Үйлену тойының бюджеті: Қанша қаражат керек?
Алматы қаласында той жасауға қанша ақша кетеді? 1 миллион теңге жете ме? Той дегенде қу бас домалайды. Өмірде бір болатын той жасау үшін өмір бойы жинаған қаражатымызды қиюдан да тайсалмаймыз. Тіпті несиені де той жасарда алып, қайтарарда қимай-қимай беріп жатамыз. 7kun.kz назарларыңызға үйлену тойының шамалап есептелген бюджетін ұсынады.
Мейрамхана
Той жасау туралы келісімге келіп, күні белгілі болған соң, мейрамхана іздеуді бастаған жөн. Себебі, Алматы секілді мегаполисте мейрамханалардың бос болмай қалуы ғажап емес. Қалтаңызға қарай шағын тойханалар немесе үлкен мейрамханаларда той жасау өз еркіңізде. Шақырған адамдарыңыздың санына байланысты бюджетіңізді есептей беріңіз. Біз орта есеппен 100 адамның қатысуымен өтетін тойды есепке алайық. Алматы қаласының тойханаларында кем дегенде адам басына 2500 теңге алады. Бұл ең арзан деген тойханаларда. Орташа бағада бір адамға 5 000 теңге. Қаражатыңыз жетіп жатса, бір адамға 50 000 теңге алатын мейрамхана залдарында жасай аласыз.
Шақыру қағаздары
Ендігі мәселе — тойға шақыру қағаздары. Бүгінде шақыру қағаздарының түр-түрі бар. Бірі фотосуретпен жасатуды қаласа, енді бірі – ашықхат ретінде жолдағанды жөн көреді. Шақыру қағазын шақыратын адамдарыңыздың санынан артық етіп шығару керек. Мысалы, 100 адамды шақыруды жоспарлағаныңызбен, келмейтін, бірақ міндетті түрде шақыру жіберу керек адамдар болады. Сол себепті неғұрлым көбірек етіп жасатыңыз. Алматы қаласының фотосалондары түрлі қызметтер ұсынады. Бір фотосурет бағасы – 30 теңгеден басталады. Ал, ашықхат жасату қымбаттау келеді. Себебі, сырт көрінісі «бай» көрінеді. Олардың бағасы болса, ең арзаны 100 теңгеден бастау алады. Егер өзіндік дизайн жасатуға ниет білдірсеңіз, жеке дизайн үшін 3000-5000 теңге артығымен төлейсіз. Есесіне, ондай шақыру қағазы ешкімде болмаған. Ашықхат секілді шақыру қағаздарының кейбірі тіпті бір данасы үшін 1000 теңге тұрады. Ендеше, орташа есеп шығарып көрейік:
Киім және аксессуар
Қай қыз баласы болмасын, өзінің ақ көйлек киіп, қалыңдық болған сәтін ойша елестетіп жүреді. Ал, нағыз уақыты келгенде, қиялындағы көйлекті алуға тырысады. Енді қарастыратын мәселе – киім және аксессуарлар. Ақ көйлекті өміріңізде бір рет қана киесіз. Ең бірінші кеңес – бір аптадай уақытыңызды дүкен аралаумен өткізгеніңіз жөн. Неге десеңіз, бұл уақытта сіз біраз дүкендерді шолып шығып, көңіліңізге әрі қалтаңызға қонымды дүниені таба аласыз. Мәселен, атақты дизайнерлер ұсынған көйлектерге қаражатыңыз жетпеуі мүмкін. Есесіне, соған ұқсас көйлектерді Алматының «барахолкасынан» бірнеше есе арзан бағаға табуға болады. Асықпай, ақша үнемдеудің жолын іздеңіз. Тіпті оны сатып алмай, жалға алуға да болады. Көйлектің түріне байланысты ақшасы да түрлі болады. Жалға алатын болсаңыз, құны 15000 теңгеден басталып, әрі қарай шексіз кете береді. Сатып алар кезде де жағдай солай. Құны 45 000 теңгеден басталады. Белгілі дизайнерлер ұсынған көйлектердің бағасы сіз ойлап отырған тойдың жалпы шығынынан асып түсіп жатады.
Ер адамға арналған киім таңдау айтарлықтай қиын емес. Костюм-шалбар немесе смокинг табу біршама жеңілдеу. Екеуін де жалға алуға болады. Құны 10-15 000 теңге шамасында. Костюм киетін болып шешсеңіз, сатып алған дұрысырақ. Себебі, көп жерде киетін боласыз. Смокингтің жөні бөлек. Тойдан соң сөреде тұратын болса, жәй ғана жалға алған дұрыс.
Қалыңдықтың жыры көп. Олай дейтініміз, көйлекке сай аксессуарлар алу керек. Фата, алқа, сырға, диадема және т.б ұсақ бұйымдар маңызды элементтердің бірі саналады. Бұл ұсақ-түйекке кем дегенде 10 000 теңгеңізді бөлек алып қойыңыз. Қалыңдықтың гүл ету үшін – гүл керек. Қолына ұстайтын гүлдерінің де түрі бар. Егер шын гүлдерден жасататын болсаңыз, апта бұрын тапсырыс беріп қоясыз. Бағасы 5000 теңгеден басталады. Жігітке арналған бұйымдар ішінде белдік, ілмектер бар. Оларға ары кетсе 5000 теңге кетеді.
Аяқ-киім алардағы басты шарт – ыңғайлы болуы. Ер адамдарға 3000 теңгеге табуға болады. Ал, сапасы жақсырақ, төзімді аламын десеңіз кемі 10 000 теңге болады. Ал, қыздарға арналған аяқ-киімдер бағасы тіпті түрлі. Көйлектің астынан көрінбейді деп ескерсек, 2000 теңгеге толып тұрған ақ түсті туфляларды сатып алыңыз. Себебі, кейін ол аяқ-киімді кию-кимеуіңіз екіталай. Егер де ертегідегі ханшайымдардың кебістерін қаласаңыз, 15 000 теңгеден жоғары ақшаңызды даярлай беріңіз.
Екі жас үшін мәңгі қымбат болып қалатын бір дүние – неке жүзігі. Жүзік таңдауға екеуі бірге барғаны дұрыс. Алматы базарларында неке жүзіктері 3000 теңгеден толып тұр. Әрине, алтын-күміс деген аты ғана. Ал, дүкендерде орташа бағасы 20 000 теңге. Соңғы кездері ойып, есімдерін жасау, гравировкалау да сәнге кірген. Ол жерде әрбір әріп есепке алынып, сәйкесінше қаражаты шығады. Кей жерлерде бір сөз – 2000 теңге. Сақинаны өзіңіз апарасыз. Қазақ халқы мұсылман болғандықтан ер адамдарға алтын сақинадан гөрі күміс алған қолайлы. Ал, әйел адамдарға түрлі тастармен безендірілген, алтын жүзіктер әдемі үйлесім табады.
Макияж бен шаш үлгісі
Қай қалыңдық болмасын сол кештің ханшайымы болғысы келеді. Ол үшін көйлек пен гүлден бөлек, қалыңдықтың макияжы мен шаш үлгісі ерекше болуы тиіс. Алдын-ала салонға жазылып, бір рет байқап көрген артық емес. Сол күні түріңіздің қандай болатынын, көйлекпен қаншалықты үйлесетінін байқап дегендей. Тойға арналған макияж әдеттегіден өзгеше әрі қымбатырақ болады. Арзан салондарда қарапайым макияж 4000 теңгеден басталады. Ал, орташа бағадағы макияж – 15 000 теңгеден басталады. Ал, шаш үлгісі шашыңыздың ұзындығы мен ойыңыздағы үлгінің күрделілігіне байланысты. Қарапайым жасатуды қаласаңыз — қарапайым ғана ақшаға шығады. Орта бағада – 10 000 теңге.
Қыдыру
Той болатын күн келгенде жастар қуанады. Себебі, ол күні жастардың қыдырысы бар. Сәнге айналған түрі — лимузиндермен, сәнді күймелермен қыдыру. Олардың да бағасы түрлі. Сағатына 30 000 теңгеден табылады. Аса шығындалмауды қаласаңыз, көлігі бар достарыңыздың машиналарын безендіріп, кешке серуендеуге болады.
Асаба мен оның командасы
Тойдың сәнін келтіретін бірден-бір жан — асаба. Алматы қаласында нақты орташа баға шығару мүмкін емес. Себебі, таныстар арқылы не жағдайыңызға қарап түрлі бағаға келісетін асабалар болады. Бірақ, ең кемі асабаның өзіне 20 000 теңге кетеді. Соңғы кездері тойды концертеке айналдырып жіберді деген пікір бар. Олай дейтіні — әншілер шақырып, шоу-бағдарламалар жасалатыны. Көбіне асаба аталғанның барлығын біріктіріп, бір топқа ұйымдастырады. Яғни, тойыңызда ән, би, ойын, күтпеген тосын сыйлар барлығы болады. Бұл кезде жалпы құны 100 000 теңгеден жоғары болады. Бүгінде ең қымбат асабалар болып саналатындары — Тұрсынбек Қабатов пен Нұржан Төлендиев. Олар нақты бағаларын жасырады. Десе де 500 000 теңгенің шамасы болады деген сөз бар. Алматы қаласына шақыратын болсаңыз, жол-пұлы да сізден шығады. Ал, орта бағадағы асабалар қатарында Бейбіт Сарыбай, Асхат Қылышбек, Олжас Сыдықбектер бар. 100 000 теңгеден жоғары бағаланады. Десе де, келісуге болады дейді өздері. Тойдан қалатын тәтті естеліктердің бірі — фотосуреттер. Сол күні барлығын объективінің астына алатын операторлар мен фотографтардың да бағасы арзан емес. Ең кемі 10 000 теңгеден басталады. Ал, егер лав-стори, фотосессия жасатып, әрі тойыңызда түсіргенін қаласаңыз, 45 000 теңгеден жоғары болады. Тіпті түрлі пакеттер бар екен: Стандарт — 70 000 тг, Элит — 120 000 тг және Элит+ бағасы — 190 000 тг. Бұл жерде әрине сапасы да сәйкес келеді.
Безендіру
Ал, мейрамханадағы жағдайды айтар болсақ, ішін безендіру де өте маңызды. Шарлармен безендіргіңіз келсе, қыз бен жігіттің сұлбасындағы шар — жеке өзі 7000 теңге, гелий жүрекшелер бір данасы — 250 теңге, үстел үстін шарлармен безендіру — 12 000 — 21 000 теңге аралығында. Ұлттық нақыштағы президиум — 25 000 теңге. Бағасы жақсы, соған сәйкес сол жердің көрінісі де ерекше. Мата мен гүлмен әсемдеу — 22 000 — 70 000 аралығында, тек гүлмен әсемдеу — 12 000 теңге, матамен безендіру — метрі үшін 600 теңге. Жарықпен безендірудің де өзіндік әсері өзгеше. Оның бағасы — 25 000 теңге. Пресс-қабырғалар да сәнге кіргелі қашан. Соның жанында келген қонақтар суретке түсіп, мәре-сәре болады. Бағасы: 3*4 қабырға үшін 35 000 теңге, 2*3 қабырға — 25 000 теңге. Осының барлығын біріктіріп, жиынтығын бір аламын десеңіз арзаны — 10 000 теңге (әрине, жоғарыдағылардың барлығы болмайды, үстел әрленеді, президиум безендіріледі), орташа бағасы — 70 000 теңге (жоғарыдағының көп элементтері ішіне кіреді). Шарлардың гелий толтырылған түрлері бір данасы үшін 200 теңге, суреті барлары — 250 теңге, аркаға әсемдеу — 10 000 теңге.
Дастархан мәзірі
Қонақтар келгенде олардың үстелінде не болады? Той мәзірінде әдетте 4-5 түрлі суық тағам, 3 түрлі тіскебасар, 2 ыстық тамақ болады. Оның біріншісіне ет асылса, екіншісі балық, тауық не өзге ас болады. Бұл аталғандан мейрамханаға төленген қаражаттың ішінде. Ал, сіздің өзіңіз не әкелесіз? Іішімдіксіз той өткізген қай жағынан алсақ та, дұрыс. 100 шақты адам үшін 20 бөтелке арақ, 10-12 бөтелке коньяк артығымен жетеді. Шырын 90-100 литр, 2 бума газдалмаған, 2 бума газдалған минералды су жарайды. Тек қана сусындар үшін 150 000 теңге шығарып қойсаңыз артық болмайды. Тойдың сәнін келтіретін романтикалық бөлімі — торт әкелер сәт. Торттың килограмы 1500 теңгеден басталады. Оның көлемі өте үлкен болуы шарт. Себебі, келген қонақтың көпшілігі торттан ауыз тигісі келеді. Осылай есептей келе, торт үшін кемінде 15 000 теңге алып қойыңыз. Одан бөлек бүгінде бірнеше қабаттан тұратын торттар өте сәнді. Оның жеткізуі де ақылы. Орташа бағасы — 30 000 теңге. Етті өзіңіз әкелетін болсаңыз, бір сиыр не жылқы союға тура келеді.
Қосымша
Енді кештің соңын қалай аяқтау — асабаның еншісінде. Бірі — жәй ғана қош сау болыңыз десе, енді бірі — салют атып, шоу-бағдарламалар жасайды. Бірінші үстелден соң немесе екінші үстелдің соңында тойбастарға салынған кәде сыйлар таратылады. Оның ішіне ұсақ сыйлықтар салынады: айна-тарақ, желдеткіш, ойыншық секілді. Ол үшін 50 000 теңге шығарсаңыз болады. Ұсақ заттар онша қымбат тұрмайды. Есесіне, сол кәделерді салатын қаптама — тойбастарларға бөлек тапсырыс бересіз. 3000 теңгеден дайын түрлері де дүкен сөрелерінде тұр. Осылайша келген қонақтарды бір қуантып, тойдың абыроймен аяқталғанына өзіңіз бір қуанып, арқаңыздан ауыр жүк түседі.

* Ескерте кетейік, бұл сома ең аз деген шығынмен есептелген. Егер, қалтаңыз осыдан артық соманы көтерер болса, жоғарыда егжей-тегжейлі бағаларды атап өттік.
Біздің сайтымызда сіз сондай-ақ Шілдехана, бесік тойының және Қыз ұзату тойының бюджеттерімен таныса аласыз.
Тойыңыз тойға ұласа берсін!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: уйлену той үйлену той Алматы қаласында той жасауға қанша ақша кетеді, уйлену той үйлену той асаба, уйлену той үйлену той дәстүр, уйлену той үйлену той Киім-Кешек, уйлену той үйлену той күйеу жігіт, уйлену той үйлену той Мейрамхана жалдау, уйлену той үйлену той той бюджеті, уйлену той үйлену той үйлену тойы қаржысы, уйлену той үйлену той Үйлену тойының бюджеті: Қанша қаражат керек?, уйлену той үйлену той шақыру қағазы шакыру кагазы, бюджет