Шығарманың композициясын анықтау «Құрметті есім» Өтепберген Ақыпбеков (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер
Сабақ тақырыбы:Шығарманың композициясын анықтау «Құрметті есім» Өтепберген Ақыпбеков
Оқу мақсаттары: 3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау
3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың басталуын, дамуын және аяқталуын анықтап, логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құра алады;
Көптеген оқушылар: өлеңді логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құруда шығармашылық қабілеттерін көрсете алады;
Кейбір оқушылар: өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып, мысалдар ұсына алады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Астананың құрметті азаматтары (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: Астананың құрметті азаматтары (2-нұсқа)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме, құттықтау құрастырып жазу
Сабақтың мақсаттары: Берілген мәтіндер негізінде тақырыпқа сай мінездеме құрастырып жазу....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Астананың құрметті азаматтары (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: Астананың құрметті азаматтары (1-нұсқа)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме, құттықтау құрастырып жазу
Сабақтың мақсаттары: Берілген мәтіндер негізінде тақырыпқа сай мінездеме құрастырып жазу....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Құрметті апама)

Сізге 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтауымды жолдаймын. Әйел барлық қиындықты жеңе білетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы.

Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлей беріңіз.

Ізгі тілекпен, бауырыңыз ...............
Құттықтау, тілектер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Құрметті той иесі

Туған күн иесі перзентінің тілегі

Қымбатты Әке!
Сіз қазір 80 жастық өмір асуының биігіне көтеріліп, біз үшін бұрынғыдан да асқақтай, бұрынғыдан да мәртебелі бола түскендей көріндіңіз. Сіз осынау жүріп өткен ұлағатты жолыңызда перзенттеріңіз бен жақындарыңыз үшін әрдайым да тәрбие мектебі бола алдыңыз. Біз сіздің өнегелі істеріңізден жарқын сәуле, әкелік жүрегіңізден жылы мейірім сезініп ер жеттік. Тәлімі көп істеріңізден үлгі ала отырып, Сіздің асқар таудай болмысыңызға еліктеп өстік.
Сізді перзенттік жүрекпен жақсы көрдік. Енді, міне, 80 жасқа толып отырған сәтіңізде де осынау Әке көңілден дарыған мейірім мен тәлім-тәрбиені еске түсіріп, біздің өзіміз де өз-өзімізге қайта бір есеп бергендей күй кештік. Ата-ана алдындағы парызымыз бен қарызымыз ұшан-теңіз екенін сезінгендей болдық. Ата мен ананың еңбегі үшін олардың өз перзенттері қандай құрмет көрсетсе де артық емес екен.

Әке! .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Құрметті ұстаз

(Ұстазды шәкірттерінің мерекесімен құттықтауы)

Сіз мәнді де мағынаға толы, ұлағат пен ұжданды жанына серік қылған, ой мен ақыл және парасат пен пайымды жүрегіне жақын еткен, руханият пен білімді жас ұрпақтың тәрбиесіне қарай бағыттап отыратын Ұстаздық деп аталатын игі мамандықтың жолын қалап алған жансыз. Сіздің Ұстаздық қызметтегі әрбір жылыңыз Сізге абырой мен табыс, бақ пен береке әкелді, сонымен бірге тағы да жаңа әрі жарқын мүмкіндіктерге жол ашты.

Әрбір басталған жаңа бір оқу жылының күміс қоңырауының сиқырлы үні Сізге қуаныш сыйлады. Бұл нағыз ұстазға ғана тән сезім еді. Сол күміс қоңыраудың үнімен бірге балдырған күлкілері жараса мектепке енген қаншама бүлдіршін Сіздің алдыңыздан тәлім көрді, ұлағатыңызды тыңдады, өз мектебінен қанат қақты. Олар қазір еліміздің әр түкпірінде жүр.

Сіз үнемі ұстазға тән сергек ойдың иесі болдыңыз. Әрбір табыстарыңызға тоқмейілсу мен тоқырау сізге жат еді, керісінше жаңа ізденістерге жол ашты. Сіз өз қоғамыңыздың ұрпақтан не талап етіп отырғандығын жіті аңғара алдыңыз. Өз бойыңыздағы білім мен білік дариясын солай қарай бұрдыңыз, жас шыбықты солай қарай идіңіз. Егер Сіз осы жылдардың ішінде мақтау мен құрмет көрсеңіз, ұстаздық жолыңызда, шынында да, осыған лайықты істер атқара алған едіңіз.

Сіздің өткен құрметті жолыңыздың әрбір иірімінде шәкірт жүрегінің алғыс сезімі жатыр. Олардың әрқайсысы бір әлем еді, олардың әрқайсысы жаңадан ашылар бір дүние еді. Міне, сіз осы бір балдырған жүректердің риясыз досы, ертеңге деген үміті бола алдыңыз. Сізге осы үшін де өз шәкірттеріңіз алғыс айтады.

Сізді шәкірттеріңіз бүгінгі мерекеңізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыңызға бақыт, ұстаздық жолыңызға шығармашылық табыстар тілейді. Ұстаздық қызметіңізде әр уақытта шәкірттеріңіздің алғысына бөлене беріңіз!

.....
Әңгімелер
Толық

Өскемен қаласы

Қаланың құрылу тарихы
Өскемен қаласы 1720 жылы ұлы мәртебелі І Петр патшалық құрып тұрғанда қамал-бекініс ретінде салынған еді. 1868 жылы Өскеменге қала статусы берілді. Қалада сауда, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін өндіріс орындары дами бастады, айлақ (пристань) құрылысы басталды. Кейіннен жеңілөнеркәсіп, теміржол құрылысы.....
Рефераттар
Толық