Құрметті сайт оқырмандары! Бүгінгі мақалада сіздерге арнап қазақ қыздарының суреттерін жинақтап жариялап отырмыз. Ішінде қазақ қыздары ұлттық киімде, жылқымен, домбырамен, гүлдер арасында түскен суреттер жарияланды. Осы керемет суреттерді тамашалауды ұсынамыз! Астына ой пікірлеріңізді жазуды ұмытпаңыз!
Бүгінгі күнгі қазақ қыздарының бейнесі қандай? Көпке топырақ шашқаным жарамас, әйтсе де қазақ қыздарының арақтың түбіндегі арбаушы жынға еріп, тарсылдаққа бұрала билеп, қалталы өзге ұлт өкілдерінің құшағында кетіп бара жатқанын көргенде, ашуға булығып, еріксіз көзіме жас үйіріледі.....
Жасырмай айтар болсам жан сырымды , Тағдырым қарауылға қанша ілінді. Ерліктің қос қанаты деп білем мен, Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.
Елдің ерлігін тану үшін қашанда оның әрі тұлғаларымен ,айқындала түсетінін биіктерден барып білесің.Тарих көшінде миллиондардың атын шығаратын бірегей бір туар тұлғалардың да қажеттігі осыдан шығар.Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлова, М.Мәметова , Х.Доспанова ерліктерін көрінген ер шыдай бере алмайтын сұрапылда қан майданның қақ ортасында жүріп ерлік көрсеткен қазағымның қаһарман қыздары.Жарты әлемге ықпалын жүргізіп келген Кеңес Одағының барлық ұлтын жас ұрпағына қайсарлықтын,жігерліктің ,отансүйгіштіктің өнегесі ретінде ұсынылып келген қаһарман.Жангешті ерлігінен соң қазақтың аяулысына,аруақтысына айналып,есімін мыңдаған сәбилерге сыйлаған өзінің тірі ескерткіштерін көбейтіп кеткен қазақ қызы. Кешегі қызыл империяның ресми идиологиясы Әлияның құның әрине,кеміткен жоқ.Керісінше оның ісін өзін аяулы тағдырын ұрпақ тәрбиесіне «ұрпақ болғанда комсомолдармен пионерлер » тәрбиесіне мейілінше пайдаланды.Әлия – аты аңызға,ісі эпосқа айналған аруақты ерлердің,текті қыздардың кіндігін кескен жердің перзенті......