Нан қосып жеп алдым! - Менің жігітім маған кеше көп балмұздақ әперді ғой. - Қанша әперді, соншама? - 25. - Мәссаған, тамағың ауырып қалған шығар... - Саған ше? - Біреу. - Ой сен не бір балмұздаққа тойдың ба? - Иә, мен нан қосып жеп алдым!
Баласы отбасын құрмақ болып, әкесіне өмірлік жарын таныстырады: - Әке, міне, келініңіз! Біз бір-бірімізді жақсы көреміз. Сондықтан үйленетін болып шештік. Әкесі: - Балам, бұл қызға үйленбе! Ол - сенің қарындасың болады. - Қалай қарындасым? - Түсінесің бе.... жас кезімде қыздарға көп барып едім. Оны естіген баласы әлгі қыздан бас тартып, біраз уақыттан кейін екінші қызды таныстыруға әкеледі. Сонда әкесі: - Балам, бұған да үйлене көрме! Ол да - сенің қарындасың, - депті. Әкесінен көңілі қалған баласы анасына барып, болған оқиғаны айтып береді. Сөйтсе, анасы: - Үйлене бер, балам! Ол сенің әкең емес, - деген екен.
Ілияс Жансүгіров - қазақ ақыны, қазақ әдебиетінің классигі. Қазақстан Жазушылар одағының бірінші төрағасы. Ресей Коммунистік партиясының (большевиктер) мүшесі, коммунист.