Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: 9.1А ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан Сабақтың тақырыбы: Халел Досмұхамедовтың халқы үшін жасаған қызметі нені көздеді? Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: Тарихи кезендердің ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады; Бір немесе бірнеше деректерге сүйене отырып, өзінің ой-пікірін білдіреді. Сабақтың мақсаты: Атырау өңірінен шыққан қоғам қайраткері, ұлт зиялысы, алаш азаматы, дарынды ғалым, тұңғыш дәрігер маманы, өлкетанушы Халел Досмұхамедовты танып білу....
Мен қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметовамен жерлес болғанымды, бөкейлік болғанымды мақтан етемін. Мәншүк (Мәнсия) Жеңсікәліқызы Мәметова-қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры. Екінші дүниежүзілік соғыста осы жоғарғы атаққа ие болған шығыстан шыққан екі қыздың бірі. Алғашқы қазақ зиялыларының бірі А.Мәметовтың отбасында тәрбиеленген. Алматы медициналық институтында оқып жүріп, Кеңес армиясы қатарына өз өтініші бойынша алынған. Мәншүктің майданға өз еркімен аттануының бір себебі- халық жауы ретінде әкесін босату еді. Соғысқа өз еркімен келгенін, енді әкесін босатуын талап етіп И.Сталинге үш рет хат жазады. Алайда, Мәншүк бұл уақытта әкесінің атылып кеткендігін білген жоқ еді. 1942 жылы тамыз айында өзінің табандылығының арқасында Алматыда құрылған 100- атқыштар бригадасының құрамында майданға келген Мәншүк әуелі штабтағы хатшылық қызметте жұмыс істейді. Ұрыс алаңына бір-ақ түсем деп ойлаған Мәншүк бұл жұмысқа қанағаттанбай, штаб бастығынан атқыштар бөлімшесіне ауыстыруын өтінеді. Оған рұқсат етілмеген соң 1943 жылы ақпан-шілде айларында табиғатында зерек қыз «максимді» меңгеріп алады. 1943 жылы қазан айында азат етілген ежелгі орыс қаласы Невельді қайтарып алуға тырысқан жау әскері қайта шабуылға шығады. Невель үшін кескілесе жүріп жатқан ұрысқа Мәншүк бригадасы да кіреді. 15 қазан күні олар алдымен Мәскеу-Ленинград темір жолы бойындағы Изочи станциясын басып алады. Алайда екі-үш есе күшті қаруланған жау біраз жауынгерлерді жойып жібереді......
Отан басына қауіп төнген қаһарлы соғыс жылдары елін-жерін қорғауға аттанып, мұз жастанып, қар кешкен ерлермен қатар сапқа тұрған қазақтың қайсар қызы азғантай әскери қызметінің өзінде бүкіл халқымыздың қанына тән қасиет танытып, ержүректілігімен, қайсарлығымен, алған бетінен қайтпас табандылығымен келешек ұрпаққа өнеге болатындай із қалдырды. Ол - Кеңес Одағының Батыры. Көрінген ер шыдас бере алмайтын сұрапылда қан майданның қақ ортасында жүріп, таңдай қақтырар ерлік көрсеткен қыз. Жарты әлемге ықпалын жүргізіп келген Кеңес Одағының барлық ұлттарының бірнеше ұрпағына қайсарлықтың, жігерліліктің, отансүйгіштіктің өнегесі ретінде ұсынылып келген балғын қаһарман. Көшелерге, мектептерге, шаруашылық пен кәсіпорындарға, тіпті кемеге де есімі берілген, ерлігі туралы әндер, дастандар, кітаптар, мақалалар жазылған, сахналық қойылымдар қойылып, келбеті көптеген мүсіндірге, көркем суреттерге айналған адам. Жанкешті ерлігінен соң қазақтың аяулысына, аруақтысына айналып, есімін мыңдаған сәбилерге сыйлаған, өзінің тірі ескерткіштерін есепсіз көбейтіп кеткен қазақ қызы. Фәни дүниеде он тоғыз жасқа тола алмай кеткен бойжеткен үшін осының бәрі осал даңқ еместі. Қазақ халқының мақтанышы, қазақ жерінің топырағында туған батыр қыз Әлияның туған жерінде, туған елінде оған арнап жылына бір кітап жазылса да аздық етпесі анық. Ақтөбенің топырағында дүниеге келген, сол ел-жұртын ерлігімен тәнті етіп, қызғалдақтай қысқа ғұмыр кешкен аяулы, ару қызымыз Әлия туралы бір толғанып, ол туралы Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында шығармама арқау еткім келді. Батыр қыз Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ ауылында 1925 жылы маусымның 15-де дүниеге келеді. Бұл- патшалы Ресейдің отары болып, езгіні көріп отырған, рухы қамаулы қазақтар еліне ақ пен қызыл болып жағаласқан дүрбелеңнің салып кеткен ойраны енді ғана бәсеңдеп, жұрт қосүрей күйде отырған кез еді. Әкесі Нұрмұханбет жаны сергек, қажырлы ер мінезді, намысшыл жігіт болса керек. Анасы Маржан Молдағұлова - мінезі өткір, аққұба, көзі аялы, ажарлы адам болған. Әлия анасына тартқан көрінеді. Тағдыр Әлияны әуелі анасынан айырады......
Қаһармандығы тарихта белгілі болғанымен, дүйім жұртқа көп таныс емес қазақтың батыр қыздарының бірі Хиуаз Қайырқызы Доспанова. Ол 1922 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия, Мәншүк, Хиуаз... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі. Хиуаз Астрахандағы балық кәсіпшілігімен айналысқан жұмысшы отбасынан шыққан. Ол кісінің кезінде Мәншүк Мәметовамен бір көшеде тұрып, көрші болғанының өзі өмірінің естен кетпес бір сәті іспеттес. Есімдері тарихта мәңгі қалатын бір көшенің батыр қыздарының мінездерінде де ұқсастық бар. Алғырлық, қайсарлық, адалдық. Екеуіне ортақ қасиет. Мектеп қабырғасын үздік бағамен тәмамдаған талдырмаш жас қыз ұшқыш болуды армандайды. Сонымен алған бетінен қайтпайтын пысық қыз 1940 жылы мектепті үздік бітіргенде запастағы ұшқыш деген куәлік те алып шығады. Сөйтіп Мәскеуге жол тартып, Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына түспек болады. Бірақ ол «жастарға қайда барса жол ашық» деген ұран жұрттың бәріне бірдей емес екенін болжай алмапты. Қазақ даласынан келген қара торы қызға мұндай оқу орнының есігі жабық екен. Сонда, тұңғыш рет маңдайы тасқа тиген жас қатты налиды. Бірақ налыса да жасымаған Хиуаз Мәскеудің 1-ші медициналық институтына оқуға түседі. Бұл жерде де алғыр қыз құрбыларының алды болып жүреді. Сабақты жақсы оқуымен қатар ол спорттық гимнастикамен де айналысып, әрі қоғам жұмысының белсендісі болады. Сөйтіп жүргенде бір жыл өте шығып, жазғы сессия күндері басталады. Каникулға енді-енді шығайын деп тұрған күндерінің бірінде соғыс өрті бұрқ ете қалады... Бойында патриоттық сезім шалқыған қыз өзге құрбылары секілді демалыста үйіне кетпей Мәскеу қорғанысына қатысу жұмыстарына қалады. Олар әуелі «Метрострой» жүйесінің қарамағында болса, еріктілерді артынан Мемлекеттік қорғаныс комитеті өз қолына алады........
Пән: География Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экономикалық география Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары №2 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.5.3.1 өндіруші және өңдеуші, қызмет саласы шаруашылық түрлерін жіктейді Сабақтың мақсаты: Шаруашылықтың түрлерін жіктеп, талдау жасау.....
Пән: География Бөлім: Экономикалық география Сабақ тақырыбы: Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары №1 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.5.3.1 өндіруші және өңдеуші, қызмет саласы шаруашылық түрлерін жіктейді Сабақ мақсаттары: Шаруашылықтың түрлерін білу Өндіруші салаларды анықтай алу Өңдеуші салаларды анықтай алу Қызмет көрсету салаларын анықтай алу.....
Пән: География Бөлім: Экономикалық география Сабақ тақырыбы: Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын орналастыру факторлары №2 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.5.3.3 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ауыл шаруашылық және өнеркәсіп өндірісін, қызмет саласын орналастыру факторларын талдайды Сабақ мақсаттары: Өнеркәсіп орындарының орналастыру факторларын талдайды Ауылшаруашылық салаларын орналастыру факторларын талдайды Қазақстандық брендтердің ерекшелігін сипаттайды......