Туған жер-ұлы ұғым
Туған жер-ұлы ұғым. Туған жер, отан, туған ел -барлығы адамға ыстық, қасиетті де қастерлі ұғымдар болып табылады. Бұл киелі ұғымдардың астарында қаншама мағына жатыр десеңізші?! Туған жер сенің қызыққа толы балалық шағыңды, ауылыңды есіңе түсіретіні анық. Мен өз отанымды «менің туған жерім» деп асқақтап, ерекше сезіммен айта аламын. Туған жер әлемдегі ең ұлы нәрсеге пара-пар. Себебі, оның құдіреттілігі ештеңеге тең келмейді.
Менің туған жерім, Отаным- тәуелсіз Қазақстан. «Отан-оттан да ыстық» деп атам қазақ айтқандай, туған жерім мен үшін ыстық. Қазақстан-қазынаға бай, көркем ел. Оның сұлулығын сөзбен....