Экономика | Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтерді Қазақстаннның Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қоры мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың конъюкторасына Республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Яғни Қазақстанның Ұлттық қорын қалыптастыру болашақ ұрпақ үшін қорланымды және елдің экономикасын келеңсіз сыртқы факторлардан қорғау үшін қаржы резерфтерін шоғырландырады. Сөйтіп, Ұлттық қор екі функция орындайды: Жинақтаушы және тұрақтандырушы функциялары.
Жинақтаушы функция қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Жинақтаушы функциясымен қатар қор қаражаттарының қалыптасуымен пайдаланылуының қолданылып жүрген тетігі ағымдары экономиканың жағдайын тұрақтандыру ықпал көрсетеді. Тұрақтандырушы функция шикізат ресурстарының әлемдік бағамын конъюнгтурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған. Қордың тұрақтандыру функциясын іске асыру мемлекеттік бюджетті орта мерзімде жоспарлауға көшцге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптасытру мен пайдалану дүниежүзілік және әшкә товар қаржы рыноктарының конъюктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдайы, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады.
Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталарымен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен есептемесі ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырылады. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ РӘМІЗДЕРІ

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi ....
Рефераттар
Толық

Тарих | ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА (1941-1945)

Адамзат тарихында ірілі- уақты он бес мыңға жуық соғыстар өткен екен. Бірақ солардың ішінде ауқымы, құрбандықтары мен алапаттығы жөнінен ең жантүршігерлігі екінші дүниежүзілік соғыс және олардың ажырамас бөлігі болған Ұлы Отан соғысы болды.
Соғыс жылдары бізден бірте-бірте алыстаған сайын оған деген көзқараста өзгеріп келеді. Қазіргі кезеңнің бір қасиеті-баяғыда аян болған жағдаяттар жайлы шындықтың жаңа Қырынан көрінуі. Бұл айтылған тұжырым 1941- 1945 ж.ж. Ұлы-Отан соғысының тарихынада тікелей әрі толығымен қатысты. Осынау қырғын тұрғысында жүздеген кітаптар мен мыңдаған мақалалар жазылғанмен, сол соғыс жайлы нағыз шындық әлі айтылған жоқ.
Қазір соғыстан кейінгі он жыл ішінде ол жайлы естелік әдебиет болмағанын көз алдына елестету қиын. Бұған соғысқа қатысқандарды кінәләудің жөні жоқ, өйткені оның тарихын терең зерттеуге тек партияның XX съезінен кейін ғана мүмкіндік туды.
Соғыстың сан өткелінен өткен жауынгерлер Сталиннің 1945 жылғы мамырдағы қошамет сөзін (тостын) жиі еске алады. Онда 1941-1942 жылдарда қиын-қыстау тұстарда жіберілген бір қатар қателіктерді тікелей мойындау және оларға әдейі баға беру бар, өйткені Сталин (үкімет) деген сөзді келтіргенде алдымен өзін алға тартуға әдет еткен еді.
Әрине мұның бәрі жөн. Бірақ Сталин өзінің бұл сөзімен өзгелерді, олардың ішінде тарихшыларды соғыс барысына дұрыс та сыни тұрғыда баға беруге шақырған жоқ. Қайта ол ең жоғары төбе би тәрізді тарихтың осы бір кезеңіне тек өзі ғана баға беріп, алдағы уақытта бұл оқиғаға басқаша баға беру мүмкін еместігін анық аңғартқанды. Оның айтқаны өткен жайлы ашы шындықты әйгілеуге шақырғандай болғанымен, іс жүзінде бұрынғыны әрі қарай зерттеуге мүмкіндік бермей, бұл тақырыпқа соңғы нүкте қойғандай әсер қалдырғандай болатын. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстан халқының ұлттық құрамы

Қазіргі кезде Қазақстан территориясында 100 астам ұлттар мен ұлыстар өкілдері тұрады. Әрбір халықтың өмір салты әдет-ғұрпы мен дәстүрі, еңбек дағдылары жөнінен ерекшеліктері болады. Мұнда жергілікті ұлт қазақтардан басқа орыс, украиндар, белорустар, немістер, өзбектер, ұйғырлар және т.б. ұлт өкілдері тұрады. Қазақтардың көпшілігі республиканың мал шаруашылығы дамыған оңтүстік пен батыс аудандарында қоныстанған. Әрбір ұлт өзінің ұлттық қасиеттерін сақтап қалу үшін өз жерінде үлесі 65 пайыздан жоғары болуы керек. 1897 жылы Қазақстандағы халықтың 80 пайыздан астамы қазақтар болса, ал 60 жылдары бұл көрсеткіш 32 пайызға кеміген. Мысалы, 1997 жылғы деректер бойынша Қазақстандағы қазақтардың үлесі 51 пайыз болып отыр. Қазақтардың ең көп қоныстанған жері Қызылорда облысы, онда облыстағы халықтың 93 пайызы қазақтар болып табылады. Атырау облысында – 84, Ақтөбе мен Оңтүстік Қазақстан облысында 60 пайыздан асады, ал қазақтардың ең аз қоныстанған жері – Қостанай және Павлодар.
Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тiркелдi.
1999 жылғы санаққа дейiнгi аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кемiген. Мұның басты себебi бұрын қуғын-сүргiнге ұшырап, Қазақстан жерiне көшiрiлiп, қоныстандырылған өзге ұлт өкiлдерiнiң, әсiресе, орыстардың, украиндардың, немiстердiң, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендерiне көшiп кетуi болды. Өсу тек Оңт. Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердiң саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құрады.
Соңғы он жылда ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгерiс болды. Мысалы, қазақ ұлты 1468,1 мың адамға (22,9%) көбейiп, республика халқының жартысынан астамын (53,4%-ын) құрады. Сондай-ақ, күрд (29,1%-ға), дүнген (23,3%-ға), ұйғыр 15,9%-ға), өзбек (12%-ға) халықтарының саны да өстi. Оның есесiне орыс ұлты өкiлдерiнiң саны 1582,4 мың адамға (26,1%-ға) кемiдi, немiстер 593,5 мың (62,7%), украиндар 328,6 мың (37,5), татарлар 71,7 мың (22,4%), беларусьтер 66 мың (37,1%) адамға кемiген. 1897 ж. бүкiлресейлiк халық санағының мәлiметi бойынша, қазiргi Қазақстан аумағындағы халықтың 80%-ын қазақтар, 12%-ын славян тектес халықтар құраған. 1897 — 1913 ж. аралығында мұндағы халық саны қоныс аударған орыс, украин, беларусь, татар, ұйғыр, дүнген, т.б. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қазақстанда ұлттық интелекцияның қалыптасу тарихы

Біздің Қазақ тарихымызда көптеген тарихи оқиғалар болып тұрса да өткенімізді ұмытпау болып табылады. Ұлттық инттелегенттеріміз турасында ол интелегенция өкілдерінің қалыптасу тарихы жаңаша интелегенция деп ХІХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап Ресей құрамына кіріп біткенен кейін одан алдында білім іздеп елін қараңғы заманна жарық заманға жиелеу мақсатында Білім іздеп ілімді білімді елге жетуге үгіттеген насихаттары текке кетпеді деуге болады. Олар келешек ұрпаққа жол сілтеп заман талабына көпке самғауға, білім мен бірлік керектігін айтып кетсе солар салған ізді жалғастырып елдерді бірлік құшағына шақырып кетті деуге тұрады. Қазақтарға діни сауатқана емес онымен қоса Дүниауи сауаттылық та керек есеп жаратылыс тану барша барлық білімді үйрену керектігі туралы талап армандары арқылы келешек үмітінде кетті деуге болады.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстандағы жалпы ұлттық өнім және оны есептеу әдістері

Тақырыбы. Қазақстандағы жалпы ұлттық өнім және оны есептеу әдістері.
Негізгі екі бөлімнен тұрады:
І. Жалпы ұлттық өнім, қор және ағын.
ІІ. ЖҰӨ есептеу әдістері және дефляторы.
Мақсаты: 1. ЖҰӨ туралы жалпы түсінігін
2. Аралық өнім және қосымша қосылған құнын
3. ЖҰӨ есептеу әдістерін
4. ЖҰӨ дефляторын
Қарастыра отырып тақырыпты толық ашып, бір бірімен байланысын көрсету. Осыған сәйкес міндеті. Аталған тақырыпшалардың әрқайсысына жеке тоқталып, ашатындай толық түсіндіру. Ол үшін Қазақстандағы жалпы ұлттық өнімін есептеу әдістерін түсініп, біздің экономикада қалай реттеу керектігін білу қажет. ....
Рефераттар
Толық

Экология | Қазақстандағы ұлттық табиғи саябақтардың жағдайы

Табиғат - Ана экологиялық жағдайлардың қол шоқпарына айнала тұра, бүкіл тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі екеніне дауымыз жоқ. Ал адам үшін табиғат ең қасиетті де, қастерлі ұғым. Қазақ халқының бар өмірі табиғатпен тікелей байланыста өтіп келеді. Сан ғасырлар бойы халқымыз табиғат аясында тіршілік өте отырып, оның сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді. Халқымыздың табиғат жөніндегі ой-пікірлері табиғат құбылыстары мен заңдылықтарымен үнемі үндесіп жатады. Сондықтан да халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлшөгі, құрамдас бір тобы деп есептеді. Табиғаттың қатаң жағдайына, түрлі өзгерістеріне сай көшіп-қонып жүріп, өз шаруашылығын табиғатпен үйлесімді жүргізді, сондай-ақ табиғатқа аялы алақан, көз қарашығындай қамқорлық керек екенін ерте сезінді.
Егер Жер – Анаға тіл бітсе: - Ей, адамзат баласы! Сен менің бауырымда тіршілік еткен ең тамаша перзентімнің. Саналы, парасат - пайымды төлімсің. Бірақ менің перзентім жалғыз сен ғана емес, басқа да тіршілік иелері – менің төл балаларым. Сенің өзіңмен бірге туғандарыңа, яғни жануарларға, аң – құстраға жасаған қиянатың - өзіңе, келер ұрпағыңа жасаған қастандығың дер еді.
Ағылшын халқында «Жер бетінде жалғыз ағаш, жалғыз көл, жалғыз өзен қалғанда ғана өміріміздің қаншалықты қажеттілігіін түсінеміз» деген нақылы бар.
Еліміз Егемендік алған күннен бастап – ақ Республикамызда табиғат қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Әсіресе, ерекше қорғалатын аумақтардың жер көлемін кеңейту және көркейту шараларын мейлінше кеңінен жүргізуді насихаттау жұмыстары қалың бұқара қалың арасында жан – жақты жүргізіліп келеді.
Елімізде «Ерекше қорғалатын аймақтар туралы» Заң 1997 жылы 6 тамызда қабылданған. Онда ерекше қорғалатын аумақтарға Республикамыздағы арнайы бөлініп алынған жер алқаптары, су айдындары, ормандар және жер қойнауы ерекше ережеге сай құқықтық тұрғыдан да және шаруашылық тұрғыдан да қатаң тәртіп пен қорғалып, табиғатты сақтап қалу үшін, әрі қалпына келтіру үшін бөлінеді деп атап көрсетілген. Қазіргі кезде Республикамызда ерекге қорғалатын табиғи аймақтар санатына: мемлекеттік қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар, табиғи ескерткіштер, қорықшалар, ботаникалық бақтар жатады. ....
Рефераттар
Толық

География | Қазақстандағы Шымбұлақ тауы

Қазақтың жерi - ұлан-ғайыр ұлы атырап. Қазақтың жерi - таулы қамалдың алақан уысы да, сулы жайлаудың жайнаған үлгiсi. Көк белдегi көп елге жетсең де - Қазақтың жерi, шөлейттегi құм белге жетсең де - Қазақтың жерi, көз мұнартқан шыңды елге жетсең, ол да - Қазақтың жерi. Алатау мен Арқа арасындағы ұлы дала да қазақтың, тек қана ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРI!!!
Елiмiздiң бес бөлiгi де берекелi баурай мен әсем табиғатқа бай. Солтүстiкте буырқанған Бурабай мен Оқжетпес шыңы, Жұмбақтас, тарихи жәдiгерлердiң ошағы Баянауыл бар. Оңтүстiктегi Шарын, Түрген шатқалдары, Бесшатыр, Есiк қорғандары, әншi аталатын Айқайқұммен мақтануға тиiспiз. Қиялыңа қанат бiтiретiн Бозкөл сарқырамасы, ақбалығымен танымал Асы бар, Қарқараның төсi мен Көлсайдың көк суын атаймын. Хан-Тәңiрiне бас имей, халқым деп сөз айту да күнә Шәлкөденiң шалғынына жетер жер жоқ.
Иә, бұл екi сөзге сыйдырмақ боп iлiп айтқанымыз, терiп айтсақ, тоғыз шақырым сайын жолықтыратындай тұмса табиғат пен тарихи ескерткiштер еселеп саналады. Жер жаннаты - Жетiсу. Жетiсудың жүрегiнде - Алматы. Алматының асқарында Шымбұлақ бар.....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақстанның ұлттық рәміздері мен мөрлері

Қазақ халқының ежелгі замандағы озық ойлы қайраткерлері мен білікті адамдары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ата-бабалар шежіресін — өзінің ұлттық тарихын жасап қалдырған. Өзінен бастап жеті атасына дейін білу әрбір қазақ азаматының дәстүрлі борышы болған. Мұны таныту - ата-ана тәрбиесінің әліппесі еді. Тек ата-анасынан жастай қалған жетімдер ғана мұндай білімнен мақұрым болатын. «Жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары», деген мақал осыдан қалған. Ал білікті де көшелі ауыл ақсақалдары мен рудың билері ең кем дегенде өз руының шежіресіне қанық болатын. «Шежіреші» деген даңқты атаққа ие болған біліктілер 15—20 атаға дейін тарата білген. Бүкіл бір жүздің, тіпті жалпы қазақтың үш жүзінің шежіресін таратып, қазақтың «жетпіс жеті атасын тарататын» жетік шежірешілер де болған. Бұлар аталарды таратумен қабат, сол аталардың жасаған дәуірінде халық басынаы өткен ірі оқиғаларды да ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келген. Қазақтың әрбір ру-тайпасының, әрбір жүздің өз шежірешісі болған. Бұл шежірешілер қазақтың байырғы күнтізбесін — ай-күн есептерін де, ғұрып-әдет, салт-сана заңдарын да жақсы білген. Кейін келе осы ауыздан-ауызға көшіп келген ауыз екі тарих-шежірелер қауырсын қаламмен жазылып, рубасылар мен билердің, хан-сұлтандардың қолында сақталатын болған. Жалпы алғанда, қазақ шежірелері 7-ғасырдан тартып 20-ғасырға дейінгі мезгілді қамтиды. Бірақ ұзақ заман бойына ауыздан-ауызға көшіп келгендіктен онда көптеген күңгірттіктер, жаңсақтықтар, қайшылықтар, дәуір мен жыл мезгілі белгісіз аңыздар, іағы басқа жамау-жасқаулар да бар ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Қазақстан Республикасында тұлғаның құқық мәртебесінің негіздері

Қазіргі кезде Қазақстанда жүргізіліп жатқан құқықтық реформа заңнаманы ірі масштабта жаңартумен және жетілдірумен, демократиялық мемлекеттің қағидаларына, тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарына жауап беретін көптеген жаңа құқықтық институттардың қалыптасуымен қатар жүруде. Қазақстандық құқықтың дамуының жалпы тенденциясынан мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қалыс қалар емес. К.Мәсімов атап өткендей, әкімшілік реформаның негізгі бағыттарын анықтау, мемлекеттік қызмет механизмін жақсарту кезінде мемлекеттік аппарат санының өсуі байқалады. Егер 2003 жылы елімізде шамамен алғанда 79 мың мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істесе, 2007 жылдың мамырына қарай олардың саны жүз мыңнан асты. Соған қарамастан мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігі пропорционалды түрде өскен жоқ. Халық арасында жақында жүргізілген сұрауларға сәйкес халықтың 57 пайызынан астамы мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасын қанағаттанарлықсыз деп санайды. Халықтың тек алты пайызының ғана толығымен көңілі толады. Ал қалғандары бұл сапаны «қолайлы» деп сипаттайды.
Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан әкімшілік реформаға сәйкес мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың заңды жауапкершілігі институтының дамуы жаңа бағыттарға ие болуда, өзге мазмұнмен толықтырылуда. Қазіргі кезгі юриспруденцияда басымдылықтар ауысып, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары алдыңғы қатарға шығып, мемлекеттің мүдделері артқа шегерілуде, сондықтан Қазақстанның мемлекеттік және құқықтық даму тәжірибесін қайта бағалауды ескере отырып мемлекеттік қызметтің дамуының жаңа жолдарын іздестіру қажет.
Лауазымды тұлғалардың заңды жауапкершілігі институтының маңыздылығына қарамастан билік өкілдерін заңды жауапкершілікке тарту мәселесінің жағдайы жалпы алғанда жеткіліксіз деңгейде орын алған, елеулі кемшіліктерге ие, бұлардың барлығы республикада адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және кепілдеудің тиімділігін төмендетеді. ....
Рефераттар
Толық