Ұл балама, қыз балама, ұлыма, қызыма туған күнге тілектер 1, 2, 3 жасқа толған
Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын,
өзендей өмір болсын сарқылмайтын.
Аспаның айлы түндей ашық болсын,
Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын.
Айта берсек тілек көп таусылмайтын,
Жаза берсек, қалам көп майыспайтын.
Жүректегі тілекті өлеңменен
Жеткіземін мен саған шын көңілмен!!!
Ұлыма, қызыма арналған туған күнге қысқа тілектер
Өмір – теңіз, жүзе біл, махаббат келсе күте біл.
Өмір – асқар асулар, тек сүрінбей өте біл.
Өмірде үш бақыт құсы бар: Көгершін, Қарлығаш, Аққу.
Көгершіннің мейірімділігін, Қарлығаштың қайырымдылығын,
Аққудың ақ махаббатын тілеймін.
Қуаныш пен шаттық, махаббат пен әсемдік, жеміс пен жеңіс тілеймін.
Еңбек жолыңа шалқар шабыт, тартулы табыстар тілеймін.
Бастарыңыздан бақ, дастархандарыңыздан береке кетпесін!
Шаңырағыңыздан шаттық, босағаңыздан қызық-қуаныш кетпесін!
Жүзің нұрлы болсын,
Жүрегің сырлы болсын,
Тілің жырлы болсын.
Пайдалы сілтемелер:
Шаттыққа толы күндер,
Думанға толы кештер,
Ыстық құшаққа толы түндер тілеймін.
Арманың биік болсын,
Қиялың жүйрік болсын.
Ұлыма
Қалаған өмірді қүлыншағыма силадым.
Өмір жасың ұзақ болсын деп,
Өмірімнің жарығы сың деп,
Өмір саған силадым.
Қуантып әрбір қадамың мен,
Ризамын саған үлым.
Қалған өмірді аманатқып,
Қалдырдым саған.
Тамырың кеңге жәйылсын деп,
Кәріліктің таяғын ұстаттым балам.
Өмірімнің мәнісың.
Сендей үлдың анасы болған, әкеңе рақмет.
Елдің түлғасы боларсың,
Менің мақтанышым.
Сендей үлдың барына,
Аллаға ракмет!
Қыстай қатты денсаулық,
көктемдей көңілді өмір,
жаздай ыстық махаббат,
күздей мол табыс тілеймін.
Арманың алдамасын,
Өмірің өкіндірмесін.
Махаббатың мұңайтпасын.
Өмір атты ұзақ жолдың аяғы талмас жолаушысы бол!
Өмір қуанышын сыйлаған ата-анаң мен жанашыр бауырларыңның көз қуанышы, сүйіктіңнің аяулысы, достарыңның қалаулысы бол!
Арайлап атқан әрбір таң мен нұрлана батқан әрбір кеш бақыт сыйласын!
Көктем гүліндей сұлулық,
Атар таңның шапағатын,
Қос аққудың махаббатын,
Аспандарың ашық болсын,
Әрбір басқан қадамың сәтті болсын!!!
Дархан пейілің болсын.
Қайсар жігерің,
Бауырмал мінезің болсын!
Мәңгі бақи ажырамас шын ғашықтың білегін тілеймін.
жүзің күндей күлімдеп,
жүрегің жаздай жайнап,
көңілің көктемдей жадырасын.
Қажетті сілтемелер:
- 1 жасқа тілек
- 2 жасқа тілек
- 3 жасқа тілек
- 4 жасқа тілек
- 5 жасқа тілек
- 6 жасқа тілек
- 7 жасқа тілек
- 8 жасқа тілек
- 9 жасқа тілек
- 10 жасқа тілек
бақыттың баяндысын,
жолдардың сәттісін,
махаббаттың тәттісін тілеймін
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.
Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,
Алды бол қатарыңның бұл өмірде.
Себездеп алтын ара жан-жағыңнан,
Ту тіккен алаулаған арманыңнан.
Кеудеңде махаббаттың шоғы маздап,
Биіктен биіктерге самға, қыран.
Ізгі боп лебізіңді сағынатын,
Жігіт бол дос, дұшпаның табынатын.
Айналсын ар туына адалдығын,
Адам боп ұялатқан жанына күн.
Жүр асқақ күншілдердің басып мысын,
Жүректің түпкірінен жаһұт ұсын.
Таба біл тіршілікте керегіңді,
Басыңнан арылмасын бақыт құсың!
Қыранымсың көкке құлаш сермеген.
Өмір жасың ұзақ болсын, құлыным,
Қырсығынан сақта, құдай, көлденең.
Алды бол сол бір жарыстың.
Мәреден сені көрейін,
Туын тік, балам, намыстың.
Жақсыға көңіл марқайған,
Жұлдызға қолың соз, балам.
Суырыла озғын ортаңнан,
Сөнбес отың маздаған.
Көгере берсін көсегең,
Жабысқын арман жалына.
Құлының жақсы десе мен,
Биіктей түсем тағы да.
Үмітім сенсің ертеңгі,
Сенімнің жықпа жалауын.
Өмірдің өзі өлшеулі,
Байқап біл бәрін, қарағым.
Марқайсын ата-анаң да,
Мақтансын жолдас-жораң да.
Пайдаңды тигіз адамға,
Пайдаңды тигіз қоғамға.
Көктегі жасын тәрізді,
Жарқ ете білгін, ұқтың ба?
Тәлкекке салып әлсізді,
Бас иген өмір мықты ұлға.
Дос пейілін қабағынан танығын.
Ата-анасын сыйламаған – ақымақ,
Ешкімге де жасай алмай қайырым.
Ар аттама,
Иманыңды кірлетпе,
Жексұрын боп жеті атаңды тілдетпе.
Ары таза, арманы асқақ азамат,
Бөленеді қошемет пен құрметке.
Ұқ, мәнін,
Ақиқаттың ақ жолын шықпағанын.
Аруақтарды шығармасаң жадыңнан,
Онда, қалқам, кісілікті ұнатқаның.
Еске түсіп істеген барлық қылық
Ұлым-ау әкең ойлап жүр сағынып
Түске кірсең шын көргендей қуанамын
Құлыныма менсіз үйде кім жүр тиісіп.
Қарап көріңіз:
- 1 жасқа арналған тілектер
- 2 жасқа тілектер қызға, балаға
- 3 жасқа құттықтау тілектер
- Туған күнге тілектер
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ұлыма тілек туған күніне, 1 жас, 2 жас, 3, 5, 4, 6, 7, қызыма тілек туған күнге, кызыма тилек туган кун, казакша тилек туган кунге кызыма, улыма тилек туган кунге