Бір күні құстарға да әмір жүргізуші Сүлеймен патша барша құстарды жинап алып: – Мен қартайдым, жамбасыма жұмсақ төсек керек. Барша құстарға айтарым: маған бір-бір талдан мамықтарыңды жұлып беріңдер. Содан төсек жасатайын, – депті. Патшаның тілегін естіген құстардың бәрі бір-бір тал мамық жүнін жұлып беріпті.......
Баяғы заманда қара басы бақ-дәулетке емін-еркін болса да дүниенің ауыр бір арманына ұшырайтын адамдар болған екен. Сондай бір арманды адам иен далада зар илеп, жападан жалғыз келе жатады. Аты – Мұратқан. Сонда Мұратқан «не қылам, үш жыл сандалып көк өгіздің уақиғасын біле алмадым, бұл былай тұрсын, іздеп шыққан қыздың да жүзін көріп, ауыз екі сөйлесе алмадым, енді мұны ұшқан құс, жүгірген аң білмейді, қайтып кетуге ел-жұртымның қайда қалғанын тағы білмеймін. Көкте екенімді, жерде екенімді қазір білер жан жоқ» деп, төмен қарап аяңдап келе жатыр еді, адамша азынаған бір дауыс құлағына жетті. Адамзат көрмегеніне, ел-жұрттың бетін көрмегеніне талай замандар өткен Мұратқанға мына дауыс бір түрлі қорқыныш сияқты да болады. «Я, Алла, бұл не ғажап, бұл жерде адам баласы жүрмейтін еді ғой» деп, жан-жағына көз салып қарап тұра қалды. Қараса, алдына бір үлкен дәу таяп, төніп келіп қалған екен. Әлгі дауыс қоймай, мұны шақыра бергендей болды. Мұратқан бұл да өзімдей адам шығар деп, тауға қарай жүрді. Биік тауға таяп келгенде, бір үлкен құс сияқты нәрсені көрді. Мұратқан, басы адам сияқты болған соң, бұл адамша тіл біледі екен деп ойлады. «Ей, бері келгін», – деп дауыс берді. Оны құс тыңдамай кетіп қалды. Мұратқан ойланып, «адам сияқты құс болады деуші еді, осы екен ғой, мұнан гөрі дұрыстау біреуі тағы бар шығар» деп, таудың басына қарай жүрді. Бір заманда таудың басына жетті.......
Тәуелсіз қазақ елінің жері кең екені бәрімізге мәлім. Осындай байтақ жердің әр мекенінің топырағы киелі. Солардың бірі қазақ халқы үшін қасиетті болып саналатын Қарасаз ауылы. Қасиетті Қарасаз аталу себебі бұл жерде ақиық ақын, қазақ әдебиетінің өр тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың кіндік қаны тамған жер.......
Білімге құштарлану әрбір адамда бола бермейді. Ол тек білімге жақын адамдарда болады. Білім адам өмірінде үлкен орын алады. Білімге құштарлық, өмірге құштарлық.......
Жуырда ғана "тыңдармандарымды елең еткізетін жаңалығым бар" деген Айгүл Иманбаеваның желіде сүйіктісімен түскен суреті пайда болды. Әншіні қапсыра құшақтап тұрған ер адамның түрін смайликпен жауып қойған, деп хабарлайды NUR.KZ.
Сұрақ:Мен студентпін, сабағымды жақсы түсіну үшін кейбір күндері ораза тұтпасам, кейін қазасын ұстасам бола ма?
Жауап: Ораза ұстау сабақтарыңа кедергі болмайды. Керісінше жақсы түсінуің үшін көмекші болады. Қарын қатты тоқ болса адамның миы жақсы жұмыс істемейді. Аш адамның зеректігі ашылып, түсіну қабілеті күшейеді. Бұл әлі тек медициналық жағы. Ал ораза тұтқанда Аллаһу та’аланың жаудыратын.......