Қандай ғажайып әлем! (таң қалып қарайды) Біз қандай елге келдік,ақылшы періштем? Періште: Бұл «Балауса» балдырғандар елі. Бұл елде өте әдемі,ақылды.....
Қазақ даласының Ресейге қосылуы ХІХ ғасырдың орта тұсында аяқталды. Осыдан бастап қазақтар қай жағынан болсада да Ресейге тәуелді күй кешті. Бұл кезде Ресейде капиталистік қоғам өркен жайған болатын. Капитализм Ресейге ғана емес, Кавказда, Орта Азияда, Сібірде, сонымен қатар қазақ даласында да қалыптаса бастаған еді. Ресейде болып жатқан экономикалық өзгерістер, саяси оқиғалар, мәдени даму үрдістері азды – көпті болса да қазақ даласына жетіп жататын. Патшалық Ресей шет аймақтарындағы халықтарды аяусыз қанады, барлық жағынан дамуына кедергі жасап, соған тікелей күш жұмсады. Бұл жағдай ұлттар арасындағы араздықты қоздырды. Ресейге қараған басқа халықтар сияқты, қазақтың да тілі, ұлттық мәдениетіне зорлық келді, қорланды. ....
Өсімдіктер әлемі әр түрлі ортада тіршілік етуге бейімделген басқа тірі организмдер сияқты тіршілік-тынысы, пішіні, көлемі жағынан алуан түрлі. Өсімдіктер шөлдерде, ағысы қатты өзендердің, теңіздер мен мұхиттардың түбінде, сол сияқты биік таулардың қар жамылғысы белдеулерінде де өсе алады. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән тіршілік нысаны бар. Өсімдіктер көлемі жағынан да әр түрлі. Ең майда тірі организмдерге вирустар мен фагтар жатады. Оларды 100-300 мың және одан да артық есе үлкейтіп көрсететін электрондық микроскоп арқылы ғана көруге болады. Таяқша тәрізді бактериялардың кейбіреулерінің ұзындығы 1-10 мкм ені 0,2-1 мкм (1 мкм – 10-6м). Темекіде теңбіл (мозайка) ауруын туғызатын вирустың ұзындығы орташа есеппен 300 нм (1 нм -10-9 м), ені 15 нм. Ал бактериофагтардың көлемі 50-100 нм аралығында. Жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктердің де ергежейлі өте майдалары мен алыптары бар. Мысалы, тұщы сулардың бетінде қалқып жүріп тіршілік ететін көпжылдық кіші балдыршөптің жапырақ тақтасының диаметрі 5-10 мм болса, су өсімдігі вольфияның жапырақ тақтасы 1-1,5 мм-дей ғана. Бұларға қарама-қарсы құрлық өсімдіктерінің ішіндегі ірісі — секвойядеңдронның биіктігі 100 м-ден асса, діңінің диаметрі 10 м-ге жетеді. Өсімдіктердің мұндай алуан түрлілігі өте ұзақ әрі күрделі эволюциялық даму барысыңда үнемі өзгеріске түсуден және орта жағдайларына бейімделуден болса керек. Ғылыми деректерге сүйенсек тіршілік алдымен суы бар ортада — дүниежүзілік мұхиттарда пайда болған. Олар: тіршіліктің қарапайым формалары клеткаланбаған, «ядросыздар», сол сияқты ядролылар - бір клеткалылар және колониялылар. Бұлардан кейін құрылымы едәуір күрделі көп клеткалылар пайда болды. Тірі организмдердің, жаңа формаларының пайда болу процесі сулы ортада баяу жүреді, бұл Дүниежүзілік мұхиттарда орта жағдайларын түзетін экологиялық фактор элементтерінің ауытқушылығының төмендігіне, бірыңғайлығына байланысты. Сондықтан да осы уақытқа дейін сулы ортада құрылысы қарапайым бір клеткалы, колониялы өсімдіктер — көк-жасыл және жасыл балдырлар тіршілік етуде.....
Әлемдiк нарықтың қазiргi жағдайы халықаралық сарапшыларды шынымен алаңдатып отыр. АҚШ Федералдық қор жүйесiнiң бұрынғы жетекшiсi Алан Гринспен: «Бүгiнгi дағдарыс – ХХ ғасырдың ең күштi қаржылық дағдарысы» деп мәлiмдедi. Кезiнде инвесторлардың көзiн қызықтырып, активтердiң бiрiнен кейiн бiрiн сатып алуға жетелеген қомағайлықтың соңы байлардың қолындағы барынан айырылып қалу қаупiне ұласқан. Дүниежүзiлiк нарықттағы ахуалды 1987 және 1998 жылдардағы дағдарыстармен салыстырған Гринспен 1837 және 1907 жылдардағы банк саласындағы қиын кезеңдi еске алды. Жалпы халықаралық қор нарығындағы жағымсыз жайттар Американың ипотека нарығындағы ахуалмен тығыз байланысты. Ипотекалық делдалдардың төлемдердiң уақытылы өтелмеуiнен есi шықты. Қаржыларының басым бөлiгiн ипотекаға қатысты құнды қағаздарға салған қорлар құлдыраудың шарықтау шегiне жеттi. Ең сорақысы, америкалық ипотекалық дағдарыс барлық халықаралық сауда алаңдарына кесiрiн тигiздi: Ұлыбритания, Франция, Германия мен Азия елдерiнiң биржалық индекстерi күрт төмендедi. Iрi инвесторлар банкротқа ұшырамас үшiн ресейлiк активтерге салған ақшаларын қайтарып алып, америкалық қазыналық қағаздарға ауыстыра бастады. 1987 жылдың 19 қазанында АҚШ-тың негiзгi қор индикаторы Лоу Джонестiң көрсеткiшi 22,6 пайызға бiр-ақ төмендегенде «жаңбыр жаумай жатып су болған» инвесторлар байбаламға басқан едi. Осының салдарынан еуропалық және азиялық биржалар күтпеген жерден төменге қарай құлдилап, гонконгтық биржа 1 апта бойы жұмыс iстеген жоқ. Алайда, қаржылық дағдарысқа Жапония ғана селт етпедi. Сарапшылар пiкiрiнше, сол кездегi дағдарыстың тарихи маңызы, бүкiләлемдiк экономикалық және қаржылық билiк Американың қолынан Жапонияға өттi. Қазiрдiң өзiнде жапондар тұтынудан гөрi өндiруге көңiл бөлсе, АҚШ керiсiнше, өндiруден гөрi тұтынуға ден қойған. Сондықтан Жапония шет мемлекеттердегi активтерiн үстемелей түсiп, Америка қарызға белшеден батқан үстiне батты. Алайда, көп кешiкпей жапондар да сазға отырды. Өйткенi, 1998 жылғы дағдарыс азиялық қор нарығындағы құлдыраулардан басталған болатын. 1997 жылдың күзiнде Таиланд пен Гонконгтың қор нарығында орын алған тұрақсыздық 1998 жылғы дағдарысқа ұласып, Жапония, Индонезия мен Оңтүстiк Кореяның қор нарығына керi әсер еткен. Сол жылы Ресей ГКО бойынша дефолт жариялады. Орыстардың ұлттық валютасы – рубльдiң бағамы күрт төмендеп, Ресейдегi шетелдiк инвесторлар орыстардан сырт айналды. Бiрақ әлемдiк нарықтағы мұнай мен газ, металл бағаларының өсуi инвесторларды орыстармен қайта «қауыштырды». Үстiмiздегi жылы халықаралық қор қайтадан қиын кезеңдi басынан өткере бастады. Сарапшылар пiкiрiнше, Американың ипотекалық дағдарысы қытайлық экономиканың өсу қарқынына кесiрiн тигiзуi мүмкiн. Ал, бұл әлемдiк нарықтағы шикiзат бағасының төмендеуiне ықпал етпек. ....
