Сіздерді Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Осы айтулы күндер – қазақстандықтардың барлық буынын біріктіретін, шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрамдар.
Жеңіс күні – тарихи естеліктер жаңғырып, болашақ ұрпаққа бейбіт күннің қадір-қасиетін өсиет ретінде жеткізетін күн. Бұл мейрам еліміздің ертеңі үшін жанын пида еткен қаһарман....
Тамыры тереңге жайылған татулық тірегінің ордасына айналған Қазақ елінің бірлігі мен берекесі тарқаған емес. Ұлт пен ұлыстың татулығы бүгінде елдегі қоғамдық ынтымақтастықты сақтап отыр. Байтақ елде жалпақ жұрттың бірлігі бұзылмай, татулығы тарқамай өмір сүріп жатқандығы үлкен мақтаныш. Бір шаңырақ астында.....
Ақ тілек бейбітшілік аман болсын! Елім, жұртым қадірлі аман болсын! Туғандай бір анадан жамағаттар Достыққа берік, мықты адал болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп атап өткен болатын. Ұлы Жеңістің 71 жылдығын ерекше атап өткен болатын. Ұлы Жеңіске биыл 75 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Биыл ТМД елдері осы соғыстағы ортақ ұлы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеуде. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың – қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз. Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігінің саяси – кейінгі буынның азаматтық парызы. Соғыста біздің әкелеріміз ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті. .....
Соғыс, соғыс! 1941 жылы 22 маусым таңғы сағат 4-те неміс басқыншылары тұтқиылдан біздің елімізге баса көктеп кірді. Анасы, әйелі ер азаматын соғысқа аттандырды. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ұлы оқиға. Оның қасіреті мен қасиеті жаныңды түршіктіреді, әрі ерліктерге басыңды идіріп таңқалдырады. Соғыс жаратылысының ғаламат құпияларының шексіздігін көрсетті. Ел басына күн туған кезеңдерде Рух пен намыстың мықтылығы сыналды. Тірі пендеге бір келетін ажалды жанын кірлетпей, сары алтындай сабырмен кірпік қақпай қарсы алды. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған баласы үшін кектенді. Ел басына төнген соғыс нәубеті қаншама отбасын иесіз, аналарды жесір, балаларды жетім етті. Мыңдаған жауынгерлердің денесі майдан қойнауында қалып қойса, Жеңіс туын желбіретіп елге оралған сарбаздардың өзі бүгінде саусақпен санарлықтай ғана. Ұлы Отан соғысын ой елегінен өткізгенде, көз алдыңа елестейтін бір көрініс - партизандар әрекеттері: тұтқиылдан шабуыл, берекесі кеткен жау, асығыс-үсігіс қимылдар, көкке ұшқан көпірлер, күйген пойыз, аударылған вагондар, әйтеуір астан-кестен дүние. Ұлы Отан соғысы.......
Бисмиллаһир-Рахманир-Рахим! Иә мән лаһул масалул аъла. Иә мән лаһус сифатул ъула. Иә мән лаһул ахирату уәл ула. Иә мән лаһул жаннатул маъуа. Иә мән лаһул айатул кубра, иә мән лаһул хук му уәл қаза.....