file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Пиардың "көкесі": Сиви мен Ренат ұшақта бір өлімнен аман қалды

Пиардың "көкесі": Сиви мен Ренат ұшақта бір өлімнен аман қалды

Танымал әнші Сиви Махмұди Ренат Баситовпен бірге ұшақта бір өлімнен қалай аман қалғанын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол 31-арнаның "Айта берсін" бағдарламасында айтты.

Әншінің айтуынша, "Соқыр махаббат" фильмінің премьерасына дейін Ренат Баситовпен бірге ұшаққа мінген. Алайда, аз уақыттан соң ұшақ теңселе бастағанда, олар қорыққанынан айқайға басқанын жасырмай айтты.

"Ұшақ құлап кете жаздады кәдімгідей. Басында Ренат бастады. Мен кішкене мінезім ауыр, қайсар қызбын ғой. Оны сабырға шақырдым. Бір кезде мен де қорқа бастадым, айқайлап жібердім. Жеткен жеріміз осы екен деп ойладым. Ол киноның премьерасына бір-екі күн қалғанда болған жайт.

Пиар-пиар деп жүріп, нағыз пиар осы болайын деп тұр ғой дедік. Қатты қорықтық. Ренаттың қорыққаны соншалық, "Жүрегім жарылып бара жатыр Сиви" деп ұшақтың ішінде айқайға басты", - деді ол.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру