Мұхтар Әуезов | Үйлену

Шілденің ыстық күні. Шаңқай түс мезгілі. Аспан, ашық, таза. Төбеге келген қызулы күн жерді ысытып, өзгеше жарқырап, шақырайып тұр. Күшті жарығы қаратам көзді ұялтып, еріксіз жұмғызғандай. Күн қызуы жайылған ауа адамды тұншықтырғандай күйіп, шаңытып тұр. Тынысты ауырлатып, бойды мең - зең қылып әлсіреткендей. Бірқалыпта айнымай шыжып тұрған ыстық ауада анда - санда болымсыз ыстық леп білінсе, адам қомағайланып, сол тынышты салқынға қарай бойын созып, бетін төсеп еріксіз ұмтылғандай болады.

Бұл уақытта азғана тыныштық табылса, жалғыз ғана үй ішінен табылғандай. Әсіресе салқыны көп — үлкен ақ үйлер. Есігі түрулі, түңлігін еңкейтіп, терісінен ашқан үлкен үйлерге кіргенде ғана дене аз тыныштық алғандай болады. Жайлауға жаңа жеткен ел жіңішке өзеннің бойына шалғынды, жерді қуалап, жағалай қонған. Көз ұшында, сары даланың шетінен жотасы көрініп, иректеліп, созылып жатқан Көктау көрінеді. Одан бергі жер жалпақ ақ көде мен сары селеу. Өзеннің солтүстік жағы ұзын сары адыр. Кей жерде таудың аралары үзіліп кезең болып, кей жерде біріне - бірі қабатталып миқы адыр, бұйрат болады. Өзен осы адырды кенерлеп, таумен бірге айырылып ағады. Сары дала, сары адырдың арасындағы жіңішке өзен екі жағасындағы көк жиектенген шалғынымен, жағалай қонған ақ ауыл жыбырлаған неше түлік малымен, әр жерден бұраңдап аспанға шығып жатқан көкшіл түтінімен бірқалыпты дүниенің ажарын, ашып, сырт көзге көркейтіп тұрғандай. Өзен бойындағы ауылдардың күнбатыс жағындағысы — Байбосын қажының ауылы. Бұл ауыл өзгелерден артығырақ күй іздегендей, өзеннің суы жалпақ шалғыны мол жеріне қонған. .....
Әңгімелер
Толық

Хрусталь той - 15 жылға тілектер, құттықтаулар

Сіз 15 жыл әдемі некеде тұрдыңыз, сіздер жарайсыздар! Хрусталь тойымен құттықтаймын. Сіздің өміріңіздің хрусталі берік және нық, таза және жарқын, керемет және бұзылмайтын болсын. Сіздерге, қымбатты, ұзақ жылдар денсаулық, махаббат, түсіністік, бейбітшілік пен молшылық тілеймін.

Құттықтау, тілектер
Толық

«Ажырасамын» деп хат жазған күйеуіне әйелдің берген жауабы жұртты таң қалдырды (аудио)

Үйлену – оңай, үй болу – қиын. Дүркіретіп той жасадым енді бәрі керемет болады деп ойланғанмен отбасылық өмір біз күткендей оңай дүние емес. Бір шаңырақтың астында ұрыспай-керіспей, тату-тәтті ғұмыр кешу махаббат пен сүйіспеншілікпен қатар шыдамдылық пен кешірімді талап етеді. Бастысы, екі адамның бір-біріне қамқор болуы, жанашырлық танытуы, әркез көңіл бөлуі. Ер адамдардың көбісі әйелінің оның асты-үстіне түсіп, оған көңіл бөліп, бәрін.....
Жаңалықтар
Толық

Үйлену тойының бюджеті: Қанша қаражат керек?

Алматы қаласында той жасауға қанша ақша кетеді? 1 миллион теңге жете ме? Той дегенде қу бас домалайды. Өмірде бір болатын той жасау үшін өмір бойы жинаған қаражатымызды қиюдан да тайсалмаймыз. Тіпті несиені де той жасарда алып, қайтарарда қимай-қимай беріп жатамыз. 7kun.kz назарларыңызға үйлену тойының шамалап......
Кеңестер
Толық

Той

Жол болмайды асусыз,
Той болмайды шашусыз.

Той сылтауымен тон бітер.

Тойда тоныңды сұрама.
Мақал-мәтелдер
Толық

Ғабиден Қожахмет (Құрбының тілегі)

Үйлену тойында немесе қыз ұзату тойында тұрмысқа шығып жатқан бойжеткенге құрбысының тілегі

Уақыттың бірге жылжып күндері,
Жылыстайтын әр кезеңмен жыл легі.
Ортақ еді біздің салған әніміз,
Таңымыз да қарсы алатын бірге еді.

Бірге еді армандардың оттары,
Сыр да ортақ қиял қуған шақтағы.
Бірақ бізді қыз-бақытқа....
Өлеңдер
Толық

Жандарбек Жұман (Үйлену)

Жүріп өттік қиындықтың жүз жолын,
 Екеумізге созып тұрды Күз қолын.
 "Үйленуден, қиын дейді үй болу",
 Айта берсін! Қатысы жоқ бізге оның.

 Жалықпаймын мен өзіңнен наз аңдып,
 Бақыттымыз! Жанарға жас аз алдық.
 "Балалы үй-базар" деуші ед.....
Өлеңдер
Толық

Қарақат Әбілдина болашақ жарды қалай таңдау керектігін айтты

Қарақат Әбілдина үйлену оңай, үй болу қиын екенін меңзей отырып, жастарды мұндай қадамға бармас бұрын саналы шешім екеніне көз жеткізіп алуға шақырады.
Жаңалықтар | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық