file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Қызының анасына құттықтау тілегі


Шаттық күлкі жүзде ойнап тұрған күн
Қуандың да, сол шаттықпен нұрландың.
Мама, өйткені бүгінгі күн сен үшін
Ақ тілектер тасқындайтын туған күн.

Шын көңілмен сол тілекті қостадың,
Боп тұрсыншы әр кез ашық аспаның!
Құттықтайды сені барлық жақының,
Құттықтайды сені бүгін достарың.

Мағынасы болып таң мен кешіңнің
Бізді аялап мәпеледің, өсірдің.
Ер жеткенбіз саясында алаңсыз
АНА деген құдіретті есімнің.

Ыстықсың сен бізге де, елге - қауымға,
Сен екенсің байлығым да, барым да!
Самайыңда бар ғой менің "үлесім",
Өтінемін, мама, ешқашан ауырма.

Тіл жетпейтін біздерге асыл, бағаң дүр,
Бар көңілің балаң үшін алаң бір.
Шамшырағым болдың мына тірлікте,
Қуанышқа жанды бөлеп аман жүр.

Өтеуіндей алаң көңіл жылдардың,
Жанарыңда бүгін шаттық тұнған күн.
Қуанатын ұл мен қызың сен үшін,
Мама, саған құтты болсын туған күн!

Өзіңменен перзентіңнің бағы бар,
Келер күндер үміт болып жағылар.
Қуанышты, толқынысты сәтіңде
Қызыңның да ақ тілегін қабыл ал!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу