Сыр сұлуы - Қызылордам
Қызылорда қаласы
№138 Абай атындағы орта мектебінің
10 сынып оқушысы: Әсел МӘДЕЛІ
Жетекшісі: Гүлнұр АҚБЕРГЕНОВА,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Туған өлке туралы айтылғанда кең байтақ Қазақстан, оның ішінде әсем де көркем, ақынға жыр, халқына сыр болған Қызылорда өңірін мақтанышпен ойға аламын. Қарт Қаратаудың иегі мен Қызылқұмның жиегін жағалай аққан Сыр-ана сонау Аралға жетіп тыныс табады. Сыр өңірі тоғыз жолдың торабын түйістірген, жаугершілікте халқына қорған болған қасиетті өлке.
Тарихи деректерге сүйенсек, ХІХ ғасырдың бас кезінде қазақтың қазыналы бай өлкесіне қызыққан Қоқан хандығы жерін кеңейтуді көздеп, Сыр өзені бойының жағалауларына бекініс салады. Солардың ішіндегі ең бірігі Ақмешіт болды. Сөйтіп, 1853 жылы Петербургте шыққан Указ бойынша Ақмешіт қамалы Перовск порты деп аталды. 1868 жылы Перовск порты Перовск қаласы деп аталады да, ол Сырдария уезінің орталығына айналады. 1922 жылы Перовск қаласына Ақмешіт атауы беріледі де, 1925 жылы Ақмешіт қаласы Республика астанысы атанып, аты Қызылорда болып өзгереді.
Сыр топырағы –табиғи және қазба байлықтардың қалың ордасы. «Қара алтын» аталып отырған мұнай көздерінің көптеп табылуы, яғни «Құмкөл» мұнай кеніші, Арал төңірегіндегі мұнай көздері, Шиелідегі уран кеніші, Шалқиядағы түсті металдар кеніші, «Қаратаудың» «Қарамұрын» аймағындағы алтын қоры сөзіміздің айқын дәлелі.
Сыр өлкесінің халқы «Сыр күріші – ел ырысы» деп ақ күрішті орынды атайды. Мұнда жыл сайын сан мыңдаған тонна күріш өндіріліп, ел ырысына айналуда. Ақ күріштің атасы, атақты диқан, екі мәрте Еңбек Ері Ыбырай Жақаев күріш өсіру туралы үлкен мұра қалдырған абзал адам. Мен тұратын Абай ауылында да күріш өсірумен айналысатын бірнеше жеке шаруашылықтар бар.
Ең бастысы бұл аймақта қазақ халқының салт-санасы, әдет-ғұрпы, дәстүрлері берік сақталған.
Ел мақтанына айналған Сыр өңірі туралы қаншама әндер жазылған десеңші! Мысалы Тәңірберген Қалауовтың «Қызылорда вальсі», Мұрат Сыздықовтың «Сыр гүлі», Бейбіт Ахметованың «Сүйем сені, Сыр елім», Лена Әбдіхалықованың «Сыр елім», Рамазан таймановтың «Қызылорда- туған жерім» әндері Қызылорданың әсем бейнесын айшықтайтын сыршыл да әуезді әуендер.
Жылдан жылға облысымыз бен оның орталығы Қызылорданың әлеуметтік-экономикалық деңгейі көтеріліп келеді. Бір кездері үймелеген қоржын тамдардың орнына қазір сәулетті соңғы үлгідегі құрылыстар ірге көтеріп көлік қатынасының күре тамыры кеңейе түсті. Тұрғындардың демалуына жағдай жасайтын бірнеше ойын-сауық кешендері, жасыл желекті жағажай тағы бар. Сырдария өзенінің оң жағалауын абаттандыру көп жылдан бері айтылып келеді. Ендігі кезекте сол аумақты абаттандыруға мән берілмекші. Оның аумағы қазіргі заманға сай абаттандырылады. Жаяу жүргіншілер мен велосипед тебуге арналған жолдар қарастырылады. Өзге де халыққа қажетті орындар бой түзейді. Бұл жұмыстың бәрі біз үшін, қызылордалықтардың игілігі үшін жасалып келеді.
Ата-бабаларымыздың қасық қанымен жасалған тарихты таразылап, ұрпаққа мұра етіп қалдыру, зердесіне құю, санасына сіңіру, туған ел мен жерге деген сүйіспеншілік сезімін ояту – біздің буынның азаматтық борышы.
Мен осы өлкеде дүниеге келгенімді мақтан етемі. Экологиялық табиғаттың құрсауында тұрса да сұлуланып, нұрланып келеді. Сыр сұлуы- Қызылрданың шежіресі жалғаса береді.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Сыр сұлуы - Қызылордам туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Сыр сұлуы - Қызылордам на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар Сыр сұлуы - Қызылордам жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Сыр сұлуы - Қызылордам