Дені саудың - жаны сау Спорт туралы әңгіме оқу (1 сынып, 8 бөлім )

 Дені саудың - жаны сау Спорт туралы әңгіме оқу (1 сынып, 8 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Дені саудың - жаны сау»
Сабақтың тақырыбы: Дені саудың - жаны сау. Спорт туралы әңгіме оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.6.1 Әр түрлі жағдаятқа байланысты қарым-қатынас барысында сипаттау сөздерді қолданады
1.2.1.1 Әңгіменің мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады
1.2.4.1 Күрделі емес мәтіндер мен суретті кітаптар бойынша қарапайым сұрақ қоя біледі
1.2.6.1 Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас, дауыстап оқиды
1.2.3.1 Сөз бен сөйлемдерді дауыс ырғағын келтіріп оқиды және мағынасын түсінеді
1.2.2.1 Әңгіменің басын, ортасын және соңын анықтайды
Сабатың мақсаттары:
Әр түрлі жағдаятқа байланысты қарым-қатынас барысында сипаттау сөздерді қолданады
Әңгіменің мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады
Күрделі емес мәтіндер мен суретті кітаптар бойынша қарапайым сұрақ қоя біледі
Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас дауыстап оқиды.
Сөз бен сөйлемдерді дауыс ырғағын келтіріп оқиды және мағынасын түсінеді.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру
Шаттық шеңбері
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз,
Достарымызды көргенде
Қуана қарсы аламыз
Сәлем, сәлем, сәлем!
ОМ анықтап алу
Шығарманың негізгі желісін баяндаймыз.
Спортпен айналысудың маңызы қандай?
Қандай спорт түрлерін білесіңдер?
Спорттың денсаулыққа пайдасы зор. Спорт - адамды күшті болуға, жылдамдыққа, табандылыққа, тез ойлануға үйретеді.
Елімізде дамыған спорт түрлері: қазақша күрес, бокс, шаңғы спорты, суда жүзу, жеңіл - ауыр атлетика, мәнерлеп сырғанау, тоғызқұмалақ, т.б.
Қазақстанның мерейін көтерген, көк туын желбіреткен белгілі спортшылар өте көп. Олар: Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Александр Винокуров, Илья Ильин , Серік Сәпиев, Бекзат Саттарханов, Әлия Юсупова, т.б.
Спорт - денсаулық кепілі
Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады және денсаулығы жақсарады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу, т.б. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз. Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын ояту үшін мектеп бағдарламасына да енгізілген.
Біздің отбасымызда да анам мен әкем бізді үнемі спортпен айналысуымызды қалайды. Күнде тәңертең ерте тұрып, «Балапан» теле арнасымен бірге түрлі жаттығулар жасаймын. Аптасына үш рет «каратэ» спорттық секциясына барамын.
Өзіммен қатар құрдастарымды спортпен айналысуға шақырамын. Денсаулық - зор байлық.Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау керек. Олар: дене еңбегі, тамақ ішу, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және дем ала білу.
«Ыстық орындық» әдісі арқылы мәтін бойынша сұрақтар қою.
Спорттың адам денсаулығы үшін қандай маңызы бар?
Қандай спорттық ойын түрлері бар екен?
Бала отбасымен қандай спорт түрімен шұғылданады?
Қандай жаттығулар жасайды?
Денсаулық мықты болу үшін, тағы неге көңіл бөлген дұрыс?
Сергіту сәті
Басты оңға бұрайық
Басты солға бұрайық
Бір отырып, бір тұрып
Бір отырып, бір тұрып
Бір демалып алайық.
(Ж) Досыңа өзің шұғылданатын спорт түрінде, спорттық жетістіктерің түрінде әңгімелеп бер.
(Т) «Қазақстанның белгілі спортшылары» альбом жасау, қорғау. . ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру