Бұл апта да Ұлттық валютамыз үшін сәтсіз басталды. Ол KASE-дегі сауда-саттықта долларға қатысты тағы 1 теңгеге арзандап кеткен деп хабарлайды NUR.KZ, КТК арнасына сілтеме жасап.
Бүгінге дін мәселесі өршіп, қоғамда түрлі түсініспеушіліктер орын алып жатқан тұста әнші Бекболат Тілеуханға қатысты да біршама сындар айтылғаны белгілі. Осыған орай "Қазақ" газетінде жарияланған сұхбатта ол ел көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беруге тырысқан. Бұл сұхбаттың үзіндісін NUR.KZ порталы ұсынады.
Биыл Алматыда орналасқан «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру орталығының ашылғанына 20 жыл толды. Табысты еңбек етіп келе жатқан білім беретін орданы мерейтоймен құттықтауға «Бөбек» қорының президенті Сара Назарбаева арнайы келді деп хабарлайды Алматы арнасы.
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Халыққа үндеуінде «Ұлттық бірегейлікті сақтау. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгісін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ретінде қарастыруда болып отыр» деп атап көрсетті.
Қазақстан Республикасының тарихындағы соңғы жиырма бес жылдық қазақстандық қоғамның өміріндегі діннің атқаратын рөлі мен орнының өзгеруімен ерекшеленді.
Діни құндылықтар көптеген адамдардың, әсіресе соның ішінде жастардың өмір салттарының да, ойлау ерекшеліктерінің де маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Діни ұйымдардың, ең алдымен қазақстан халқы үшін дәстүрлік болып табылатын – Ислам діни ұйымдарының рөлі, беделі мен әсерлері күшейді. Қазақстан полиэтникалық орта, елімізде мекен ететін халықтардың арасында біршама кеңінен тараған діндер – ол ислам және христиан діндері, сондай-ақ иудаизм мен буддизм діндері де бар.
Зейнетақы қорындағы халықтың қасықтап жинаған ақшасының тағдыры жайлы бүкіл ел шулап жатса да, бір аптадан бері жақ ашпаған Ұлттық банк төрағасы кеше журналистерден әрең құтылғандай болды. Үкімет отырысынан шыққан Данияр Ақышев тілшілерді Алматыда өтетін баспасөз мәслихатына шақырумен ғана шектелді деп хабарлайды NUR.KZ, 31 арнаға сілтеме жасап.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Қытайдан 3 млрд доллар қарыз алуға бекініп отыр. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ, Астана арнасына сілтеме жасап.
Елбасының бастамасымен қабылданған Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы үлкен саяси міндет қойылған болатын. Онда бұл міндеттің орындалуы мемлекеттік егемендікті сақтаудың, аумақтық тұтастықты және шекараның мызғымастығын қамтамасыз етудің кепілі ретінде атап көрсетілген. Міне, сондықтан да егемен 20 жыл ішінде еліміз қол жеткізген ұланғайыр табыстарының бірі ел аумағының....
Қазақстан қалаларының бірінде болып жатқан той кортежінде жастар мінген көлікті атқа мініп, ұлттық киім киген екі жігіт бастап жүрді деп хабарлайды NUR.KZ.
Бүгінгі күннен бастап әр таң сайын «Қазақстан» Ұлттық арнасының шымылдығын ашатын «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы жаңа жұмыс аптасын жаңа студияда бастады.