file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ғабиден Қожахмет (Құрбының тілегі)

 Ғабиден Қожахмет (Құрбының тілегі)

Үйлену тойда немесе қыз ұзату тойында тұрмысқа шығып жатқан бойжеткенге құрбысының тілегі

Уақыттың бірге жылжып күндері,
Жылыстайтын әр кезеңмен жыл легі.
Ортақ еді біздің салған әніміз,
Таңымыз да қарсы алатын бірге еді.

Бірге еді армандардың оттары,
Сыр да ортақ қиял қуған шақтағы.
Бірақ бізді қыз-бақытқа апарар
Уақыттың бөлек еді соқпағы.

Міне, құрбым, сол бақытқа беттедің,
Маған қымбат - сен шаттыққа жеткенің.
Тұрмыс құру тұғырлы жол өмірде,
Қыз ғұмыры қарсы алғандай көктемін.

Туған үйің әлпештеп еді сені де,
Келін болдың сүйіктіңнің еліне.
Сол өмірде бақытты бол жарыңмен,
Көктеміңнің көтеріл де көгіне.

Сол көктемің болсын қымбат, ғұмырлы,
Шын сыйлаңдар бірің әр кез біріңді.
Тұрмыс жолда тұмар тағып бақыттан,
Қуанышпен атқыз әрбір күніңді.

Әрбір сәтің бақытпенен көктесін,
Жүзіңнен тек шаттық күлкі кетпесін.
Әрбір таңың ашық болып атсын да,
Әрбір жылың той-думансыз өтпесін.

Думан күнді бірге қарсы алыңдар,
Арман жолға ортақ бірге барыңдар.
Отауларың құтты болсын көтерген,
Мына өмірде тек бақытты болыңдар.

Сыры да ортақ, жыры да ортақ үнемі
Осы саған құрбыңның ақ тілегі.
Сенің осы бақ жолыңа жүрегі
Барлық, барлық жақсылықты тіледі.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру