Ері мен әйелі әңгіменің мәйегі..... Үйленбей тұрып. Жігіт: Ура! Ақыры бұл күнге де жеттім-ау! Қыз: Мүмкін, мен кетермін? Жігіт: Жоқ ,тіпті де олай емес! Қыз: Сен мені сүйесің бе? Жігіт: Әрине! Қыз: Сен менің көзіме шөп салып па едің? Жігіт: Жоқ, сен қалайша мұндай ойды ойлайсың?! Қыз: Мені аймалайсың ба? Жігіт: Иә! Қыз: Мені ұрасың ба? Жігіт: Ешқашанда! Қыз: Саған сенуге болады ғой?! Үйленгеннен кейін, осыны төменнен жоғары қарай оқыңыз
Бәке, кеше кешкілік паркте жаныңда отырған сымбатты бикеш сіздің қызыңыз болар? - Әлбетте! Басқа кім болушы еді... тек сол көргеніңді әйеліме айта көрмеші...
- Қатты уайымдап жүрмін, - дейді бір әйел құрбысына. - Неге? - Қызым тұрмысқа шыққалы жатыр. Өзі әлі тамақ істей алмайды. - Оған бола қам жемеңіз. Өткені күйеу балаңыздың тамақ істеуге қажетті азық-түлік алатын ақшасы да жоқ көрінеді.
Зерттеудің мақсаты: қазақ әдебиетінің іргелі суреткері, белді өкілдерінің бірі Әбіш Кекілбаевтың шығармаларында әйел образын зерделей түсу, көпшілікке таныстыру.
Міндеттері: - Ә.Кекілбаевтың еңбектеріне шолу жасау; - «Құс қанаты» повесіндегі әйел образына үңілу; - Кейіпкер Айсауленің өмірін зерттеу.
Өзектілігі: Әбіш Кекілбаев «Құс қанаты» ғұмырнамалық повесінде өз анасы Айсәуленің бейнесін сомдайды. Ана махаббаты сезімін ұғындыру, ана мен бала арасындағы байланысты қалыптастыру; өз жақын-туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болу.
Елордада көпбалалы аналар, жалғызбасты әйелдер және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналар "Кәсіпкер ана" жобасы аясында білім алып, жаңа мамандықты игере алады
Құрсақ той, құрсақ шашу — келіннің аяғы ауыр екенін білген ене жақын туыстарын, көршілерін шақырып, мол дастархан жаяды. Бұл мерекенің мақсаты — тойлау және келінге көңіл бөлу
Үш әйел суға барып кеңескенде не десіпті? Бірінші әйел айтады: – Мен ер жеткен кезде әкем мені бір жігітке берді. Өзі әлді шаруаның баласы еді. Өзі сері жігіт еді. Домбырашы еді. Ол кезде қазақ пен қалмақ бірін–бірі шауып, әкетер еді. Елін, жерін қорғаймыз деп, азамат тегіс ат үстінде болушы еді. Осының бірі менің ерім еді. Бұл жастықты қойсаңшы, мен басқа жігітпен әуейі болдым. Ол кісім келіп, қойнымда жатып, ұйықтап қалыпты. Мен де ұйықтаған екем. Мырзамның атынан түсіп, атын белдеуге байлаған дыбыстан ояндым да, жатсам, төсегіне жатуға келер деп, атып тұра кеп, есік ашып, түндікті сырдым. Жігітті қымтап, жауып тастағанмын. Мырза үйге кіріп келіп, жүктің үстіндегі домбырасын алып, шертіп-шертіп жіберді. Мен айттым: – Мырза, осы домбыраны адам көзімен тарта ма, көңілмен тарта ма? – дедім. Мырзам отырып: – Көңілмен тартады, – деді. – Мен көзбен тартар, – дедім. – Егер көңілмен тартатын болса, мен көзіңді байлайын, тартшы, – дедім. Ер аңғал келеді ғой, «Қанекей, байла», – деп, қасқайып отырды. Мен көзді байладым да, домбырасын қолына бердім. Сонда күйшім «Бозайғыр» деп, күй тартты. Мен соның мәнісін сұрап, алдандыра бердім. Жігіт шығып кетті. Осындай сасқаным жоқ шығар. Амалдап, жігіттен зорға құтылғанмын, – деді......
Елордалық 28 жастағы азамат, жұбайына 7 жерден пышақ сұққан. Мұны марқұмның көршілер айтты. Қансыраған келіншекті көпқабатты үйдің кіреберісінен бірінші болып тауып алған да осы көршілері болатын. Полицияның дерегінше қанды оқиғаға - арадағы қызғаныш себеп болған. Асылбек Даниярдың репортажы.
Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:
Үш жыл бойы отасқан ерлі-зайыптылар Тәуелсіздік даңғылы бойындағы дәл осы үйдің 4 қабатында өмір сүрген. Көршілерінің сөзінше, бұл жанұяда үнемі ұрыс-жанжал болып тұрады екен. Кеше 28 сәуір күні тағы да әйелі мен күйеуінің ортасында кикілжің пайда болып соңы өлім жағдайымен аяқталыпты.
Youtube желісіндегі Aina арнасына сұхбат берген Қазақстанның экс-президенті, қазір биліктегі "Нұр Отан" партиясының және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев бірінші әйелі туралы айтты. Оның сөзінше, бірінші әйелі қара шаңырақта тұрады. "Мен әскерден келгеннен кейін марқұм ағам Сатыбалды "Бірінші май" деген ауылда тұратын. Бауырым екеуміз Үштөбеде жүргізуші болып жұмыс істедік. Сол совхозда Гүлжанды кездестірдім (ред. бірінші әйелін айтып отыр).