Жалпы, әулетінің билеуі кезінде сыртқы шлоуыларда арай әскерлері негізінен жеңіске жетіп отырғап. Осы мәселеде кейбір ислам дінінің беделін көтеруді ойлаушылар мұны ислим дінінің басқа дінге қарағанда артықшылығында деп көрсеткісі келеді. Біз қашанда барлық мәселені сол дәуірдегі тарихи жағдайлармен байланыстырып қарауымыз керек. Өйткені, ислам дінінің кей жерде күшпен өндірілгенін теріске шығарғысы келетіндер де бар. Шынына келгенде Пайғамбарымыз ислам дініне қарсылық еткен кейбір тайпаларды найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қорқытып кіргізбегенде ғасырлар бойы сеніп келген дінінен бір емес, екі емес, мыңдағанын адамдардың бірден кіруі мүмкін бе еді? Әрине, мүмкін емес".Егер біз тарихи шындық тұрғысынан қарамасақ, жалған мақтаумен ислам дінінің беделін көтеру орнына түсіріп аламыз. Ал тарих ешқашан бұрмалағанды көтермейді. Дәл осысияқты ислам діні де, жамап-жақсағанды қаламайды, өйткені ол жауынгер дін. Олай болса, араб әскерлерінің жаулау саясатындағы негізгі жеңіске жеткізген нәрсенің бастыларының бірі сол кездегі екі ірі державалар: Византия мен Иранның ішкі өміріндегі бытыраңқылық, қайшылықтардың өсуі, олардың өзара ішкі тартыстарының салдары еді. Осындай жағдай салдарынан әбден әлсіреген олар арабтарға қарсы тұра алмады. Кей жерлерде жоғарыда айтқандай салық, пен қанаудан қиындық көріп титықтаған халық тіпті арабтарды басқыншы емес, Византия мен Иранның теникісінен құтқарушы ретінде қабылдады. Олар ислам дініне енгендердің салықты аз төлейтіндерінен көптен хабардар болаты. ....
Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлығы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады. ....
Сәлем бергеннен кейін оқылатын дұға: «Аллаһумма әнтәс-сәләәм уә минкәс-сәләәм тәбәәрактә иәә зәл-жәләәли уәл-икрәәм». «Алла! Сен–сәлемсің. Сәлем сенен. Сен күллі нұқсандық атаулыдан пәксің. Дүние мен ақырет сәлеметі мен бейбітшілігі сенің көмегіңмен ғана болады. Нағыз қасиетті – Сенсің. Құдірет пен жомарт иесі, Раббым!
Менің ойымша «Жалпы жертану – біртұтас жүйе болып табылатын географиялық қабықша туралы теория , материяның дамуы туралы географиялық және басқа ақпараттардың негізі . Сондықтан « Жалпы жертанудың»теориялық тұжырымдары салалық географиялық талдаудың методологиялық негізі болып табылады . Болашақ мамандардың географиялық дүние- танымына негіз қалайды . «Жалпы жертану» пәніндегі географиялық дүние таным біртұтастығымен сиппатталады: табиғи құбылыстар мен процестер бір –бірімен ғана емес қоршаған ортамен де тығыз жүйелік байланыста қарастырылады . «Жалпы жертану» глобальды экологияның теориялық базасы болып табылады , өйткені тірі организімдер мен адам баласы өмір сүріп отырған ортаның экология- лық қауіпсіздігін қамтамсыз ету мақсатында географиялық қабықшаның қазіргі күйін , оның болашақта өзгеру бағытын анықтауға ат салысады . Глобальды өзгерістерлі зерттеудегі негізгі мақсат : Жер системасының дамуына әсер ететін физикалық , химиялық және биологиялық процестердің қарым- қатынасын анықтау , оған ғылыми тұрғыдан баға беру . Біртұтас жүйе – географиялық қабықша ( комплекстік геосфера , эпигиосфера ) ілімі соңғы уақытта космостық ізденістердің , эволюциялық географияның , Палеогеографияның мәліметтерімен толығуда . Сондықтан (Жалпы жертанудың» ғылыми бағыты фундаментальды физгеографиялық заңдылықтарды зерттеуден планетарлық масштабта табиғи – антропогендік ортаны тиімді пайдалану , апатты табиғи құбылыстар мен процестерді болжау және онымен күресе білуге бағытталған . Біртұтас географиялық қабықша біртекті емес , оның құрлысы да күрделі . Әсіресе , барлық қабықшалардың түйісу орталығы күрделігімен ерекшелінеді . Мұнда географиялық қабықшаның жекеленген компоненттердің -топырақ және тірі организімдердің кеңістікте әртүрлі таралуы мен дамуы нәтижесінде әртүрлі деңгейдегі табиғи – территориялық комплекстер дамиды . Сонымен , «Жалпы жертану» географиялық қабықтың жалпы заңдылықтарын дамуын , оның жекелеген компонеттері мен комплекстерінің кеңістік пен уақыт аралығында өзгеруін , қазіргі табиғи – антропогендік комплекстердің болашақта дамуын зерттейтін ғылыми сала . Сондықтан қарапайым деңгейдегі де табиғи комплекстердің дамуын , динамикалық ерекшелігін және кіші табиғи-антропогендік комплекстерге баға беріп , болжау үшін планетарлық географиялық заңдылықтар-ды білу міндетті . Адамдар Жердің шар тәрізді екендігін дәлелдеу үшін мыңдаған жыл уақытын сарп етті . Тек ХV ғасырда ғана бұлжытпас деректердің алдында ақыры Жердің жұмыр екендігі мойындалды . Сөйтіп барлық елдердің оқушылары өз планетасын жұмыр глобус арқылы оқып , зерттей бастады . Шын мәнінде Жер дұп- дұрыс шар емес . Оның нақты формасын айқындау үшін ғалымдар көп күш –жігер жұмсады . Қандай тәсілдер қолданылмады десеңші ! Сонда да біздің планетамыздың формасын дәлме- дәл белгілеу әлі қолдан келген емес . Ал мұның өзі білімнің көптеген салалары жөніндегі мамандар үшін өте маңызды . Сөйтіп , біздің Жеріміз – полюстар тұсында ішке қарай басыңқы үлкен шар – ғалымдар осындай пікірге келіп отыр . Бірақ Жердің үсті теп- тегіс емес . Бір жерлерде таулар аспанмен таласса , басқа бір жерде жазықтар көсіліп жатады , енді бір жерді ойпаңдар алып жатады . Егер жер бетінің бүкіл ойлы- қырлы бедерін ескеретін болсақ , Жердің формасы аса күрделі болып шығар еді . Сондықтан оны тіпті ең күрделі математикалық теңдеулермен бейнелеп беру мүмкін емес . Сондықтан Жердің беті деп материк астымен ойша жүргізілген су айдынын алуға ұйғарылған . Мұндай фигура «геоид» деп атайды . «Геоид» сөзін ғалымдар Жердің пішінін белгілеу үшін әдейі ойлап тапқан . Оны белгілі ғалым Листинг ұсынған . Бұл сөздің ешқандай геометриялық мағынасы жоқ. Оны тура аударсақ «Жер бейнесіндегі дене» дегенді білдіреді . Жердің радиусы шамамен 6 мың километрге тең . Глобустың радиусы одан миллион есе кіші . Сөйтіп Жердің полярлық және экваторлық радиустарының арасындағы 21 км айырма глобуста милиметрдің бөлігіне айналады . Бұл айырмашылықты глобуста бейнелеп көрсетудің ешқандай мүмкіндігі жоқ екені түсінікті де . Сондықтан глобусты жер шарының моделі деп атайды . Оның бетінде материк- тер , мухиттар , аралдар , түбектер біздің планетамыздың үстіңгі беті кішірейтілген түрінде бейнеленген . ....