Декреттегі әйелдерге құлаққағыс

✅ Декрет - бала бағу үшін мемлекет тарапынан әйел адамына берілетін заңды демалыс. Декретке ер адамға да шығуға болады. Бірақ бұл біздің елде сирек кездесетін құбылыс. Әйел үшін декрет - өміріндегі ең жауапты, шыдамдылықты, жинақылықты қажет ететін қиын кезең. 24 сағат үйде отыру, ешкіммен бұрынғыдай етене араласпау, үй шаруасынан көз ашпау жүйкені біраз жұқартады. Ғалымдар еркектің әйел энергиясынан қуат алатындығын дәлелдеген болатын. Олай болса отбасы ішіндегі жаймашуақ ауа райы тікелей нәзік жандының мықтылығын қажет етеді. Декреттегі әйел отбасын да, өзінің денсаулығын да сақтап қалғысы келсе мына бір ескертпелерді естен шығармағаны шарт:

✅ Ақша үнемдей отырып, өзіңізге киім, косметика, қысқасы қажет заттарды сатып алып отырыңыз. Үйде отырсаңыз да өзіңізді жақсы көріңіз.......
Кеңестер
Толық

ЖҮКТІ ЖӘНЕ ЕМІЗУЛІ ӘЙЕЛДЕРГЕ ОРАЗА ҰСТАУҒА БОЛА МА

Әнастан (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны хабарланады: «Ұлы әрі Құдіретті Алла сапардағыларды оразаның ауыртпалығынан және намаздың жартысынан, ал жүкті және емізулі әйелдерді оразаның ауыртпалығынан босатты». (Тирмизи, Әбу Дауд)

Ғалымдар: «Егер жүкті және емізулі әйелдер жатырындағы нәресте және баласы үшін қауіптенсе, онда олар ораза ұстамаулары керек, ал егер қауіптенбесе, онда оларға ораза ұстамауға тыйым салынады!» дейді.
Демек, жүкті және емізулі әйелдер өзі немесе баласы үшін қауіп сезінсе ғана оразасын тоқтата алады. Алайда, егер олар ораза ұстай алса, онда оларға оразаны қалдыруға тыйым салынады, өйткені Алла Тағала: «... ал сендер үшін ораза ұстау жақсырақ, сендер білсеңдер еді!» деген. («Бақара» сүресі, 183-аят)......
Кеңестер
Толық

Жан Ахмадиев өзгенің отбасын бұзған әйелге арнап кезекті шулы клипін жария етті (+18)

Елге "заманауи жырау" ретінде танымал белгілі рэпер Жан Ахмадиев кезекті шулы клипін жария етті. "Темір қатын" деп аталатын бұл жаңа туынды отбасын бұзған әйелдерге арналып жазылған деп хабарлайды NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Әлемдегі ең бай жазушы әйел табысының құпиясын жария етті

Кез-келген адам табысқа жетіп, атақты болып, өмірде өзінің ізін қалдырып кетуді армандайды. Бірақ бұл арманға қол жеткізу тек мыңнан біреуінің ғана қолынан келетіні рас. Сонда өмірде табысқа жетудің жолы қандай және арманның орындалуы үшін не істеу керек деген қарапайым сұрақтар туындамақ.
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

8 наурызға қыздарға, әйелдерге құттықтаулар, тілектер


Мазмұны:



Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Ана қуанышы, әйел қуанышы — әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймын:
 
Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

Құттықтау, тілектер
Толық

Әйелдің төсекке деген құмарлығын не тияды?

Жақсы әйел, мейірімді ана, мінсіз «көңілдес»-осы заманнның жігіттері өздеріне осындай әйелдің портретін салып алған. Алғашқы екеуіне тағар мініңіз болмаса да, соңғысына көбінің көңілі толмайтынын мамандар дәлелдеп отыр. Шынтуайтына келгенде мойындау керек күйбең тірліктен соң әйелдердің тосек ойынына деген құлқы болмайды. Оларға арнайы «дәрі» де әсер етпейтін көрінеді. Бірақ жеген тамағыңыз пайдалы болсын, төсек қатынасындағы кедергіден құтылғыңыз келсе төмендегі тағамдардан қашыңыз.
Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Күйеуімнің көңілінен қалай шығамын?

Оқырман: «Қадірлі әйелдерге арналған сайт, кеңестеріңіз өте қажет. Маған күйеуімнің көңілі толмайды. Өйткені, не істесем де мүлде ұнатпайды, «істеген ісіңнің бәрі кемпірдікі сияқты»-, дейді. Төсекте де көңілінен шықпаймын, ал ол туралы біреуден кеңес алуға ұяламын. Кейде мені, кемсіткеніне налығанда ажырасып кеткім келеді. Бірақ балаларымды толыққанды отбасында өсіргім келеді. Айтыңыздаршы, қайтіп отбасымды сақтай аламын? Сіздердің кеңестеріңіз ауадай қажет!»
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Әйелдің ер адамға ұнамайтын әрекеттері

Еркек пен әйел – екі бөлек жаратылыс, екі әлем. Әйел адамның мазасын алып, түн ұйқысынан айыратын мәселеге ер адам бей-жай қарап, мән бермеуі мүмкін. Біз, нәзік жандылар, әу бастан әлсіз болып жаралғанбыз. Ал қандай әрекетіміз еркектің ашуына тиеді екен?
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Жүкті әйелдерге қажетті 13 кеңес

Бала тәрбиесі – ХХІ ғасырдың ең маңызды мәселелерінің бірі. Елінің болашағы ұрпағының қолында екенін түсінген әр ұлт бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуде. Ал баланы тәрбиелеу ол туылған сәттен емес, құрсаққа біткен тұстан басталатынын қазіргі ғалымдар енді дәлелдеп жатса, Пайғамбарымыз ﷺ осыдан 14 ғасыр бұрын айтып кеткен. Жүкті әйелдің мәртебесі - өте жоғары. Пайғамбарымыз ﷺ бұл туралы: «Әйел құрсақ көтерсе оған Алла жолында күнімен ораза ұстап, түнімен намаз оқығанның сауабы жазылады. Ал босанар уақыты жақындап, қиналған сәтте, Алланың ешбір жаратылысы.....
Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық