Әбдіжәміл Нұрпейісов | Қан мен тер қалай жазылды
Шығарма жазылып бітті.... Кітап боп басылып шыққалы да әлдеқашан. Енді, міне, қайта-қайта басылып та жатыр. Шамасы, сірә ұзақ жылдар көз майыңды тауысқан осы кітапты алғаш рет жазсам деген ойдың басыңа қашан, қалай келгені хақында және қалай жазылғаны хақында ой толғайтын уақыт та жеткен сияқты. Шынын айтқанда, осы сауалдың бұдан бұрын да бір рет алдымды тосқаны бар. Бұнан бұрын да дәл осы сауалға жауап бергем. Ол, ұмытпасам, 1970 жылдың көктем айы еді. Алматыға белгілі сыншы Леонид Теракопян келді. Совет романдарының сериясында шыққалы әзірленіп жатқан «Қан мен тер» трилогиясының алғашқы екі кітабы — «Ымырт» пен «Сергелдеңге» алғы сөз жазбақ боп, арнайы келген сапары еді.
Қонақтың қалауы бойынша біз көбіне сыртқа шығып, кісі-қара аз, тыныш көшелермен көктем шуағын бетке ұстай жүріп әңгіме шерттік. Байқауымша, мына жігіт бұрын біздің жақта болмаған. Жолға шығарда қыс ызғары әлі де қайта қоймаған Москва маңының ауа райына қарап киінгені байқалады. Ал, біздің жаққа биыл көктем ерте кірген-ді. Қыс ызғары қала түгіл көшеге шықсаң-ақ көз алдыңа көлбеп тұрып алатын сонау тұла бойы түп-түгел қардан арылып, кіреуке мұнар арасында көкшіл жотасы көк тіреп жататын заңғар таудың өзінен де сезіле қоймайды. Оның үстіне биыл қыс ызғары бір лезде сынып, қардан арылған қаражон дала қала іргесінде бусанып, ертелі-кеш көңіл ашар қоңыр жел тау қойнауынан есті де тұрды. Әлден бүр жара бастаған терек бұтақтарында үйме-жүйме боп отырған торғайлар да ерекше сайрауық. Қонақ үстіндегі қыс пальтосын ауырлап, қос өңірін бағана біз кездескенде-ақ серпіп ашып тастаған-ды. .....

Әңгімелер