Дінтану | Мұсылман әлемінің философиясы

Дінтану | Мұсылман әлемінің философиясы

Қазақ даласының Ресейге қосылуы ХІХ ғасырдың орта тұсында аяқталды.
Осыдан бастап қазақтар қай жағынан болсада да Ресейге тәуелді күй кешті. Бұл кезде Ресейде капиталистік қоғам өркен жайған болатын. Капитализм Ресейге ғана емес, Кавказда, Орта Азияда, Сібірде, сонымен қатар қазақ даласында да қалыптаса бастаған еді. Ресейде болып жатқан экономикалық өзгерістер, саяси оқиғалар, мәдени даму үрдістері азды – көпті болса да қазақ даласына жетіп жататын.
Патшалық Ресей шет аймақтарындағы халықтарды аяусыз қанады, барлық жағынан дамуына кедергі жасап, соған тікелей күш жұмсады. Бұл жағдай ұлттар арасындағы араздықты қоздырды. Ресейге қараған басқа халықтар сияқты, қазақтың да тілі, ұлттық мәдениетіне зорлық келді, қорланды.
Қазақ халқының рухани дамуы патшалық Ресейдің орыстандыру саясатының жасында әдістерімен жетелеп отырды. Патша өкіметі қазақ өлкесінде ғылым мен білімнің дамуына, ұлттық мәдениеттің өркендеуіне көңіл аударған жоқ. Патшаның жоғары лауазымды шенеуніктерінің бірі ресми құжаттардың біреуінде былай деп жазды: «Мен қырғыздарды (қазақтарды) орналастыру, оларды оқытып ағарту, оларды Еуропа халықтары шыққан сатыға шығару сияқты мүсіркегіштердің мейірбандық әурешіліктерімен шұғылданбаймын. Мен қырғызлардың (қазақтардың) өмірбақи малшы, көшпелі болып қала беруін, олардың ешқашан егін екпеуін, ғылым тұрмақ қолөнерден де мақрұм қалуын жан – тәніммен тілеймін». Бұдан қазақ халқының тағдыры патша үкіметінің « қайраткерлері» үшін немқұрайды мәселе болғанын айқын аңғарамыз.
Ресей патшалығы өзіне бодан халықтар арасына «астам», «алдамшы» идеологияны кеңінен таратып, соны жүзеге асырды. Тек орыс ұлты арасында ғана емес, бодан халықтардың арасында да сол идеологияны қолпаштап, өз бастарының амандығын ойлаған ұлт өкілдері де шыға бастады. Осы идеологияның зардабынан қаншама жазықсыз жандар жапа шекті, көптеген рухани, мәдени қазыналар халықтың игілігіне қызмет ете алмады. Елінің мүддесі, халқының қамы жолында бүкіл ғұмырын сарп еткен ақиық ақын – жазушылар – ғұлама ғалым, кемеңгер ойшыл, бейнелі сөздің биік бәйтерегі болған Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы сияқты арыстардың ойшыл да өршіл шығармалары отаршылдық түнегінде тұншыққан қазақ даласына сызаттап қана сәулесін түсіре бастады. Олардың азаттық идеясын таратып, «оян қазақ» деген ұран тастап, теңдік пен тәелсіздік туын бастарын қатерге тігіп, темірдей тәуекелмен тік көтергені бүкіл алашқа аян.
Жалпы, адамзат тарихында күллі дүниені қүрт өзгерткен асулы кезеңдер болады. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ басында осындай сынағы мол аласапыран дәуірдің басталғалы тұрғанын дәл аңғарған қазақ халқының көкірегі зерделі ұлдары ұлт тағдырына басқаша қарап, оның хал – ахуалын, тұрмыс – тіршілігі, аңсары мен ұмтылысы, ұлттық дамудың жолдары мен болашағы туралы тереңнен тербеп, саналарын сарықты, іс - әрекеттерін де сол бағытқа бұрды. Олар өздерінің қоғамдық – саяси, ағартушылық, ақындық, журналистік қызметтерімен, көркем туындылары және ғылыми еңбектерімен, әлеуметтік саладағы алуан түрлі ізденістерімен қалың бұқараның ұлттық санасын, отаншылдық сезімін қайрай түсті, жаңалыққа, оқу – білімге ұмсындырды, бостандыққа, теңдікке, бірлікке бастады, Туған халқын отарлықтың тұзағынан, қанаушы өкіметтің құлдығынан құтылуға, елдің тәуелсіздікке ие болып, оның экономикалық, мәдени дамудың жаңа жолына түсінуіне ақыл – ой, дарын – қабілеттерін, күш – жігерлерін, бүкіл саналы ғұмырларын арнады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру