңызды бағыты болып табылады. Әлеуметтік мәдени шараларға – оқу–ағарту, ақпаратты, қызметтер көрсетуге (баспасөз, радио хабарын тарату және теледидар), мәдениетке, шығармашылыққа, денсаулық сақтауға, денешынықтыру мен спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады.
Аталған шығыстар қоғамдық тауарларға, игіліктерге, қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бір бөлігі болып табылады. Олар мемлекеттің ақшалай трансферт түрінде, сондай-ақ ақысыз (немесе жеңілдетілген) материалдық игіліктер мен қызметтер түрінде қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке тұтынуға бағытталады .
Әлеуметтік–мәдени мақсаттарға жұмсалатын шығыстардың экономикалық функциясының негіздемесі әлеуметтік мұқтаждарды қанағаттандыру үшін барлық азаматтарға қолайлы мүмкіндіктер жасауға саяды. Мемлекет қоғамдық тұрғыдан маңызды қажеттіліктерді қаржыландыра отырып, дара рынонктық бөлудің ұнамсыз салдарларын жоюға, қоғамның барлық мүшелеріне әр түрлі әлеуметтік топтардың, жіктердің, таптардың өкілдерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын біршама теңестіру мақсатымен оларды қанағаттандыру үшін қажетті жағдайлар жасауға тырысады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Әлеуметтік саясат

Кіріспе
Баянды дамудың аса маңызды құрамдас бөлігі күшті әлеуметтік саясат жүргізу.
Әлеуметтік саясаттың басты нысаны – халық және халықтың әртүрлі бөліктерінің әлеуметтік жағдайы.
Әлеуметтік саясаттың негізгі субьектісі – осы саясатты жүзеге асыратын мемлекет болып табылады.
Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бұл мемлекеттің әлеуметтік сферадағы белгілі бір әлеуметтік кезеңге есептелген қаржылық ресурстар мен ұйымдық насихаттаушы күштермен нығайтылған, нақты тарихи жағдай мен мақсаттарға негізделген қызметі болып табылады.
ХХ ғасырдың 30 жылдарында мемлекеттер қатарында әлеуметтік шиеленісушіліктің тез жоғарылап өсуімен сипатталатын әлемдік дағдарыс мемлекеттің нарықтық үрдістерге сонымен қатар, әлеуметтік сфераға араласу қажеттігін дәлелдейді.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – қоғам өмірінің әлеуметтік – экономикалық жағдайларын реттеу бойынша мемлекеттің қызмет бағыттарының негізгі бағыты болып есептеледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Салық кодексі | Әлеуметтік салықты есептеу және төлеу тәртібі

Кіріспе.
Әлеуметтік салық Қазақстан Республикасының Салық жүйесінде 1999 жылы пайда болғаннан бері елеулі өзгерістер әкелді. Оньң ставкалары да және қолданылатын тәсілі де өзгеріске көп ұшырады. Соңғы әлеуметтік салық бойынша байқаулы өзгерістер 2002 жылдың 23 қараша «Заң шығарушы актілердегі салық салу бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы» Қазақстан Республикасының заңымен енгізілді.
Әлеуметтік салық өзімен салық салудьң маңызды түрін керсетеді. Ол өзімен бюджеттен тысқары 3 төлемді:
1) Әлеуметтік сақтандыру;
2) Медициналық мідетті сақтандыру;
3) Елдімекен жұмыс бастылығын айырбастап, бухгалтерлерге салыкты есептеуге және осыған орай келісілген есепттілікті есептеуді жеңілдетіп, салық орган қызметтерінің салықты дұрыс және уақытылы төлеудің бақылауын жеңілдетті.
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті салықтар мен төлемдер Салық кодексінде және басқа да басылымдарда айқын жазылу тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындаудьң, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңдарында белгілеу мүмкіндігін білдіреді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Әлеуметтік нарықтық шаруашылық

Кiрiспе.
Бүкiл тарихтың оң бойында әрбiр қоғам мынандай iлгерiлi эканомикалық проблемаларға тап болып отыр . Жирманшы ғасырда бiр- бiрiмен бәсекелес екi эканомикалық жүйе - орталықтандырылған үкiмет басқаратын әмiршiлдiк эканомика мен жекеше iскерлiкке негiзделген нарықтық эканомика -бұл сауалға бiр – бiрiмен мүлдем
кереғор екi түрлi тауар бередi . Сөйтседе нарықтық эканомиканың Батыс Европадан Солтүстiк Америкаға және Азияға дейiнгi әртүрлi қоғамдарда айтарлықтай табысқа жеткенiне қарамастан осынау болама эканомикалық жүйенiң iргелi принцптерi мен механизмдерi көптеген адамдарға белгiсiз яғни бұлыңғы күйiнде қалып отыр. Бұлай болуының себебi мынадай нарықтық эканомика дегенiмiз идеология емес адамдар мен қоғамдардың эканомикалық молшылықта тұруына бағытталған әдiстер мен қалыптардың уақыт сынынан өткен тұтас жүйесi . ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әлеуметтану | Әлеуметтік институттар түсінігі

Кіріспе
Кез келген әлеуметтік институт сол немесе басқа қажеттіліктерді атқара отырып пайда болады және қызметтеледі. Егер мұндай қажеттілік мыңызды емес болса немесе жоғалып кетсе, онда институттың өмір сүруі мәнсіз, мығынасыз болып қалады.
Институт ұғымы көп мағыналы, латын тілінен аударғанда құрлым деген мағынаны білдіреді. Оның екі түрлі мағынасы бар, тар мағнады, яғни техникалық, жоғарғы оқу орындарының аттары, ал кең мағнада, яғни әлеуметтік қоғамдық қатынастардың анықталған айналымындағы құқық нормаларының жиынтығы. Мыс: неке институты. Өздерінің күнделікті өмірлерінде адардар институт ұғымында әртүрлі әлеуметтік бірліктерді түсінеді.Ол білім беру және ғылыми ұғымдар мен ерекшеліктер, кез-келген ірі мақсаттық ұйымдар болуы мүмкінКейбір ғалымдар бұл ғылымды тек қана ірі маштабты ұйымға қолданады.Егер топ дегеніміз бір –бірімен қарым-қатынас жасайтын индивдтердің жиынтығы болса, ал институт дегеніміз адамзат қызметінің анықталған салдарында ғана болатын әлеуметтік нормаоар жиынтығы мен әлеуметтік байланыстар жүйесі. Тағы бір анықтамасы, әлеуметтік институт дегеніміз қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыратын қоғамдық құндылықтар мен процелураларды біріктіретін әлеуметтік нормалар мен байланыстардың ұйымдастырылған жүйесі болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Әлеуметтік жұмыстың теориясы мен оның қалыптасуы

К і р і с п е
Курстық жұмыстың өзектілігі XX-XXI ғасырда Қазақстанда білім берудің жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс теориясының қалыптасуы қазіргі әлеуметтік жұмыстың негізі болып табылады.Қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер осы негізгі теориялардың барысында реттеліп,өзінің оңтайлы шешімін тауып отырады.Әлеуметтік құбылыстарды,нақтылы әлеуметтік жағдайды талдап,бағалай білу,әлеуметтік проблемаларды тиімді шешудің жолдары мен тәсілдерін білікті түрде анықтауда осы әлеуметтік жұмыс теориясының алар орны орасан зор.
Курстық жұмыстың мақсаты өмірінде экономикалық,әлеуметтік,құқықтық қатынастарды реттеуде,одан туындаған проблемаларды шешуде әлеуметтік жұмыс теориясының орнын және оның қазіргі күнде Қазақстанда қалай жүргізіліп жатқанын көрсету,әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибесіне сүйене отырып ҚР-дағы жүргізіліп жатқан әлеуметтік жұмыстың әдістеріне және оның жетілдіру жолдарына тоқталу.(Әлеуметтік жұмыстың көптеген теорияларының қалыптасуына психология,социология мамандары,педагогтар мен психотеропевтердің қосқан үлесі зор.Білімнің жаңа тармақтарының қалыптасуының алдыңғы сатылары)
Жалпы әлеуметтік жұмыс дегеніміз-қайғылы жағдайларға душар болған адамдарға көмек көрсету.Әлеуметтік жұмыстың негізгі құндылықтары жақын адамға деген сүйіспеншілік,жан ашу,қиыншылықта бірге болу,ниеттестік,жағдайды өзгертуге деген мүмкіндікке сену,көмек жасау ниеті мен жәрдемі жатады.....
Курстық жұмыстар
Толық