Дені саудың - жаны сау Спорт туралы әңгіме оқу (1 сынып, 8 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Дені саудың - жаны сау»
Сабақтың тақырыбы: Дені саудың - жаны сау. Спорт туралы әңгіме оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.6.1 Әр түрлі жағдаятқа байланысты қарым-қатынас барысында сипаттау сөздерді қолданады
1.2.1.1 Әңгіменің мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады
1.2.4.1 Күрделі емес мәтіндер мен суретті кітаптар бойынша қарапайым сұрақ қоя біледі
1.2.6.1 Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас, дауыстап оқиды
1.2.3.1 Сөз бен сөйлемдерді дауыс ырғағын келтіріп оқиды және мағынасын түсінеді
1.2.2.1 Әңгіменің басын, ортасын және соңын анықтайды
Сабатың мақсаттары:
Әр түрлі жағдаятқа байланысты қарым-қатынас барысында сипаттау сөздерді қолданады
Әңгіменің мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады
Күрделі емес мәтіндер мен суретті кітаптар бойынша қарапайым сұрақ қоя біледі
Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас дауыстап оқиды.
Сөз бен сөйлемдерді дауыс ырғағын келтіріп оқиды және мағынасын түсінеді. .....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Әңгіме оқу (1 сынып, 7 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тағам және сусын»
Сабақ тақырыбы: Әңгіме оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.6.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін/ ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі)/ стилін (көркем және бейкөркем) ажырату
1.2.2.1 мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну
Сабақ мақсаттары: Жеміс немесе көкөніс салатын жасауға рецепт жазамыз. .....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ұлттық кейіпкерлер жайында әңгіме оқу (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақтақырыбы: Ұлттық кейіпкерлер жайында әңгіме оқу
Оқу мақсаттары:
О6.Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас, дауыстап оқиды.
О3. Сөз бен сөйлемдерді дауыс ырғағын келтіріп оқиды және мағынасын түсінеді.
Сабақ мақсаттары: Алдар Көсе жайлы әңгімені оқиды, мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлрін мазмұнын талқылау арқылы анықтайды, кейіпкерге мінездеме береді......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Оқушыларды кітап оқуға үндеу


Қарағанды қаласы
№10 жалпы білім беретін орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тулеуова Айгуль Тулеуовна

25 сәуір – дүние жүзілік оқу күні. Осы күні еліміздің барлық аймақтарында, барша білім ордалары мен білім ошақтарында кітап оқу ұйымдастырылады. Бұл күнді арнайы атап өтуге басты себеп – жастардың кітап оқуға қызығушылықтарының төмендеп кетуі. Қазір техниканың дамыған кезі болғандықтан, оқушыларға кітапханаға барып кітап алып оқығаннан, ұялы телефондар, компъютер, планшет және т.б. электрондық құралдарды қолдану оңайға соғып тұр. Яғни ұрпағымыз техникаға бағынышты болып бара жатқан сияқты. Бұл қазіргі кезде алдын алу қажет болған үлкен індет. Осы індеттің алдын алу мақсатында еліміздің кей жерлерінде аталған ісшараны қалай ұйымдастырып, қалай өткізу туралы дәрістер беріліп, тәжірибе жүзінде орындалып көруде.

Ісшараны қалай ұйымдыстырып, қалай өткізу әр мекеменің еншісіне берілді. Әркім әр түрлі әдіспен жүргізеді, бірақ ортақ мақсат бір: жастарды кітап оқуға шақыру. Кітапты зырылдатып оқып қана қоймай, одан өзіне керекті мәліметтерді түртіп алып отырады. Берілген әңгіменің тәрбиелік жағына аса назар аударылады. Берілген шығармада балаға қажетті жақсы іс-әрекеттер болуы керек. Игі істер мен өнегелі өсиет, ұлағатты сөздері мол әңгіме алған жөн. .....
Әңгімелер
Толық

Оқу үрдісінің тәжірибесінде педагогтардың жаңа оқу жүйесіндегі инновациялық оқу әдіс тәсілдерін және жаңа технологияларды енгізу проблемалары


This article discusses the problem of introduction in educational process of innovative working methods and new teaching technologies. Features of teaching in the system of training of credit technology in colleges are analysed. The author reveals the effective teaching methods in the new system of teaching.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті, сапалы, білікті маман даярлау. Осы білім сапасы мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында істеліп жатқан қадамдар көп. Дегенмен, бүгінгі күні осы мақсатқа жету үшін қойылған міндеттеріміздің дұрыс атқарылмауы, оқу жүйесіне енгізілуіндегі ахауылдар оқу жүйесінде үлкен проблемаларды туындап отыр.

Қарастырылып отырған мақаламызда қазіргі таңдағы оқу сапасындағы оқытушылардың кредиттік оқу жүйесіндегі инновациялық оқу әдіс – тәсілдердің және жаңа технологиялардың енгізу проблемаларын қарастырып, оларға жаңа көзқараспен талдау жасадық......
Әңгімелер
Толық