Димаш Құдайберген Лондон төрінде марқұм Денис Тенге ән арнады. Әнші өзінің жеке концертінде спортшы досын еске алып, сахнада көз жасына ерік берген деп жазады NUR.KZ.
Шәкерімнің әкесі Құдайберді - Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күңкеден туған жалғыз баласы. Ақылды, дәулетті адам болған. Құдайбердінің Төлебике (қолы ашық болғандықтан жұрт Дәметкен деп атап кеткен) және Ботантай деген әйелі болған. Дәметкеннен Омар, Мұртаза, Шәке, Шәкерім туған. Шәкерімнің бәйбішесі Мәуеннен Суфиян, Тауфық, Мәйміне, Ғалия есімді екі ұл, екі қыз туған. Суфиянның жеңгелей алған әйелінен Шәмел, одан Бану туған. Осы Бану мақаланың басында біз сөз еткен әнші Құралайдың анасы болып шықты.
Шәкерімнің екінші әйелі Айғаншадан Ғафур, Қабыш, Ахат, Кәмпит (ол жас кезінде қайтқан, Жәкіш (Жәкібала), Гүлнәр мен Зият туған. Ғафурдың Ақлима, Мәкей атты әйелдері болған. Мәкейден Баязит, Ләбиба, Нағима, Кәмилә туған. Жоғарыда анасының естелігін айтқан Мақсат Жаппарханұлы Кәмиланың баласы. Шәкерім ұлы Қабыштың отбасы ашаршылықтың құрбаны болыпты. Шәкерім ұлы Ахаттың әйелдері – Сағила, Қадиша, Бәтима. Сағиладан туған екі бала 1931 жылы Райханның үйінде қайтыс болған екен.
Ахат Шәкерімұлы зерделі, сауатты, ақылды адам болған дейді. Ол Шәкерімнен тараған бірнеше ұрпаққа қамқорлық танытып, олардың білім алуларына жөн сілтеген. Шәкерімнің Айғаншадан туған кенже ұлы Зият нәубет жылдары Қытайға өтіп кеткен екен. Қытайда отасқан әйелінен туған баласы Мереке Алматыда тұрды. Шәкерімнің кенже қызы Гүлнәр 1970 жылы Алматыда қайтыс болған.
Журналис, әрі ақын Нағашыбай Қабылбек 80 жастағы қарт актерді қатаң сынға алды. Нағашыбай "Кешкі кездесу" бағдарламасына қонақ болып барған актердің эфирде журналиспен коньяк ішіп, 60 жыл бойы арақ ішіп келе жатқанын тілге тиек еткенін өкпесін жеткізді деп хабарлайды elana.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Ерекше даусымен миллиондаған жанның жүрегін жаулаған Димаш Құдайберген соңғы кездері сахнаға боянып шығып жүр. Димаштың бұл образын қазақстандық көрермендер сынға алып, ер жігіт үшін әсіре боянудың артық екенін айтуда деп хабарлайды NUR.KZ.
Гүлзира Айдарбекова өзінің ұлы Қайрат Нұртас секілді әндерінің барлығы хит болған әншіні білмейтінін айтты. Сонымен бірге, ол Қайратты Төреғалимен, Димашпен салыстырып, қайсысы мықты екенін анықтағысы келгендерге де жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.
Сүйінші! Миллиондаған жанкүйерлердің таңданысын тудырып, өзінің ерекше даусымен қалың көпшілікті аузына қаратқан талантты әнші Димаш Құдайбергенов туралы кітап жарыққа шықты. Бұл туралы филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия университетінің доценті, белгілі ақын Оңайгүл Тұржан мәлім етті.
Димаш Құдайберген Қытайдың Sina сайтына берген сұхбаты 4 сағаттың ішінде 1,8 миллион көрілім жинаған. Ал, бүгін әншінің барша жанкүйерлері тағы да жақсы жаңалықтарымен бөлісті деп хабарлайды Massaget.kz.