Тарих | Қазақстанның ұлттық рәміздері мен мөрлері
Көне замандағы таңбалардың сипаттамасы.
Таңба - пайпалық елтаңба, ол қазір шекара бағандарына салынатын Мемлекеттік елтаңба тәрізді тайпа жерлері шекараларындағы тастарға қаталып салынып отырған.
А.Дж. Эмре мен А.Н. Кононов сияқты ғылымдар «таңба» сөзінің түбірі «там» - күйдіру, өртеу, жағу деген етістік деп есептейді. Бұл қисынға келетін тәрізді. Қырғыз тілінде «там» тұтану, от алу деген ойларды береді. Ол қазақ тілінде де «тұтан», «жан» деген сөздердің синонимі. Ел арасында: «Сексеуіл оты тамғанша, сексендегі шал өлер, тамуына таз өлер, қызуына қыз өлер», - деген сөз бар. Отты тұтату, жағуға катысты пайдаланылатын тамызу, тамызық сияқты сөздердің де түбірі «там». Малға таңба қару әдісімен, күйдіріп басылады. Бұдан тамға сөзінің мағыналық төркіні «там» болғанын, -ға етістікке жалғанғанда есім тудыратын -қа (салыстыр: тұт-қа, жаң-қа) тәрізді сөз тудырушы жұрнақ екенін байқаймыз. Ал тамғаның таңбаға айналуы тіл ғылымында кең белгілі метатезалық құбылыс. /2/
Таңба - әдетте малға, көбіне жылқының санына күйдіріп басылатын айшық екенін жоғарыда айттық. Бірақ мәселе оның тек қана айырым белгісі емес екендігінде жатыр. Ол малдың иесі болып табылатын рудың, тайпаның елдік нышаны, меншіктік айғақ міндетін атқарады. Ал мөр ретінде билік белгісі сипатында көрінетіні белгілі. Ел тұтқасын ұстаған, оның мемлекеттік істерін жүргізіп отырған бедел иесінің биліктік нышаны деп қарасақ та, бір қауымдастыққа біріккен елдің ортақ меншігінің айырым белгісі деп карасақ та, ой төркіні тереңде жатқанын аңғару қиын емес. Таңба, мөрлерге бүгінгі елтаңбаларымыздың тарихи бастауында тұрған мәдени-этникалық мұралар тұрғысында қарайтынымыз да содан.
Таңбалық нышандар, әдетте, тайпаның, рудың бүтін ел құрамындағы халықтардың қасиет тұтқан наным-сенімдерімен, арман-аңсарларымен астасып жатқан киелі белгілерден тұрады. Шәкәрім шежіресінде түркі халықтарының таңбалары туралы деректер V ғасырлардан белгілі екендігі айтылады. Қазақ руларының таңбалары осы күнге дейін сақталған. Мысалы, тік сыңар сызық немесе дара әліп - қаңлылардың, тік қос сызық, немесе қос әліп - қыпшақтардың, көлбеу немесе тік айқасып қиысқан қос сызық немесе айқыш -керейлердің, бұрыш белгі -наймандардың, дөңгелек -дулаттардың, қос дөңгелек немесе көз -арғындардың, босаға - қоңыраттардың, садақ - адайлардың, құлақты дөңгелек - албандардың, қос құлақты дөңгелек - суандардың, үш құлақты дөңгелек - ботбайлардың, қос құлақты және тік қосылған сызықтар тіркескен дөңгелек - сиқымдардың ру-тайпалық таңбалары саналады. /2/
Олардың әр түрлі бейне-пішіндері тастағы жазуларда, сан алуан материалдық мәдениет үлгілерінде, археологиялық қазбалар кезінде табылған көне мөрлер мен металл ақшаларда жиі ұшырасады.
Бұл белгілер республика территориясынан табылған тас жазуларда да, қазба жұмыстары кезіңде шыққан түрлі ыдыс-аяқтарда да, құрал-жабдықтар мен өрнектерде де жиі кездеседі. Таңба белгілер көне ақшаларымызда да көрініс тапқан. Сонау VI—VIII ғасырларда-ақ ру-ұлыс нышандары айшықталған металл теңгелер шығарылған. Отырар, Тараз қалаларындағы металл теңгелер шығарған ұстаханалар туралы деректер өте мол. Отырарда соғылған мыс теңгелердің бір бетіне садаққа және төрт бұрышқа келетін рулық таңбалар, ал екінші жағында құйрығын көтеріп алып, оңға қарай қырындап тұрған арыстан бейнесі бедерленген. Қола теңгелердің бір бетінде төбелері түйіскен ұшбұрыштар мен соғды тіліңдегі жазу ізі, екінші бетінде алғашқыдан гөрі көркемдеу кескіңделген арыстан бейнесі айқын аңғарылады. Тараз қаласында соғылған теңгелерде де соңдай белгілер бар. Бір жағына садақ бейнесі салынса екінші жағына "аспан тектес түркі қағанының-теңгесі" деген жазу сызылған. Ел билеушілерінің есімдері жазылған немесе рулық таңбалары түсірілген мөрлер де аз кездеспейді. /2/
Төл рәміздеріміз төңірегінде толғанғаңда көнеден жеткен ұрандарға да соға кеткен жөн. Жалпы "ұран" сөзі ертеден-ақ қыздыру, жиналу, қайрат
беру мағыналарында қолданылса керек. Рух көтеру, ел басын қосу қажет
болғанда барша жұрт қасиет тұтатын аруақты көсем, атақты батыр, беделді би бабаның атын атап, ұран салған. Әсіресе, жауға қарсы шауып,
кек алар кезде, әр рудың өз ұраны болған. Бар қазақтікі — алаш. "Алаш, алаш" деп шақырғаңда басқа түркі тектес халықтар да ілескен. Бұлар негізінен әскери ұраңдар еді.
Қазақстанның ұлттық рәміздері мен мөрлерінің
маңыздылығы.
1.2 Қазақстанның ұлттық рәміздері мен мөрлері.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында 1992 жылғы 4 маусымда қабылданған мемлекеттік нышандарымыздың төл тарихының бастауы да тым әріде жатыр. Ол жөніндегі нақты деректерді кейбір тарихи ескерткіштер мен ғылыми еңбектерден, қазба жұмыстары кезінде табылған материалдардан кездестіруге болады. /1/
Ту көтерген батыр бабалар бейнесі сөнау ерте замандарда жартаста сызылған суреттерде айқын бейнеленген. Көне ұғымдарды былай қойғанда, аттары бүгінге дейін жеткен Мөде, Бумын және Елтеріс, Жәнібек пен Керей, Қасым мен Есім хан, Тәуекел мен Тәуке, Әбілқайыр мен Абылай сынды ел билеушілеріміздің, қол бастаган баһадүрлеріміздің қай-қайсының да өз байрағы болғаны тарихтан мәлім. Сол сияқты көне белгілердің бастауы халықтық танымға негізделген тетемдік идеяларда жатқаны да ақиқат. Мысалы, "көк асаба" аталған көне байрақ түсі иеі түркі халықтарының түп атасы кие тұтқан Көк аспан әміршісішң белгісіне баланса, түркілердің тағы бір табынары — көк бөрі бейнесі де тудағы танбаға айналған. Қазақ даласында көтерілген байрақ, тулар да біртектес болмаған, әрине. Ұзақ уақыт бойы арнайы сөз етіліп, қасиетті жәдігер ретінде қүнттал-мағандықтан да, ел ішінде кебіне Абылайдың ақ туы ғана ауызға алынады. Әйтпесе, тек терелер үстаған тулардың өзі әр алуан болған ғой. Мысалы, араб, парсы, түркі және қытай жазбаларына сүйсне отырып, тарихи желі түзген Құрбанғали Халидұлының әйгілі "Тауарих хамсасында" оларды қызыл тулы, көк тулы, ақ тулы, ала тулы деп бөледі. Бір қуаныштысы, соңғы кезде баспасөз бетінде әлі бірен-саран болса да, басқа тулар туралы да жазылып, олардың сақталып қалған жұрнақтары ел назарына ұсыныла бастады. /2/
Қазақстанның ұлттық рәзімдері мен мөрлері бұл баса айтар нәрсе, біз сонау ықылым замандардан бері байрақты елміз.
ҚАЗАЗҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ
ҚАЗАЗҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ
Әлде біреулер айтатындай, айтақыр емес, алысы мен жақыны тіндесіп жатқан тарихи дәстүріміз бар. Халқымыздың бостандық сүйгіш ер рухы оның этнографиялық-мәдени нышаңдарында да жарқын көрініс тауып отырған. Қазір кең қолданылып жүрген "герб" деген термин немістің "ербо" деген сөзінен шыкқан екен. Ал дәл осы ұғымды өз тіліміздегі "таңба" деген сөз анық жеткізеді. Ол осыдан бірнеше ғасыр бұрын көне Түркі қағанатында дүниеге келген. Білімпаз Махмұт Қашқари өзінің әлемге әйгілі сөздігінде "таңба" сөзіне "ел билеушілердің ерекше белгілері" деген мағына береді. Бұл сөзді бергі он жетінші ғасырға дейін орыс князьдері де пайдаланған. Қазір біз "кеден" деп аударып жүрген орыс тіліндегі "таможня" деген сөз де өзіміздің "таңба бажы" деген төл ұғымымыздан шыққан екен. /2/
Шәкәрім хажы шежіресіңце түркі халықтарының таңбалары туралы дерекгер V ғасырлардан белгілі екеңдігі көрсетілген. Қазақ руларының таңбалары осы күнге дейін сақталған. Мысалы, тік сыңар сызық— қандылардың, тік қос сызық, немесе қос нелі — қьшшақтардың, сүйір немесе тік қосылған сызықтар — керейлердің, бұрыш бейнелі белгі — наймандардың, дөңгелек — дулаттардың қос дөңгелек кез — арғындардың, босаға бейнесі — коңыратгардың, садақ бейнесі — адайлардың, құлақты дөңгелек — албандардың, екі құлақты дөңгелек — суандардың, үш құлақты дөңгелек немесе тік қосылған сызықтар тіркескен дөңгелек — ботбайлардың, қос құлақты және тік қосылған сызықтар тіркескен дөңгелек — сиқымдардың ру-тайпалық белгілері деп саналады. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Қазақстанның ұлттық рәміздері мен мөрлері туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Қазақстанның ұлттық рәміздері мен мөрлері на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Тарих жоспарымен, казакша реферат жоспар, Қазақстанның ұлттық рәміздері мен мөрлері