Жұртты ысырып өзіме жол да ашпадым, басып өтіп басқаны төрге аспадым. Жоқтау айтып, жібітіп ел көңілін, сұрап, сығып алмадым көз жастарын. Жең ұшынан ешкіммен жалғаспадым, жалғандықпен алысып қан қақсадым.....
Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанатты .....
Ұшқан құстың қанаты талып, шығысынан шыққан күн батысына әзер жететін кең жазиралы даланы мекен еткен қазақ деген іргелі елміз. Ғасырлар бойы осы кең дала төсін тұлпар тұяғымен дүбірлеткен бағы мен соры кезектесе отырып, досқа ақ пейілін, қасқа найзасын,дауға қылышын сілтеген ата-бабамыздың ғұмыр бойы аңсағаны да, тілегені де - еркіндік. Болашақтан үмітін үзбеген аға ұрпақ тағдырлары қаншама рет тағдыр таразысына түсіп,қыл үстінде тұрса да «құт дарып,қыдыр қонған» туған жерді көздің қарашығындай сақтай білді.Теңдік пен татулықты,елдік пен еркіндікті ту етіп ұстаған «бастаса қолдың көсемі,сөйлесе сөздің шешені» болған аталарымыз бен найзаның ұшы,қылыштың қыры,садақтың жебесіне тайсалмай қарсы тұрған аға-апаларымыздың арқасында еліміз «ақ түйенің қарны жарылған » тәуелсіздік таңына жетті.......
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе!» - деп дана халқымыз айтқандай, керегесі кең, шаңырағы көк күмбезді аспанмен жарасқан, келешегі кемел ел болу үшін, алдымен, тәрбие керек. Ел болдық, бірақ бесігімізді әлі де түзей алмай жүргеніміз ащы да болса шындық. Тал бесіктен басталатын тәрбиенің бұлағынан сусындаған әр жеткіншек ұлтжандылық деген ұғымды бойына сіңіріп өсуі қажет. Ұлттық құндылықтарды құрметтеп, елінің ертеңіне алаңдап, өркендеуіне үлес қосатын азаматты ұлтжанды азамат деу орынды. Бірақ Абайлар мен Мағжандардың толқынынан туған толқындар саусақпен санарлық. Бүгін біз кез келген келеңсіз жайттарға «Е-е, заман солай болғасын...» немесе «Бұған біз емес , заман кінәлы» деген сияқты сөздермен өзімізді жұбататын болдық. Ал шын мәнісінде бұған кінәлы заман емес, адам. Өйткені заманды адам құрайды.......
Еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесінде,еліміз егемендік алып,өз алдына отау тігіп өзінің- ішкі – сыртқы саясатын өзі шешетін болды. Бүгінде аршаның міндеті – әдет - ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғарыт әрбиелі ұрпақты өсіру. Бала тәрбиесі ең алдымен,аға ұрпақтың жас жеткіншекке деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды .Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс -қимылынан танылып , сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор.......