Әкеме туған күнге арналған құттықтау тілектер (папа)

 Құтты болсын қуанышты күніңіз,  
Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз.
Алпыстың да асқарына жеттіңіз,
Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.

Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз,
Бала-шаға қызығына кенеліп,
Ортамызда аман-есен жүріңіз!

Құттықтау, тілектер
Толық

Кішкентай сәби қыз балаға және ұл балаға туған күнге арналған тілектер 1,2,3,4,5 жасқа толған

Кішкентай қызымызға өмірдегі бар жақсылықты тілейміз. Әрдайым көз қуанышымыз болып, аман – есен ортамызда жаздай жадырап, гүлдей құлпырып жүре берсін. Ең бастысы, қазақтың қызы деп атқа лайық болсын.

«Киімге жамау түссе де, көңілге жамау түспесін» деген. Ендеше, үнемі көңілі жақсылықтан жадырасын.

Құттықтау, тілектер
Толық

Бөбекке, Жаңа туылған балаға арналған тілек пен құттықтау

Сәби ұзақ ғұмырлы болсын,
Өмірі көркем көңілді болсын.
Ата-анасына мейірлі болсын,
Ағайын жұртқа пейілді болсын.
Бөбегіңе Фарабидің басын бергей,
Әміренің әнін бергей.
Сәкеннің сәнін бергей,
Жүсіптің дидарын бергей,
Мұхамбеттің иманын бергей.
Ләйім Қыдырдың назарында,
Бақыттың базарында жүрсін!

Құттықтау, тілектер
Толық

Әдебиет | Мұхаммеджан Тынышбаевтың балалық шағы мен қызмті

Тынышбаев Мұхаммеджан ( 12.5. 1879 жылы бұрынғы Жетісу облысы Лепсі уезінде Мақаншы Садыр болысы – 1938 , Ташкент ) –– Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері , тарихшы ғалым , қазақтан шыққан тұңғыш темір жол инженері. 1900 ж Верныйдағы ер балалар гимназиясын алтын медальмен бітірген. Гимназияда оқып жүргенде Тынышбаев өзінің ізденімпаздығымен жан-жақтылығымен ерекшеленіп, 1899 жылы Верный қаласында өткен А.С. Пушкиннің 100 жылдық мерей тойында баяндама жасады. Гимназия директоры Жетісу облысы әскери губернаторына жолдаған өтінішінде Тынышбаевты « тамаша шәкірт қана емес, нағыз талант иесі » екендігін мәлімдеп жоғарғы оқу орнында білім алуына арнайы степендия бөлуді сұрады . 1900 жылы жол қатынасы институтына түсіп, 1906 жылы бітіреді. Студент кезінде қоғамдық саяси өмірге белсене араласып, баспасөз беттерінде отарлық сынайтын мақалалар жазып , патша өкіметінің жүргізіп отырған саясатына қарсы үгіт насихат жүргізді. Патша үкіметіне оппозициядағы партиялардың ұйымдастырған іс-шараларына ат салысады. 1905 жылы қарашада автономияшылдар одағы ұйымының ұйымдастыруымен өткен съезге қатысып, сөз сөйледі. Ол сөзінде патша өкіметінің қазақ жерінде жүргізіп отырған отаршылдық саясатын айыптай отырып , ендігі уақытта ұлттық езгідегі халақтарға автономия берілуін талап етті. Институтты бітірген соң инженер маман ретінде Орта Азия темір жол құрлысына жіберіледі. 1907 жылы Екінші мемлекеттік Думаға депутат болып сайланады және онда агрокомиссия құрамында қызмет етеді . Дума таратылған соң Орта Азия темір жол құрлысына айрықша өкіметті нұсқайшы инженер болып тағайындалып , Әмудария өзені арқылы өтетін көпірді салуға қатысады.1922 жылдан Түркістан АКСР –сі су шаруашылығы басқармасында , Ташкентте жер суландыру бөлімінде , Қызылорда қаласының құрылыс- жөндеу жұмыстарында , Жетісу губерния атқару комитетінің жол бөлімінде еңбек етіп , өзін білікті инженер маман ретінде таныта білді . 1927 жылдан Түркістан – Сібір темір жол құрлысында еңбек етті. Тынышбаевтың кәсіби шеберлігі Түркісіб құрлысын салу барысында айрықша танылды. Осы еңбектеріне қарамастан Тынышбаев кеңестік биліктің қуғын-сүргініне ұшырап, Түркісібті салып жатқан кезінде 1930 жылы тамыздың 3- інде тұтқынға алынады. Оған « тап жауы » « буржуазияшыл ұлтшыл » деген айып тағылды. Кейінгі жылдары үнемі бақылауда болған ол , ақырында кеңестік саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болады. Алматы қаласындағы Қазақ көлік және комуникация академиясына, көшеге Алматы облысы Сарқант ауданының бір ауылына Тынышбаев есімі берілді. ....
Рефераттар
Толық

Әдістеме | Мұғалімнің атқаратын қызметі

Мұғалім - жалпы білім беретін оқу орындарында оқушыларды оқытып, тәрбиелеу қызметін атқаратын адам.
Мұғалім - педагогикалық кызметпен кәсіби тұрғыда шұғылданушы, арнаулы дайындағы бар адам.
Кәсіби тұрғыдан дайындығы жоқ барлық адамдар да педагогикалық іс әрекетпен айналысады, бірақ тек мұғалім ғана педагогикалық заңдар негізінде жұмыс істей алады.
Мұғалімдік қызмет әсіи келе жатқан ұрпақтың тағдырына жауапты.
Мұғалім - бұл байырғы мамандықтардың бірі. Қоғамдық тәжірибені жас ұрпаққа беру; және оларды өмірге, еңбек етуге даярлау қажеттілігі оқу мен тәрбиені өз алдына дербес қоғамдық қызметке айналдырады. Ежелгі Шығыс елдерінде мұғалім негізінен абыздардан болатын. Орта ғасырда мектеп шіркеу қарауында болған кезде мұғалім міндетін дін қызметшілері атқарған. Мектеп ісінін дамуына байланысты мұғалімдік кәсіптік кең тарап, түрлі типті училищелер мен мектептерде штатты қызметке айналды. Осылайша мұғалімдік өз алдына мамандық болып танылды. Мұғалімнің міндеті мен қызметі оның қоғамдық өмірдегі рөлі мен орны қоғамның әрбір даму кезеңінде өзгеріп отырады. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Молдағұлова Әлия Нұрмұхамедқызы

Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) (1924 — 1944) — 54-ші жеке атқыштар бригадасының снайпері, ефрейтор, Кеңес Одағының батыры.
1924 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында дүниеге келген. Ата-анасы қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Ленинградтағы № 9 орта мектепте оқыды.
Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген (1941).
1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943). 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. ....
Рефераттар
Толық

Физиология | Нейронның құрылысы қызметі

Орталық жүйке жүйесі дегеніміз – адам мен омыртқалы жануарлар жүйке жүйесінің жұлын мен мидан құралған бөлімі. Ол жеке торшалардың, ұлпалардың, мүшелердің қызметін реттеп, оларды өзара үйлестіріп, организмнің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесі ішкі және сыртқы әсерлерді қабылдап, оған жауап беру арқылы организмді қоршаған ортаның құбылмалы жағдайларына бейімдейді, жеке мүшелермен бүкіл организмнің күрделі әрекетін басқарып, түрлі физиологиялық процестердің үйлесімді жүруін қамтамасыз етеді.
Нейрон деп жүйке торшасы мен оның өсінділерінің жиынтығын айтады. Ол жүйке жүйесінің құрылымдық және функцианалдық негізі болып табылады. Нейрон құрамында төрт құрылым болады. Торша тұлғасы- денесі, қысқа өсінділер- дендриттер, ұзын өсінді- нейрит немесе аксон және ұшы немесе терминалдар. ....
Рефераттар
Толық