Қазақ ақыны эфирде журналиспен ішімдік ішкен Асанәлі Әшімовті сынап тастады
Журналис, әрі ақын Нағашыбай Қабылбек 80 жастағы қарт актерді қатаң сынға алды. Нағашыбай "Кешкі кездесу" бағдарламасына қонақ болып барған актердің эфирде журналиспен коньяк ішіп, 60 жыл бойы арақ ішіп келе жатқанын тілге тиек еткенін өкпесін жеткізді деп хабарлайды elana.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
"Ашынғасын айтамын да. "Еуразия" телеарнасында "Кешкі кездесу" жүріп жатыр. Ең алдымен рейтинг қуған, арзан сөзге құмар журналиспен жеке отырып коньяк ішті. Ұмытпасам, «60 жыл бойы арақ ішіп келемін" деп, араққа жарнама жасады. Арақты ақылмен ішуге кеңес берді. Ақылмен ішілсе, емге дәрі, бойға қуат береді екен…
Алабұртқан журналиске: "Мына коньягің "Асанəлі" емес пе?" — деп бір күлдіріп алды. Өз атының арақ-шараппен байланысы барына қуанғаны ма, мақтағаны ма бұл?.. Ол — ол ма, жедел сұрақтарға жауап беру барысында: "Құдайға сенесіз бе?"— деген журналист сауалына:"Бір күш бар, ол анық. Бірақ ана дүниеге барған ешкім жоқ қой. Меніңше, жұмақ деген — осы өмір. Тозақ — тіршілікте көрген қиындығың! Сондықтан Құдайға деген көзқарасым нақты емес", — деп, айды аспанға шығарды атақты актер. Тізе берсек, тырнақ астынан кір іздегендей боламын-ау….", - дейді ол эфирдегі актердің біраз қылығын тізбектеп.
Оның ойынша, актердің Жаратушыға қатысты жеке пікірі исі мұсылман баласына жат қылық екен.
"Ата сақалы аузына түскен қарияның "қабір азабы" туралы түк сезінбеуі — оны бұрмалап келекелеуі исі мұсылман баласына жат қылық. "Кеудемнен жанымды алсаң да, жүрегімнен иманымды алма" деген даналардың тұяғы, жазық жерде шалыс басатындай не көрінді?! Атеистік көзқарастың сүйекке мұншалықты сіңетінін кім білген?! Дүниенің жалған екенін бір кісі білсе, осы кісі білуі керек еді. Əттең!.. Баяғының оқымаған шалдары "баратын жері" туралы бөстекі сөйлемей, дайындығын жасап отыратын еді. Арақты татып алмаушы еді. Өлім жайлы жиі əңгімелеп, жастарға ұлағатты ісімен үлгі еді. Сонысымен де қадірлі еді… ал қайран Асанәлі көкем…", - дейді ол.
Ақынның айтуынша, актердің эфирдегі қылықтары талай адамды жерге қаратқан.
"Қаншама арыстай әріптестері жалған дүниенің жалына жармасқанымен, ажалдың көкпарына түсіп қыршынынан қиылып кетті. Олардың көрмеген қызығын, аспаған асуын, шықпаған шыңын бағындырып, Тәңір берген талантымен дарабоз атанған ақсақалдың енді қалған ғұмырында, өткенге салауат айтып, бергенге шүкірлік етіп, Алланы ұлықтап жүруі өзіне ғана емес, өскелең ұрпағы үшін де мәртебе, зор үлгі-өнеге емес пе?! Алайда ел еркесі Асекең бұл үдеден шыға алмады. Оның ақсақалдыққа мүлде жат ерсі әрекеті асекеңді пір тұтатын талайларды жерге қаратты... Өкінішті, әрине.
Бүгінгінің шалдары бір түрлі болып барады. Аллаға сенбейді, көпіріп сөйлейді. Көз алдынан басқа еш нəрсені көрмейді… Əттең, бір кем дүние!..", - дейді Нағашыбай.

Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Нағашыбай Қабылбек, Асанәлі Әшімов, Нағашыбай, актердің, деген, болып, журналиспен, Кешкі, кездесу, дейді, коньяк, барған, мұсылман, Əттең, шалдары, Құдайға, Журналис, жалған, сілтеме, Арақты, эфирдегі, туралы