Ауылшаруашылық өнеркәсіп және қызмет салаларын орналастыру факторлары №2 (8 сынып, IV тоқсан)

 Ауылшаруашылық өнеркәсіп және қызмет салаларын орналастыру факторлары №2 (8 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Экономикалық география
Сабақ тақырыбы: Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын орналастыру факторлары №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.5.3.3 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ауыл шаруашылық және өнеркәсіп өндірісін, қызмет саласын орналастыру факторларын талдайды
Сабақ мақсаттары: Өнеркәсіп орындарының орналастыру факторларын талдайды
Ауылшаруашылық салаларын орналастыру факторларын талдайды
Қазақстандық брендтердің ерекшелігін сипаттайды.
Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу,түгендеу,
«Екі термин, бір сөйлем» ойыны арқылы психологиялық ахуал жүргіземін.
Өткен сабақты еске түсіру үшін әр оқушы 2 термин және соган байланысты бір сөйлем айтады
мұғалім жаңа сабақты түсіндірмес бұрын оқушылардың ойын сұрайды.
Өндірісті орналастыру үшін қандай факторға сүйену керек?
Оқушылар өз ойларын айтады. Мұғалім қорытындылайды және жаңа сабақтың мақсатымен таныстырады.
. Шикізатқа саласына: жылу - энергетика, еңбек, көлік, тұтынушы салалары, шикізаттық отын саласына: мұнай өңдеу , газ өндіру, мыс өндіру, қорғасын, мырыш, машина жасау салалары; жылу энергетикалық отын саласына: көмір өндіру, су электр станциялары, сода салалары әсер етеді. Еңбек саласына: автомобиль шығару, аспап жасау, көліктік салаға: газ өндіру, машина жасау, кіші металлургия, Тұтынушы саласына: мұнай өңдеу, кіші металлургия ауыл шаруашылығы, мақта – мата салалары маңызды рөл атқарады. Өнеркәсіпті орналастыру факторлары:
1.Шикізат 2.Отын-энергетикалық 3.су 4.жұмыс күші 5.тұтынушы
6.көлік 7.ғылыми-экологиялық.
Мысалы: Павлодар алюминий зауыты. .Шикізат –боксит (Амангелді кен орны)
.Отын-энергетикалық (Екібастұз көмірін) .су ( Ертіс)
Кластер- бұл кешенді салалар мен кәсіпорындар, мекемелер және олардың әрекетін үйлестіру негізінде бәсекелестікке қабілетті өндірісті жасау тәсілі.
Оңтүстік Қазақстанның мақта- тоқыма кластері
Тапсырма 1 топтық жұмыс
Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті ұйымдастыруға әсер ететін факторларды «топтастыру» стратегиясы бойынша талдайды.
Бағалау : «станция» стратегиясы бойынша топтар бір –біріне барып тыңдайды, сол жерде бағалап кетеді.
Бағалау критерийлері:
Орналастыру факторларын талдайды
Тапсырма2 жұптық жұмыс
Оқушылар өнеркәсіптің орналасуына әсер тигізетін факторларды атласты пайдалана отырып, мысалдар келтіреді. Кескін картада таңдау бойынша шаруашылықтың бір саласының орналасуын көрсететін өндірістік сызба жасайды.
- Шикізат базасы (жергілікті, тасымал);
- Энергия көзі;
- Су көзі;
- Еңбек күші;
- Транзиттік торап.
Әр жұпқа әртүрлі өнеркәсіпті бөліп беруге болады. Мысал ретінде Қарағанды металлургиялық зауытын картада белгілеп оған әсер тигізетін факторларды картаға көрсетуге болады.(Негізі дүниежүзін қарастырады, өндірістік сызба бірдей болғандықтан үлгі ретінде 9 сн атласындағы және оқулығындағы сызбаларды пайдаланса болады) Шикізат базасы: Қаражал кен орны, Еңбек күші: Қарағанды қаласы т.б.
Бағалау критерийі:
Өнеркәсіп орындарының орналастыру факторларын талдайды
Тапсырма 3 топтық жұмыс.
Ауылшаруашылық салаларын орналастыруға әсер ететін факторларды талдайды
Солтүстік Қазақстанда егін шаруашылығының орналасуына әсер тигізетін факторлар: жазық жер бедері, ірі өзен артериялары.
Бағалау критерийі:
Ауылшаруашылық салаларын орналастыру факторларын талдайды
Тапсырма 4 топтық жұмыс.
Бренд тауарлар деген не? Деген сұрақтар бере отырып, оқушылардың өз ойларын білеміз.
Оқушылар бренд тауарлар туралы ойларымен бөліседі және оны шығаратын елдер туралы ақпараттарымен бөліседі.
Оқушылар қосымша ақпарат көзі арқылы бренд тауарлардың тізімін құрады және шығарушы елдер туралы кесте жасайды.
Кесте бойынша тауарларды жіктеп шаруашылық орталықтарын анықтайды.
Бренд өнімдердің каталогын құрастырады.
Ұсынылатын тақырыптар:
- «Техникалық бұйымдар»;
- «Тағамдық өнімдер»;
- «Парфюмдер»;
- «Киімдер»;
- «Жуғыш заттар», т.б
Бағалау критерийі:
Қазақстандық брендтердің ерекшелігін сипаттайды....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру