География | Қазақстандағы Шымбұлақ тауы

География | Қазақстандағы Шымбұлақ тауы

Қазақстандағы Шымбұлақ тауы

Қазақтың жерi - ұлан-ғайыр ұлы атырап. Қазақтың жерi - таулы қамалдың алақан уысы да, сулы жайлаудың жайнаған үлгiсi. Көк белдегi көп елге жетсең де - Қазақтың жерi, шөлейттегi құм белге жетсең де - Қазақтың жерi, көз мұнартқан шыңды елге жетсең, ол да - Қазақтың жерi. Алатау мен Арқа арасындағы ұлы дала да қазақтың, тек қана ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРI!!!
Елiмiздiң бес бөлiгi де берекелi баурай мен әсем табиғатқа бай. Солтүстiкте буырқанған Бурабай мен Оқжетпес шыңы, Жұмбақтас, тарихи жәдiгерлердiң ошағы Баянауыл бар. Оңтүстiктегi Шарын, Түрген шатқалдары, Бесшатыр, Есiк қорғандары, әншi аталатын Айқайқұммен мақтануға тиiспiз. Қиялыңа қанат бiтiретiн Бозкөл сарқырамасы, ақбалығымен танымал Асы бар, Қарқараның төсi мен Көлсайдың көк суын атаймын. Хан-Тәңiрiне бас имей, халқым деп сөз айту да күнә Шәлкөденiң шалғынына жетер жер жоқ.
Иә, бұл екi сөзге сыйдырмақ боп iлiп айтқанымыз, терiп айтсақ, тоғыз шақырым сайын жолықтыратындай тұмса табиғат пен тарихи ескерткiштер еселеп саналады. Жер жаннаты - Жетiсу. Жетiсудың жүрегiнде - Алматы. Алматының асқарында Шымбұлақ бар.

Мұнартып тау тұр құмартып...
Кiшi Алматы өзенiнiң алқабы ежелден-ақ ел тұрғындары мен меймандарының танымал тынығу орны болып саналады. Әр тараптан ағылған адамдардың назары спорттық кешенге еш аумаған, сол кешен орналасқан алқаптың рай тартады да тұрады. Бұл өлке мұзды шыңдары, ерекше тiк құлама шатқалдары, альпiлiк шалғын мен ормандарымен де ерекшеленедi. Iле Алатауы Тянь-Шань тауының солтүстiк жоталарының бiрi. Жотаның табиғи жағдайының әрқилылығы мен тау сiлемдерiнiң түрлi түсi жотаға Алатау деген ат әперген-дi. Ал Iле тiркесi бiршама кейiнiрек, XIX ғасырдың екiншi жртысында барып қосылған. Ертiстiң солтүстiк-шығысынан шыққан орыс зерттеушiлерi Iленiң арғы бетiнен жазық даланы көкжиектеп жатқан Алатау шыңдарын көрiп, Тянь-Шаньның таулы жотасына «Iле Алатауы» деген ат бередi. Iле Алатауы да өзге жоталар секiлдi ендiк бойымен созылып жатыр. Шу және Шелек өзендерiмен шектесетiн жотаның ұзындығы 280 шақырымды құраса, енi 30-50 шақырымға созылған. Жотаның ең биiк нүктесi Жаңақастек (биiктiгi 2450 м) пен Аманжол (3515 м) асулары арасындағы аймақ болып саналады. Iле Алатауы Алматы қаласымен шекарада Күнгей Алатауымен жапсарлас жатқан Шелек-Кемин бөгетiмен жалғасып кетедi. Екi арада қос өзен ағып жатыр. Шығыста Шелек ақса, батысында - Чон-Кемин жатыр. Дәл осы аңғарда Альпiнiң Монблан биiгiн 207 метрге басып озатын Iле Алатауының ең биiк нүктесi - Талғар шыңы (5017 метр) орналасқан. Кiшi Алматы өзенi әр саладан қосылған сулармен толысып, солтүстiкке қарай буырқанып, аптығып ағады. Шығысынан Горельник, Казачка, Батарейка салаларына батыстан құйылған Сарысай, Сакрама, Кiмасар, Бутаковка сулары дем бередi. Осылай жетi саладан жиналған суды Кiшi Алматы шатқалдардың терең сайларына құлатады. Ал өзеннiң ең тарихи арнасы - бүгiнгi Есентай өзенi қаланың шығыс бөлiгiн кесiп өтiп, Қаскелең өзенiмен қосылады да, 14 шақырымды баппен ағып, Iлеге құйылады. Кiшi Алматының жалпы бассейнi 1090 шаршы шақырымды құраса, ұзындығы 117 шақырымға созылып жатыр. Осындай табиғи жағдаяттар да Алатау шатқалдарының арасына спорттық-туристiк кешендер мен демалыс үйлерi мен аймақтарын салуға негiз болды. Кiшi Алматы өзенi аңғарында «Медеу» мұз айдыны, «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешенi және «Тұйық су» альпiлiк лагерь қоныс тепкен.
Шымбұлаққа жеткiзетiн жолдың өзi де жаннат бақтың бiр бөлшегiндей. Қаладан басталатын даңғыл «Медеу» мұз айдынына бiр жеткiзсе, Медеу шатқалынан басталатын өр өзiнше әсер бередi. Жылан бауырлаған жол тiкесiнен Шымбұлақтың демалыс орнына бастап барады. Биiктеген сайын ауа салқын тартып, болымсыз жел бетiңе аяз бүрiккенiмен, жеңiл саумал ауаны молынан құшырлана жұтасың. Қар жамылған тау жотасы алыстан қарағанда бұлттан ылдиға көз сап қарап тұрған ақбас шалдың бейнесiнен әсер берер едi. Суық жел леки соқса да, төбеде күн көзi шүленiн шашып, жылуын төгiп тұр. Қыземшек тастар алыстан бұлтиып көрiнiп, айғыржал төбенi ен таңбасымен айғақтайды. Күн көзiне шағылысқан қар ұшқындары да көз қарықтырып, жота бiткен жылт-жылт еткен ақ меруертпен айшықталғандай әсем. Шаңғымен қыраттан етекке қарай құйындай ұшып, құйғытып, сырғанап келе жатқан спортшылар қалыңнан аппақ қар бетiн қақ жара iз қалдырып, зу ете өтiп шыққаныңда ертегiде айтылатын Желаяқ ойыңнан кенеттен орын ала қалады. Қос қабат коттедждер мен ағаш үйлер тау баурайындағы таптырмас демалыс орыны. Ақ кеңiстiкте үйлесiм тапқан жасыл қарағайлар мен шыршалар да табиғат әспетiнiң кереметтiгiн растағандай. Шымбұлақтың көркi осындай, табиғи да тарихи.

«ШЫМБҰЛАҚ ДӘУIРI»
XX ғасырдың орта шенiнде шатқалда алғашқы тау шаңғысы кешенi ашылды. Табиғаттың өзi қолмен қойғандай етiп әзiрлеп берген кешеннiң аты «Шымбұлақ» аталды. Кiшi Алматы өзенi аңғарында, теңiз деңгейiнен 2300 метр биiктiкте орналасқан «Шымбұлақ» сол кездерi тау шаңғысымен айналысатын спортшылардың Меккесiне айналса, бүгiнде Шымбұлақтың шыңына тәу етуге Қазақстанды былай қойғанда, әлемнiң әр қиырынан адамдар ағылады.
50-60 жылдары «Шымбұлақтың» жанында «Спартак», «Искра», «Локомотив» альпiлiк лагерьлерi орналасқан болатын. Ал «Шымбұлақтың» өзiнде кеңестiк дәуiр тұсында республикалық жарыстармен қатар, КСРО көлемiндегi «Күмiс эдельвейс» жүлдесiне арналған Бүкiлодақтық байқаулар өткiзiлетiн. Талғар асуынан тiк құлайтын ұзындығы 3500 метрлiк шаңғы жолының құлдилау бұрышы 29 градуспен өлшенедi. Тәжiрибелi шаңғышылар болмаса, аяғына шаңғыны жаңа iлген демалушылар үшiн бұл құламаның құрдым екенi айтпаса да түсiнiктi. «Шымбұлақтың» әсем баурайы еуропалық стандарттардан кем соқпайды. Соғыс жылдарында Шымбұлақ шаңғышы-атқыштар дайындайтын әскери алаңға айналып шыға келдi. «Медеуде» ұйымдастырылған әскери мектептiң оқушылары Шымбұлақта тау шатқалдарында шаңғымен жүрiп соғысу, жұлдыздарға қарап, бағытты анықтау, тау өзендерiнен өту секiл- дi бiрқатар жаттығулардан өткен.
Iле Алатауы Тянь-Шань тауының солтүстiк жоталарының бiрi. Жотаның табиғи жағдайының әрқилылығы мен тау сiлемдерiнiң түрлi түсi жотаға Алатау деген ат әперген-дi. Ал Iле тiркесi бiршама кейiнiрек, XIX ғасырдың екiншi жртысында барып қосылған. Ертiстiң солтүстiк-шығысынан шыққан орыс зерттеушiлерi Iленiң арғы бетiнен жазық даланы көкжиектеп жатқан Алатау шыңдарын көрiп, Тянь-Шаньның таулы жотасына «Iле Алатауы» деген ат бередi.
Шымбұлақта 1500 метрлiк аспалы жол 1954 жылдың наурызында ғана пайдалануға берiлiп, «Шымбұлақ дәуiрi» басталды. 1962 жылға дейiн Шымбұлақ республика чемпионаттарының өткiзiлу орны болып келсе, кейiн әр жылдарда Шымбұлақта КСРО чемпионаттары ұйымдастырыла бастады. Ал 1961 жылы «Күмiс еңлiкгүл» жүлдесi үшiн алғашқы одақтық жарыс өткiзiлiп, 1983 жылы бес қабатты қонақ үй, медициналық орталық, аспалы жол пайдалануға берiлдi.
...Жоба бойынша Медеуде 60 гектар және Шымбұлақта 10,4 гектар аумақты құрайтын жерде курорттық нысандар бой көтередi. Ең алдымен 3 мың көлiкке арналған автопаркингтiң құрылысы тiзгiн алмақ. Құрылыс аяқталған соң бiрде-бiр жеңiл автокөлiк Шымбұлаққа шықпайтын болады да, оның орнына темiр тұлпарын автопаркингте қалдырған демалушылар аспалы жолмен бар болғаны 15 минөтте Шымбұлақтың төбесiне шығып үлгередi.
Аталмыш мектептi тәжiрибелi альпинист Иван Тютюнников жүргiзген. Соғыс аяқталған соң мектептiң аты өзгертiлiп, тау нұсқаушыларын дайындайтын мектепке айналып кеттi. Осы мектепте тәлiм алған спортшылар сол жылдары шатқал маңындағы «Молодежное» секiлдi бiрқатар мұздақтарды ашты. Ал кейiнiрек Қазақстанның шаңғы спортынан бiрiншiлiктерi ұдайы түрде Шымбұлақта өткiзiле бастады. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi республикалық комитеттiң құрамы жасақталып, Л. Вишняков, Н. Жәнiбеков, Л. Орехов, А. Артеменко, Н. Литовченко сынды тәжiрибелi спортшылар танылып шықты. Алайда соғыстан кейiнгi 5 жылдың өзiнде Шымбұлаққа ел спортшылары елтiп жүргенiмен, Одақтың озықтары шатқалды көзге iлмей келдi. Тек 1950 жылдан бастап қана Одақ көлемiндегi тау шаңғысы спорты кәсiби деңгейге жетiп, жарыс алаңын төбеден тауларға көшiру қажеттiгi туғанда ғана кеңестiк жүйенiң кең бөрiктiлерi Шымбұлаққа шындап назар аударды. Зерттей келе Шымбұлақтың бұған дейiн даңқы жер жарып келген Бакуриан алқабынан да асып түсетiнi анықталды. Шымбұлақта өткiзiлген бүкiлодақтық жарыстар осы жылдан бастау алады. Әрине ең алғашқы жарыстар ұйымдастырыла бастағанда спортшылардың шыңға жаяу көтерiлуiне 3 сағаттан аса уақыт қажет болатын. Ал төмен құлдилау бар болғаны ширек сағатты ғана құрайды. Осындай ауыр спорттың салмағын азайту мақсатында Шымбұлақта канатты аспа жолы салынып, Талғар асуының тыныш өмiрiн ең алғаш рет ауыр техника машиналары гүрiлге бөледi. 1500 метрлiк аспалы жол 1954 жылдың наурызында ғана пайдалануға берiлiп, «Шымбұлақ дәуiрi» басталды. 1962 жылға дейiн Шымбұлақ республика чемпионаттарының өткiзiлу орны болып келсе, кейiн әр жылдарда Шымбұлақта КСРО чемпионаттары ұйымдастырыла бастады. Ал 1961 жылы «Күмiс еңлiкгүл» жүлдесi үшiн алғашқы одақтық жарыс өткiзiлсе, 1983 жылы Шымбұлақта бес қабатты қонақ үй, медициналық орталық, бiрнеше аспалы жолдар пайдалануға берiлдi. Ал 1985 жылы халықаралық шаңғы спорты федерациясы Шымбұлақтағы «Шымбұлақ - Талғар», «Шымбұлақ» және тағы да «Шымбұлақ» аталатын үш шаңғымен сырғанау жолын бекiтiп бердi.
Шымбұлақтың тау жоталарындағы мұздақтар ұдайы жотаны өрлей өскен арша иiсiмен демалып тұрады. Әр жаздың ортасына қарай арша арасында өсетiн еңлiкгүл гүл ашады. Альпинистер бұл гүлдi деп ержүрек атап, өз жүлделерiнiң белгiсi етiп алған. 1967 жылы Шымбұлақ шатқалына Одақтың 160 спортшысы жиналып, аталмыш «Күмiс еңлiкгүл» жүлдесiн сарапқа салды. Ал 1976 жылы КСРО Спорт комитетiнiң шешiмiмен «Кеңес тау шаңғышыларының орталық тiрек пунктiне» айналды. Ауа райының қолайлы жағдайлары мен табиғаттың жiбек мiнезi Шымбұлақты еуропалық стандарттарға жеткiздi. Әрине, таулы өлкенiң табиғаты да таулықтарға бейiм екенi белгiлi. Шымбұлаққа алғаш келген адамның қан қысымы көтерiлiп, жағдайы нашарлайтыны сондықтан. Курортология ғылымы таулы аймақтарды төмен, орта және биiк таулы өлкелер деп үшке бөледi. Ондағы биiк таулы өлке теңiз деңгейiнен 2000 метр биiктiктен бастау алады. Алайда биiктiкке бiр үйренiп алған адамның ағзасы кез келген ауру-сырқауға қарсы тұра алатын болады. Iле Алатауының ауа райы аса құбылмалы емес. Қыстың үлкен бөлiгiнде тау басын Сiбiр антициклоны басып тұрады.

Қазақстандық ғасыр жобасы
Шымбұлақтың жаңа дәуiрi биылдан басталатын болды. Жыл басынан-ақ iргетасы қаланған алып құрылыс Медеу мен Шымбұлақта қатар жүргiзiле бастады. өткен жылдың көктемiнде негiзделiп, Алматы қаласын дамытудың тұжырымдамасына сәйкес салынатын демалыс кешенi бүгiннiң өзiңде «Қазақстанның ғасыр жобасы» аталып отыр. Еуропалық жоғарғы стандарттармен салынбақ болып жоспарланған кешен шетелдiк инвесторлардың күшiмен iске асатын болады. Жоба бойынша Медеуде 60 гектар және Шымбұлақта 10,4 гектар аумақты құрайтын жерде курорттық нысандар бой көтередi. Ең алдымен 3 мың көлiкке арналған автопаркингтiң құрылысы тiзгiн алмақ. Құрылыс аяқталған соң бiрде-бiр жеңiл автокөлiк Шымбұлаққа шықпайтын болады да, оның орнына темiр тұлпарын автопаркингте қалдырған демалушылар аспалы жолмен бар болғаны 15 минөтте Шымбұлақтың төбесiне шығып үлгеретiн болады. Әйтпесе, жоғары өрлеудегi автокөлiктердiң қауiпсiздiгi де, экологияға келтiрiп отырған зияны да көптен алаңдатып келгенi рас. Австриялық аспалы көлiктiң ауаға бөлетiн зиянды қалдықтары жоқ десек те болады. «Доплемаур» халықаралық компаниясы жасаған әуе кабиналарының сегiз адамға және төрт адамға арналған екi түрi пайдаланылады. Құрылысшылар «Алла бұйыртса, бұл әуе мәшинелерi келесi қыста-ақ демалушыларды Шымбұлаққа таситын болады» деп iске бiлек сыбана кiрiскен. Бәрiн айт та бiрiн айт, Шымбұлақ алдағы төрт жылда адам танымастай өзгергелi тұр. Демалушыларға арналған сырғанақ алаңдары төрт есе үлкейiп, ең, ең дейтiн қонақүйлер, шаңғы жолдары, спорттық тынығу орындары, спорттық сауда орталықтары, мәжiлiс залдары мен мейрамхана, дәмханалар осы Шымбұлақта бой көтередi. Алайда бұл құрылыстардың бәрi қара түтiнiн будақтатса, Шымбұлақты шырайлы көркiнен не қалады деп алаңдаудың және ретi жоқ, өйткенi ғимараттарға электр энергиясын экологиялық таза отын көздерiнен әзiрлеп беру шарасы қарастырылмақ. Осы мақсатта тау басындағы ғимараттар үшiн электр қуатын беру орталығы салынады. Бiрнеше кезеңдiк құрылыс жұмыстарын бастан кешетiн жобаға жалпы құны 45 миллион доллар жұмсалатын болады. Құрылыс жұмыстарының аяқталуы 2010 жылға жоспарланған.
Аталмыш үлкен жобаның 2003 жылдан iске аса бастауының 2011 жылы Қысқы Азия ойындарының Алматы қаласында өтетiнiмен де байланысы бар. Рас, 2014 жылғы Қысқы Олимпиаданы да елiмiзде қарсы алсақ деген ойымыз да болғаны жасырын емес. Алайда бұл мақсаттың жүзеге аспай қалғанын газет бетiнде жазғанбыз. Жә, Олимпиаданы қабылдау Қазақстанға расымен ертелеу болар, ал Азия ойындарын жоғары деңгейде өткiзiп шығу – бүгiнгi күннiң басты талабы болып отыр. Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары Бекен Бекмұханбетовтың айтуынша, «Медеу» мұз айдынына жүргiзiлетiн жөндеу жұмыстары алдағы жаздан бастау алмақ.
- Қаладағы әскерилер клубына қарайтын Бағанашыл спорт кешенiнде сонау кеңес уақытында салынған трамплин болатын, алайда бiршама ескiрген трамплиндi жаңаға ауыстырмаса болмайды. Бұл құрылыс германиялық мамандарға табысталып отыр. Шымбұлақтағы тау шаңғысы базасында да күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзу жоспары бар. Талғар ауданы аумағынан қысқы спорт түрлерiне арналған спорт кешендерi бой көтерiп, алдағы жылдарда бұл аймақ олимпиада қалашығына айналады. Ал мұз айдыны жағынан бiзде жетiстiктер жоғары, «Медеу» мұз айдыны мен Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының айдыны жақсы деңгейде. Сондықтан үлкен шаңғы кешендерiн салуға көңiл бөлiнiп отыр. Әрине, Қысқы Азия ойындарына дайындықты бiр спорттық кешендердi жаңартумен ғана емес, спортшыларды байрақты бәсекеге дайындаумен де жүргiзiлмек. Алдағы төрт жыл iшiнде Алматыда бiрнеше мәрте халықаралық жарыстар өткiзiп, оқушылар мен ересектер арасында қысқы спорт түрлерiнен спартакиада ұйымдастырмақ ниеттемiз, - дейдi спорт маманы.
Шымбұлақтың шырайын шетке танытатын шаққа да бар болғаны бес жыл қалды. Көпшiлiк Шымбұлақты екiншi Швейцария атап жүр. Жалпы неге екенiн, бiзде қай мекенiмiз бен тұлғамыз болсын өзгеден соның ұқсастықтарын iздеп, телитiн әдет бар. Шымбұлақты Швейцария санасақ, Шарынды АҚШ-тағы Колорадо штатының Гранд шатқалымен бiрге сөз етемiз. Басқа-басқа, Талғар шыңының мысын Альпiнiң Монбланы басады да тұрады. Жоқ, тұмса табиғат ұқсастық пен қайталауды қаламайды. Талғарымыз Монбланнан 200 метр биiкте, Ал Швейцарияң бiр мемлекет болса, бiздiң Шымбұлақ бiр қаламыздың бiр демалыс нысаны ғана. Таразы басы тағы бiз жақта. Ендеше Қазақстанның байлығын өзiмiз бағаламай, өзгеден талап ету жөн емес. Елiмiздiң болашағы туризм мәселесiмен тiкелей байланысты. Табиғи байлық жөнiнен Қазақстан әлемде бiрiншi орынға лайық мемлекет. Оны Шымбұлақтың бүгiнгi шырайы анық аңғартады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру